Маманның пікірі
Жуйкова Екатерина,
Интегративті отбасылық терапия институтының қызметкері, психотерапевттік топтардың жүргізушісі
Дағдарыс жағдайындағы бастау нүктесі
Дағдарыс кезінде тек актуалды мәселелер, адамның қиындықтары (отбасының) ғана емес, қарапайым жағдайларда жасырылған ресурстар да бетіне шыға бастайды. Кез келген адамда жақсырақ уақытқа дейін сақталған ресурстар саны өте көп. Тұлғалық өсу өзіне мүмкіндіктерді пайдалана алуды қосады, ал дағдарыс тұлғаның немесе отбасының мықтырақ болуына жағдай туғызады.
Тұлға тап болған дағдарыстар өмірлік маңызды бөліктерге, «ауру жерімізге» қатысты болса, аса ауыр тиеді – әркім үшін бұл ір түрлі тақырып. Дағдарыс – өзімізге жеңіл тимейтін «өзіміз туралы» тақырыпқа қарау (жеке дербестік, ата-анамен қарым-қатынас, қарама-қарсы жыныспен қатынас, ақша). Жиі дағдарыстың негізінде тұлға тап болған жағдайларда жеке бағдарламаларының қарама-қайшылығы, бұрынғы қызмет ету әдістері мен жаңа жағдайлар жатады. Осылайша, әрекет етуге мүмкіндіктің болмауы, ескіше өмір сүру бізге көкжиектен тыс жолдарға назар аударуға мүмкіндік тудырады. Дәл осындай жағдай экономикалық дағдарыс кезінде де байқалады. Бір американдық кәсіпкер кәсібінің айналымы азайғанын байқа, «Керемет! Бұрыннан үйімнің құрылымысмен айналысы, цементті өз қолыммен араластырғым келіп жүр еді!» деген. Менің көтеген таныстарым мейрамханаға баруды шетке қойып, үй тағамдарының түрлі рецеттерін үйреніп жүр. Біреулер ақша табуды, кейін оны жаратуды қосатын жарысты қойып, балаларымен үй сөрелерінде шаң басып қалған кітаптарды оқуға кіріседі. Ал екіншілері жай ғана өмірінің бір кезеңінен өтіп, басынан болса да жаңасына өтеді.
Эрик Эриксон бойынша өмір жолының этаптары
Жасы
|
Өмір жолы кезеңінің сипаттамасы
|
Дағдарыстың позитивті және негативті компоненттері
|
Дағдарысты жеңу барысында иемденгендер
|
туылу –1 жас
|
Анамен қарым-қатынас, жылы, сенімді немесе сенімсіздікпен, уайыммен қатар жүреді
|
Әлемге деген глобальды сенім -
|
үміт
|
1–3 жас
|
Өзіндік баға мен өзін-өзі бақылау, дербестікке жету, сөйлеуді игеру сезімінің қалыптасуы.
|
Дербестік – ұят пен күмән
|
Ерік күші
|
3–6
|
Ойын жасы және жүріс-тұрыс ережелерін игеру
|
Инициативтілік - кінә
|
Мақсат
|
6–12
|
Бала өз компетенттілігін сезінетін, тәжірибе алатын мектеп жасы
|
Еңбек сүйгіштік – толық еместік
|
Компетенттілік
|
12–19
|
Әлемге деген көзқарастың қалыптасуы, өзінің, ата-ана немесе өз қатарларының қалаулары арасындағы таңдау, өзін іздеу
|
Өзіндік берілу «мен» - рөлдік жылжу
|
Адалдық (өзіне)
|
20–25
|
Партнер іздеу, қарым-қатынас құру, көңіл бөлуді бастау
|
Жақындық – изоляция
|
Махаббат
|
26–64
|
Балаларға күтім көрсету, өзін дамыту және айналадағының барлық жақсы етіп құрау және дамытуға тырысу
|
Продуктивтілік — тұрып қалу
|
Күтім
|
65 жас– өлім
|
Бағалау, ой елегінен өткізу, өткен өмірге баға беру
|
«меннің» тұтастығы – көңіл қалу
|
Ақылдылық
|
Достарыңызбен бөлісу: |