ТА-дің 4 – талдау түрі бар:
Құрылымдық – жеке тұлға талдауы.
Трансакция – адамдар әрекеті, бір-біріне не айтқандары туралы талдау.
Ойын – ашық трансакция талдауы.
Қойылым – жекелік, өмірлік қойылым талдауы. Мұнда еріксіз түрде адамдар ериді.
Құрылымдық талдау сұрақтарға жауап беретін әдіс. Мысалы: «Мен кім?», «неге мен дәл осылай жасаймын?», «Мен қалай бұл сапаларды игердім?». Бұл тұлғаның «мен» қалпын үйренуге негізделген сезімді, адам жүріс-тұрысын талдайтын әдіс. Мысалы: баласын қатты дауыспен ұрсып жатқан анасы, досы телефон соғып, досының даусын естігенде бет-әлпеті, дауыс ырғағы өзгере бастайды.
Берн «Мен» қалпын «тиянақты қабылдау типі» ретінде анықтайды.
Тұлға уайымы мида және жүйке клеткаларында жазылады. Оған қосымша: сәбилік даму, тәрбие, өткен оқиғаларына байланысты сезімдер.
Әр тұлға 3 қалыптан тұрады. Олар жүріс-тұрыстың ерекше көздері: мен – ата-ана, мен – бала, мен – ересек. Олар шынайы адамдарды көрсетеді.
«Мен» қалпы төмендегідей анықталады:
«Мен – ата-ана» - бағдарлар, жүріс-тұрысты көрсетеді, ата-анадан алған ескертпелер де, қамқоршы өзге адамдарға байланысты жүріс-тұрыстарда көрінеді. Іштей ескі ата-ананың нақыл сөзі ретінде көрінеді.
«Мен – ересек» тұлға жасына тәуелді емес. Ағымдық шынайылықты қабылдауға, объективті ақпаратты алуға бағдарланған.
«Мен – бала» табиғи бейнеде қалыптасатын барлық қозуларды иемденеді. Ертегі кездегі уайымдарды, өзіне, өзгеге деген реакцияларын жазба түрде алады. Ол ескі сәбилік кезеңнің жүріс-тұрысы ретінде көрінеді.
Егер бір адам келесі біреуді кулкімен, бас изеумен сөздік сәлеммен қарсы алса транзакционды талдау тілінде «контакт» деп аталады. Барлық трансакцияны бөлуге болады: қосымша, қиылушы және жасырын.
Егер үндесу күйіне сәйкес келсе трансакция «қосымша» болады. Коммуникация – адамдар бір-бірімен ашық қарым-қатынас жасағанда орындалады.
Қосымша трансакция:
Бірінші тип Екінші тип
Қиылысушы адам қатар бір-біріне қарап тұрады, кейін арқасымен бір-біріне бұрылады, әңгімелесуді жалғастырғысы келмейді. Стимулға күшпен реакция берілгенде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |