4 дәріс. Адамның өзін басқаруы мен оны тәрбиелеудегі тұлғалық өсудің түрлерін пайдаланудың психологиялық ерекшеліктері
Қазіргі уақытта тұлғалық өсу ретінде нені санауға болатындығы туралы нақты келісім жоқ. Бірақ бұл ұғымның көптеген анықтамалары келесі пункттерді қосады:
Ішкі потенциалдың болуы;
Оны дамыту мүмкіндігі;
Ішкі және сыртқы конфликттерді жеңу (қызығушылықтар, қажеттіліктер, мағыналар);
Өз-өзімен арнайы жұмыстың қажеттілігі.
Бағалай отырып, тұлғалық өсуді – сыртқы қиындықтармен немесе арнайы ұйымдастырылған жағдайлармен соқтығысу кезінде жүзеге асатын ішкі өзгерістер процесі. Өзгерістер мақсаттарға жету үшін қиындықтарды жеңу, ішкі конфликттер деңгейін төмендету, толеранттылықты жоғарылату, тұлғалық қорғаныстарды жетілдіру, маңызды икемділіктерді иемдену. Тұлғалық өсу процесініңлогикалық қорытындысы болмайды, себебі жетілуде шек жоқ.
Тұлғалық өсуді нақты анықтау қиын, ал өлшеу мүлде мүмкін емес – тұлғалық өсудің бірлігі жоқ! Субъективті түрде оның салдары былай бастан кешіріледі: өмір сапасы жоғарылайды (тіршілік ету фактісінің өзінен қуаныш), уайымның азаяды, өзіндік баға жоғарылайды, ұзақ және қысқа мерзімді өмірлік мақсаттар құрау және жалпы «мен өмірден қазір не қалайтынымды білемін және сол бағытта қандай қадам жасау керектігін көріп тұрмын» сезімі. Тұлғалық өсудің объективті белгілері – қарым-қатынаста конфликтіліктің төмендеуі, ертеде шешілмеген мәселелерді шешу, қойылған мақсаттарды жүзеге асыру.
Даму нүктелері
Жалпы әр қиындық біздің алдымызға өзгеру мәселесін қояды. Расында да күрделі мәселелер көп емес, қиындықтардың көзі болып – біз өзіміз табыламыз. Біреуге кездесуге уақытында келу қиын болса, екіншісіне басқа адамның орнына тұру мүмкін емес, біреуі бағалау жағдайларында қатты қиналады. Өзінің ішкі кедергілерді жеңу, сыртқыға қарағанда өте қиын. Кірпіштен қаланған қабырғадан асып түсуге, айналып өтуге, қиратуға болады, ал ішкі блокты оңайлықпен шеше алмайсың, себебі ол мүлде саналанбауы немесе дәлелдеуді қажет етпейтін шындық ретінде қабылданбауы мүмкін. Егер балалық шақта анамыз қыз балаға қымбат сыйлықтар қабылдау ұят деген болса, өз ұяңдығымыз бен қызғанышымыздан зардап шегіп, гауһарлар мен тонсыз қаламыз.
Жүйелі қиындықтардан басқа біздің өмірімізде тәжірибе мен ересектік ала отыра өткеретін бірнеше маңызды этаптар бар. Бқл этаптар американдық психоанализ классигі Эрик Эриксонның тұлғалық даму теориясында сипатталған.
Эриксон өмір жолының әр кезеңдерін ерекшелеген, кезеңдердің әрқайсысында адам және оның «Менінің» алдында қоғаммен қарым-қатынасына байланысты мәселе жатыр. Бұл мәселе берілген кезеңде басынан тұрақтаған тұлғалық дағдарыс жағдайында шешіледі. Әдетте, әр мәдениетте дағдарысты жеңуге көмектесіп және келесі өмір кезеңін бастауға көмектесетін ритуалдар бар. Бұл – ересектікке арнайтын ритуалдар, жүріс-тұрыс ережелерінің өзгеруіне байланысты ритуал, ата-аналар мен ерлі-зайыптылар арасындағы арнайы қарым-қатынас әдістерін көрсететін үйлену ритуалдары.
Егер дағдарыс негізінде жатқан конфликт қанағаттандырарлық шешілген болса (яғни, алдыңғы кезеңде тұлға жағымды қасиеттерді сіңірді), онда «Мен» өзіне жаңа позитивті компонент сіңіреді және бұл оған болашақта сау тұлғалық дамудың кепілі болады. Керісінше, егер конфликт шешілмеген күйде қалса немесе қанағаттандырарлық шешілмесе, тұлғаға зиян келтілірледі және онда негативті компонент жиналады (бағдарлану, жүріс-тұрыс ерекшелігі, ұабылдау, ойлау).
Сату-сатып алу
Тұлғалық өсу қазіргі кезде соншалықты сұранысқа ие және назар үстінде болғандықтан ол сату-сатып алу құралына айналуы мүмкін. Тренингтік орталықтардың көптеген санында сізге өз-өзіңізбен топтық және индивидуалды жұмыс жасауды ұсынады. Бірақ тұлғалық өсуге (ішкі конфликттермен жұмыс, қиындықтарды өткеру және ресурстарды активтендіру) бұл ұсыныстардың көп жағдайда тікелей қатынасы болмайды. Ең кем дегенде «тұлғалық өсу» сөзінің астарында өзіндік бағаны көтеру мен өзіне деген сынилықты төмендету технологиялары жатады. «Интенсив» режімінде (үш күн үздіксіз) сізге қандай керемет адам екеніңізді және сізге өз пайдасы үшін манипуляция жасайтындардың қалай қателесетінін түсінуге мүмкіндік береді. Біріншіден, сіз тренингтен шыққаннан кейін не істейсіз, - қарым-қатынасыңыздың көбін үзіп, бастығыңызға ол туралы не ойлатыныңыздың барлығын айтып саласыз. Сіздің барлық достарыңыз – пасық манипуляторлар мен іші тар, қызғаншақ адамдар, ал бастығыңыз сіздің өзіңізге деген намыс сезіміңізді аяққа таптайды және толық төлемейді.
Ең танымал, талқыланатын және мистификацияланған тұлғалық өсу тренингтері – бұл «лайфспринг» бағдарламасы және «күлгін» курсы. Лайфспринг – Америкадан келген франчайзингтік технология. Бұл тренингті жасаған компания құлап қалған. Олардың әрекетінің тоқталуының себептерінің бірі психикасына келтірілген зақым үшін компенсация талап еткен зардап шеккен клиенттерінің арыздары болды. Бірақ бағдарламаның өзі бұл уақытта басқа мемлекеттерде тарап кеткен және белгі ретінде еш өиындық көрмеді. Таныстарыңызды сұрастыра отырып немесе интернеттен оқысаңыз қатты жағымсыз айтылулар мен жағымды-мадақтау сөздерін де көре аласыз. Бұл тренингтік бағдарлама қысқа мерзімдік жағымды эффект береді, бірақ ұзақ уақыттық перспективада адам үшін позитивті өзгерулерге кепілдік бермейді. Ол психикасы тұрақсыз адамдарға ұсынылмайды, ал психикасы тұрақты, өз күшіне деген сенімі берік, айналадағыны саналы бағалайтын адамға мүлде пайдасыз.
Сипатталған тренингтік бағдарламалардан басқа өзіне деген сенімділікті арттыру, қарым-қатынас дағдысын жетілдіру, отбасылық ішкі мәселеледі шешу және басқа да ұсыныстарбар. Бағдаламаны таңдау кезінде сізге қызмет көрсетуші ұйым сенімділік сезімін тудыруы тиіс және психологиялық қоғамдастықта белделді болуы маңызды. Топтық және отбасылық психология және психотерапия институтының директоры Леонид Кроль айтпақшы, «топтар барлығына пайдалы, бірақ әлемдегі барлық заттар сияқты дұрыс таңдалса жарасымды киімдей ыңғайлы тұрады. Шектер маңызды: жүргізушінің қасиеттері, жеткілікті уақыт, нақты адам үшін адекватты интенсивтілік».
Тұлғалық өсу – біздің өмірімізді ажырамай бірге жүретін процесс. Кез келген күрделі жағдайда өсу мүмкіндігі жатыр, біздің таңдау – өз әлсіз жақтарымызбен бетпе-бет кездесе отырып оны пайдалану немесе қазіргі қалпымызда қалып, пайдаланбау. Бірақ оған керемет фигураға немесе мәнерлеп сөйлеуге сияқты ұмтылу еш мағынасыз. Өздігінен ол ештеңені білдірмейді, себебі ол нәтиже емес, процесс.
Достарыңызбен бөлісу: |