Пайдаланылған әдебиеттер:
В. Д. Балин. О структуре индивидуального сознания
Братченко С.Л., Миронова М.Р. Личностный рост и его критерии. Психологические проблемы самореализации личности. СПб., 1997
Фрейджер Р., Фэйдимен Д. Теории личности и личностный рост
Дина Михайловна Рамендик. Личность иличностный рост
Сандомирский Марк. Психокоррекция и личностный рост: телесно-интегративный подход
Н.И. Козлов. Тренинги и личностный рост
Тренинги личностного роста, статья
История начала и развития трансформационных тренингов личностного роста в мире и в России
Энциклопедия практической психологии «Психологос»
Электронная энциклопедия «Википедия» .
9 дәріс. Тұлғалық өсудің психологиялық талдануы және оны эксперименталдық зерттеу.
Р. Ассаджиолидің психосинтез концепциясы
Психосинтез концепциясын итальяндық психиатр Р.Ассаджиоли жасап шығарған және ол қолданбалы болып табылады. Ол басқа мектептердің (бейсаналық, гуманисттік және трансперсоналды психология) методологиясына сүйене отырып жасалған болатын.
Бұл жүйе адам әрдайым өсу үстінде, өзінің байқалмайтын потенциалдарын актуализациялау үстінде болады деген болжамға сүйенеді. Ассаджиоли бойынша тұлға құрылымы күрделі және жеті динамикалық құрамалардан тұрады.
Төменгі бейсаналық негізгі психологиялық белсенділікті, ең қарапайым примитивті инстинктивті қажеттіліктер мен эмоционалды кешендерді басқарады. Орта бейсаналық тәжірибені санаға жеткенше ассимиляциялайды, жалпы сипаттамасы бойынша З.Фрейдтің бейсаналығына сәйкес келеді. Сана үсті сферасы – жоғарғы сезімдер мен қабілеттердің орналасқан жері. Мысалы, интуиция және шабыт сияқты. Сана өрісіне талданатын сезімдер, ойлар, итермелеуіш күштер кіреді. Анық саналатын нүктесі ретінде саналы өзінділік сезімін айтуға болады, ал жоғарғы өзінділік – бұл санадан, ақылдан және денеден тыс болатын индивидуалдылық аспектісі. Бұл элементтердің барлығы ұжымдық бейсаналыққа кіреді.
Төменгі бейсаналық – басылып тасталған тілектер, комплекстер, инстинкты, баяғыда ұмытылған естеліктер.
Орта бейсаналық – бұл біздің барлық психологиялық нышандарымыз және күйлеріміз, олар ырықты түрде сана өрісіне ауыса алады.
Жоғарғы бейсаналық немесе жоғарғы сана – эволюциялық адамның келешегі, даму процессі барысында адамның қол жеткізе алатын барлық нәрселері; жоғарғы парапсихологиялық қабілеттіліктер, интуиция, шығармашылық шабыт, экстаз, руханилық махаббатқа, әділеттілікке, әдемілікке, жанашырлыққа, гормонияға құмарту.
Сана өрісі – саналы талдауға болатын түйсіктер, елестер, ойлар, сезімдер, қалаулардың үзілмейтін ағымы.
Саналы жеке Мен – сананың, тұлғаның орталығы, бірақ адам ұйыктағанда, наркоз қабылдағанда ол жоғалып кетеді.
Тұлға үстінде тұратын шынайы Мен (немесе Өзіндік) ойлар ағымынан және дене қалпынан жоғары тұратын, сонымен қатар олардың әсеріне түспейтін бөлігі. Жоғарғы Мен – адамилық дамудың мүмкіндіктерінің жиынтығы, жеке саналы Мен тек жоғарғының бөлшектерінің бейнесі, оның тұлға өрісіндегі проекциясы ғана болса, бұл жалпы индивидуалды процесстердің арасында байланыстырушы, Әлеммен бірегей бөлігі.
Ұжымдық бейсаналық (Юнг бойынша «ұжымдық бейсаналық – теңіз әр толқынның нышаны сияқты, әр индивидуалды психиканың нышандары»). Әр адамның басқа адаммен арасында әрдайым «психикалық ену» процессі жүріп жатады.
Ерік, оның көмегімен Мен өзінің психикалық функцияларын басқара алады.
Түйсік.
Эмоциялар-сезімдер.
Импульсер-қалаулар.
Елес.
Ойлау.
Интуиция.
Субтұлғалар (Жалпы тұлғалық кеңістікте болатын, тірі жандарға ұқсас психологиялық құрылымдар). Әр субтұлғаның өзіндік өмір стилін жүргізеді, өзіндік қозғаушы тілектер, мотивтер, ойлар, сезімдер, әрекеттер, әлем моделі бар.
Психосинтездегі маңызды элемент динамикалық, энергиялық мәнді кіші құрылымдар – субтұлғалар болып табылады, олар салыстырмалы түрде тауелсіз өмір сүреді.
Субтұлға – бұл адам санасында тұтас айырылатын формасына ие болатын ұстанымдар, жүріс-тұрыстық стереотиптер, құмартулар, пікірлер жиынтығы.
Олардың әрқайсысында энергиясы бар, яғни бұл тек мағыналық құрылым емес, сонымен қатар энергиялық құрылым. Оның өзіндік өмір стилі, өзіндік итермелеуші мотивтері, қалаулары, ойлары, сезімдері, жүріс-тұрыс формалары бар. Ең көп кездесетін субтұлғалар – олар өмірде ойнайтын рөлдермен байланысты, мысалы, әке, сүйікті, дәрігер, мұғалім немесе қызметкер. Әрқайсысы тұтас тұлға қалауының негізінде құралады, белгілі бір өмірлік маңызды ұмтылыстар мен адамның мақсаттарын көрсетеді.
Әр адамның бойында басқа адамдардан ерекшелеп тұратын субтұлғалардың кішкене жинағы бар.Оларды ерекшелеп, талдап және олардың барлығына «өзіндік есім» берсе болады. Олардың кейбіреулеріне Авантюрист, Есті, Қорғансыз жан, Білгір, Жалғыз жүрек, «Басқа адамдар не ойлайды», Сыншыл және т.б. есімдері келеді. Осы субтұлғалар ойнайтын ойынды, адамның ішкі дауысы егер оларды түйсінбегенде немесе өзінің ішіндегі конфликтілі жақтарды сабасына келтіру үшін ешнарсе жасамаса деструктивті бола бастайды. Субтұлғалар адамды басқара бастағанда оның кесірі тие бастайды.
Өзін-өзі бақылаудың бір мақсаты – өзіндік Мен-нің мәнін, орталығын түсініп, ол субтұлғалар арасындағы конфликтіні шеше алатындай қабілетке ие болатындай етіп оны күшейту. Ол оларды елемей немесе қумайтындығына көз жеткізіңіз. Өйткені олар біртұтас тұлғаны бейнелейді, әр субтұлға – бұл сіздің бір бөлшегіңіз және сізге маңызды функция атқарады.
Біз өмірді және өз-өзімізді қабылдаған кезде біз өзімізді белгілі бір субтұлғамен теңестіреміз. Олар өте көп және олар бір-бірінің орнын басып отыруы мүмкін. Солайша кінәлаушы оңайлықпен кінәліге немесе керісінше ауысып кетуі мүмкін. Калайша адам олардың дауыстарын түсінуді уйренеді, солайша ол шынымен өзін тани бастайды, өзінің Менінің құрылымын біле бастайды. «Өзіңді білмей және түсінбей, өзіңді басқара алмайсың», - деп Ассаджиоли ерекшелеп көрсетеді.
Шынайы, жоғарғы Менді түсіну үшін, психосинтездің терапевтикалық процессін жүзеге асыру керек. Оның төрт кезеңі бар:
Өзіңнің тұлғаңды терең тану;
Әр түрлі тұлғалық элементтерді басқара білуге жету;
Өзіңнің шынайы Меніңді түсіну, тұлғалықтан жоғарғы Менге көтерілу нәтижесінде біріктіруші орталықты табу немесе жасау;
Психосинтез, жаңа орталықтың айналасында тұлғаның қалыптасуы немесе қайта құрастырылуы.
Бірінші кезеңінде адам өзінің тұлғасын құрайтын құрамаларды, субтұлғаларды түсінеді. Оның ең мықтыларын түсінудің ең оңай жолы – 20 рет «Мен кіммін?» деген сұраққа жауап беру. Кейбіреулері түсінуге оңай болуы мүмкін, ал кейбіреулері – түсінілуі қиындау, төменгі бейсаналық маңайында орналасқан болуы мүмкін, кейбіреулері сана үстінде, ал көпшілігі – орта бейсаналықта орналасады.
Өзіңнің субтұлғаңды кінәлауға болмайды, ол Жалқау немесе Қорқақ болса да. Өйткені біз оның одан ары қарай жаман болуына мүмкіндік жасаймыз. Әр субтұлғаның адамның өмірінде керекті негізгі құнды қасиеттерін анықтау маңызды. Тіпті «қиындарда» да сау ядро, оның басты қасиеті бар. Мысалы, Жалқау субтұлғасы о бастан сақтау қасиеті, өз иесінің денсаулығы мен күшін сақтау деген жағымды қасиетке ие. Субтұлғаның осындай қасиетін анықтап, оны өз өміріңде интеграциялауға, басқа бөліктерімен біріктіруге болады.
Әр субтұлғаның жоюға болмайтын, тек өңдеуге ғана келетін энергиясы болады.
Келесі нәрселерді бөліп көрсетейік:
Адам тек өз тұлғасының әртүрлі жақстарын ғана танып қоймайды, сонымен қатар өзінің барлық бөліктерін бейсаналыққа ығыстырмай, мойындайды, қабылдайды.
Субтұлғалардың басқарып түарытн құзыреттілігінен құтылады, өзінің ішкі интеграциясының деңгейін көтереді, субтұлғалардың қарсы тұрушылықтарын шешеді;
Озінің шынайы Менін анықтауға біртіндеп жақындап, өзінің субтұлғасының ашылу мүмкіндігінің ең жоғаршы баспалдағына шығаруына болады.
Келесі қадам өзінділікке ие болып оны басқара алуға қол жеткізу болып табылады. Әртүрлі субтұлғаларды басқаруға жетудің тиімді әдісі болып дербестікке ие болу саналады. Олар келесі психологиялық принципке сүйенеді: «Біз өзімізді неге тәуелді етеміз, сол нәрсе бізді басқарады. Біз оларды басқара аламыз». Мысалы, адам «Мен шаршадым», «Мен ашулымын», «Менің көңіл-күйім жоқ» дегенде, ол өзін шаршауға, ашуға, көңілсіздікке тәуелді етеді. (Мен = шаршау, Мен = ашу) бұндай жағдайда ол өзінің негативті субтұлғасымен күресе алмайды.
Ал егерде өзіңізді көрсетілген субтұлғадан бөліп алатын болсаңыз, мысалы: «Мені көңілсіздік толқыны, шаршау немесе ашу жұтып қояйын деп жатыр», «Мені ашу басайын деп жатыр» десек, онда Мен ешқандай олардың ішке енуін бастан кешірмейді.
Адам мынаны түсіну керек: ол эмоция, ойлау, дене, сезім емес, ол таза сананың және таза еріктің орталығы және сондықтан эмоцияны, ойларды, денені және субтұлғаларды басқара алады.
Нақты психосинтез кезеңдеріне мыналар кіреді:
Адам қандай тұлға болғысы келетіндігін анықтау;
Барлық бойда бар энергияның барлығын қолдану, жетіспейтін қасиеттерді немесе тұлға жақтарын өзін-өзі сендіру арқылы және шақыру арқылы, дамымаған психикалық функцияларды жаттықтыру арқылы дамыту;
Субтұлғалар арасындағы байланысты және келісімді орнату, біртұтас тұлға болуға қол жеткізу;
Әртүрлі психикалыө функциялардың келісімі мен бір-біріне тәуелділігін, тұлғаның тұрақты құрылымын жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |