ТұЛҒалық Өсу психологиясы бойынша қЫСҚаша дәріс мазмұны 1 дәріс. Тұлғаның өсуі психологиясына жалпы сипаттама, басқа ғылымдардың арасындағы рөлі және орны



бет19/29
Дата09.05.2023
өлшемі92.61 Kb.
#473416
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29
Тұлғаның өсу психологиясы лекция

«Әрекеттік» автобиографиялық тип. Анализ қортындысы бойынша бұл тип 2 түрге бөлінді: табысты, жетістіктерін суреттейтін және табысты емес, тек сәтсіздіктерін суреттейтін. Бұл типтің қорытындысы тұлғаның өз іс-әрекетіне деген қарым-қатынасымен байланысты. Жалпы, креативтілік және тану шкалаларынан басқа барлық шкалалар бойынша табысты емес топқа қарағада, табысты топтың нәтижелері жоғары (p > 0,01). Негізгі шкалаларға сәйкес мәлімет шашырауы едәуір жоғары, яғни біз типологиялық ерекшеліктер туралы сөз қозғай алмаймыз. Құндылық бағдар шкаласы бойынша топқа байланысты емес жоғары да, ороташа да көрсеткіштер байқалды. Бұл автобиографиялық типке жататын адамдардың импровизацияға, іс-әрекеттің әр түрлі түрін ауыстыруға немесе бағалау,анықтау қарым-қатынастағы икемділігі туралы айту үшін олардың мінез-құлық икемділігі шкаласы айтарлықтай байқалған (70,6%). Сензитивтілік (58,5%) және спонтандылық (64,3%) шкалалары орташа көрсеткіште. Өзіндік сыйлау (62,5%) шкала көрсеткіші жоғары. Яғни бұл шкала бойынша табысты әрекетке деген тәуелділік байқалады. Түйіспе шкаласы бойынша жоғары көрсеткіштер орын алды (58,3%), бұл көрсеткіш бойынша адамдардың бір-біріне тәуелсіз қарым-қатынас орната алатыны көрінеді.Кенеттен тану қажеттілік шкаласының көрсеткіші біршама төмен болды (61,1%). Мәселені шешуде жаңа әдістерді іздеудің орнына тұлғаның әлдеқашан қол жеткізген нәтижелерге деген үйреншіктік бар екені анықталды. Осы типтің атқарған іс-әрекеттің табыстылығына тәуелді емес жалғыз көрсеткіш және басқа типтерге қарағанда көрсеткіштері жоғары болған Креативтілік шкаласы болып табылады (70,3%).
Яғни, бұл типке жататын адамдардың өзіндік жетілуі іс-әрекеттің әр түрлі практикалық түрлерінде көрініс табады. Мұндай адамдарға референтті топтың ой-пікірлерінен біршама тәуелді болуы байқалады. Ондай адамдардың өмірі басқа адамдардың көзінде сәттілік сезімін тудыратын іс-әрекет түрін іздеу арқылы мән, мағынаға тола болады.


«Әлеуметтік» автобиографиялық тип.Басқа типтермен салыстырғанда, бұл тип бойынша нәтижелер тым біркелкі. Бір де бір шкала типті көрсетілмеген. Осы типтегі тұлғаның өзіндік жетілу көрсеткіштері біршама жоғары емемстігі оның өмірлік іс-әрекетінің мән, мағынасын тек өткен уақыттан іздеп, нені болса
да өзгерту қажеттілігінің жоқ екенін көрсетеді.
Әлеуметтік типте өзіндік жетілудің типологиялық ерекшеліктері анықталмаған. Тек бірнеше үрдістер туралы айтуға болады. Шкалалар бойынша біршама жоғары емес көрсеткіштер байқалады. Сонымен қатар осы типтен біз төмен нәтижелерді ала отырып, біз оларды респонденттерге жария еттік. Олармен әңгімелесу кезінде олардың жүріс-тұрыс формаларына және басқалардың бағалауы мен өзіндік бағалауға деген түсінігі және саналы түрде меңгеруі байқалды.
Басқа шкалаларға қарағанда икемділік және өзіндік құрметтеу шкаласы айрықша көрініс табады. Индивидуалды нәтижелерде шкалалары орташадан жоғары және үйлесімді орналасқан адамдар саны аз. Осы типтегі тұлға өз өміріндегі мәнісін басқаларға береді. Ең қызығы автобиографияның мазмұны бойынша оның мәнісі болып кез келген адам бла алады. Егер де басқа респонденттер үшін мәнді болып олардың тек жақын ата-анасы, достары немесе сыныптастары болса, әлеуметтік типке жататтын адам үшін ондай мәнді орынға кез келген адам йе бола алады.Мұндай типтік тұлға үшін Басқа адамды іздеу тән.
Оларда өзі үшін үлгі тұтатын, еліктейтін адам қажеттілігі басым. Ондай Басқа адамның МЕН-концепциясындағы идеалды образдың болуы, тұлғаның тұрақты болуына әсер етеді. Үлгінің, эталонның болмауы адамды абдырап қалуға және ары қарай тұлғалық өсудегі бағыттың жоғалуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет