Клиникасы : ауыр түрде өтетін силикоз, асбестоз, металлокониоз, антракоз. Шаң-тозаңның бөлшектері альвеолаларға жетіп, олардың өлуіне әсер етеді. Процесс альвеолаларда, респираторлық бронхиолаларда және лимфа жүйесінде дамиды. Негізгі шағымы – біраз уақытқа дейін мазаламайтын ентікпе. Сосын ентікпе тұрақты болып, бронхоспазм дамиғанда экспираторлы түріне айналады. Кеуде сарайының ауырсынуы және құрғақ немесе кілегейлі, кілегейлі-іріңді қақырықты жөтел қосылады.
Емі: рационалды тамақтану, витаминотерапия, қақырық түсіретін препараттар, аэрозольтерапия, бронхолитиктер, өттегімен емдеу, басқа симптомдар қосылғанда – жүрек гликозидтер мен зәр айдағыштар, антибиотиктер қолданылады.
П н е в м о т о р а к с
Пневмоторакс – плевра қуысында ауаның жиналуы.
Т үрлері
жарақаттық жасанды
сконтанды
Ашық пневмоторакс – кеуде қуысының жарақаттарында дамиды және плевра қуысы тұрақты түрде атмосфера ауасымен қатынасып тұрады.
Жабық пневмоторакс - ауа плевра қуысына тесік арқылы кіріп тұрады , кейін тесік жабылады..
Қақпақты пневмоторакс – ауа плевра қуысына тыныс алған кезде кіреді де, тынысты шығарған кезде кері шықпайды, өйткені тесік жабылады. Клапанды пневмоторакс өте қауіпті, өйткені плевра қуысында жиналатын ауа өкпені біртіндеп қысып тастайды.
Себептері: ошақты пневмония, өкпе туберкулезі, өкпе абсцессі, қатерлі ісік, өкпе эмфиземасы, плевра эмпиемасы.
Клиникасы: кеудесі , бүйірі кенет түрде ауырып, қатты ентігу, құрғақ жөтел, цианоз дамиды.
Қақпақты пневмоторакста – шок немесе коллапс болады.
Перкуссия: тимпанды дыбыс, тыныс естілмейді, кеуде қуысының мүшелері сау жағына ығысады..
Рентгенография– өкпе сүреті көрінбейді.
Достарыңызбен бөлісу: |