Тоо кызылорда оқу орталығЫ «аsu kz» «Ішкі аурулар» пәнінен


ӨСБА - баяу басталады, алғашқы белгілері – жөтел және ентікпе, басқа белгілері аурудың ұлғаю барысында қосылады. ӨСБА дәріжелері



бет29/53
Дата11.02.2023
өлшемі1.75 Mb.
#469407
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53
Методичка ДЫХ каз

ӨСБА - баяу басталады, алғашқы белгілері – жөтел және ентікпе, басқа белгілері аурудың ұлғаю барысында қосылады.
ӨСБА дәріжелері :
1. Жеңіл – тұрақсыз жөтел, күш түскенде ентікпе, қақырық аз мөлшерде, цианоз және тахикардия болмайды, сырылдар тұрақты емес (терең дем алғанда естіледі) , ЭКГ-да қалыпты, күшейтілген тыныс шығару көлемі (ОФВ) > 70% - дан асады.
2. Орташа – таңертен үнемі жөтел, шамалы күш түскенде ентікпе болады, цианоз, күш түскенде тахикардия, үнемі сырылдар естіледі, ЭКГ-да – жүректің оң жақ бөлігіне күш түсу белгілері табылады, күшейтілген тыныс шығару көлемі (ОФВ) – 50-69%.
3. Ауыр – үнемі жөтел, тыныш күйінде ентікпе, үнемі цианоз, тахикардия, үнемі сырылдар естіледі , демдік эритроцитоз, ЭКГ-да – жүректің оң жақ бөлігіне күш түсу белгілері табылады, күшейтілген тыныс шығару көлемі (ОФВ) < 50% -дан төмен.
ӨСБА-мен ауыратын науқастардың тексеру әдістері :

  • Пиктық жылдамдығы, өкпенің өмірлік сиымдылығын анықтау (ЖЕЛ), бронхолитиктермен тестілеу, екі жылда бір рет өкпені R графияға түсіру ( көрсетпе бойынша ), қандағы газдарды анықтау (СО2).

  • Арнайы тексеру ( үлкен спирография, қандағы газдардың кернеуін анықтау, ЭКГ, Нв анықтау)

  • Қақырықты микрофлораға зерттеу (сезімталдығы)

  • Өкпе эмфиземасы дамығанда - қанда альфа1-антитрипсинді анықтау керек (әсіресе бірінші рет дәрігерге көрінген жастарда) .

  • Астмаға күдіктенгенде – пикфлоуметрияны жүргізу керек.

ӨСБАның ауырлығының себептері :

  • Трахеобронхиттік инфекция

  • Екіншіреттік инфекция – пневмония, сол және оң жақ жүрек жетіспеушілігі, өкпе артерияның майда бұтақтарының тромбоэмболиясы, спонтанды пневмоторакс, бақылаусыз оттегімен емдеу (О2 жоғары концентрациясы), дәрілік препараттар (гипотензивті препараттар, транквилизаторлар, диуретиктер), ЖИА, өкпенің басқа созылмалы аурулары, қантты диабет, электролиттік бұзылыстар , азу, асқорыту жүйесінің аурулары (қан кету), үнемі жөтелуінен пайда болатын тыныс бұлшықеттерінің әлсіреуі (диафрагманың).

ӨСБА -ді емі:

    • Бронх кеңейтетін препараттар:

Жеңіл түрінде: өршу кезінде М- холинолитикттер,
Қажет болса β2-агонисттер
Орташа түрінде : үнемі М- холинолитиктер,
Көрсетпе бойынша β 2агонистер
Жеткізу тәсілдерінің модификациясы (спойсер, небулайзер);
Ауыр түрінде: барлық атталған препараттар

    • таңдап, антибиотиктерді қолдану

    • Жеке схема бойынша гормонотерапия жүргізу (тиімді ингаляция арқылы – бекотид, альдицин, ингапорт қолдану).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет