О ш а қ ты п н е в м о н и я – өкпенің бір бөлшектерінің және сегмент, ацинустың жедел қабынуы. Егер инфекция бронх арқылы тараса, онда ол бронхопневмония деп аталады.
Этиологиясы: жоғарғы тыныс алу жолдарының катары, бронхит, тұмау, қызылша, өкпенің жарақаттары, салқын тию, ішімдік ішу, темекі тарту, т.б.
Қоздырғыштары: пневмококк, стрептококк, стафилакокк, тұмау (грипп) вирусы.
Клиникасы: Шағымдары - жөтел әуелі құрғақ, кейін кілегейлі – іріңді қақырық қосылады, t° - 38 – 39°С әлсіздік, терлеу, бастың ауруы.
Қарағанда: бет ұшының қызаруы, еріннің көгеруі байқалады.
Пульс – 100 бір минутына, АҚҚ немесе N (қалыпты).
Аускультацияда қатқыл тыныс және ылғалды сырылдар естіледі.
Қанда – цитоз, ЭТЖ .
Зәрде – белок, эритроцит көбейеді.
Rграфия – өкпе суреті күшейген және қарайған бөлшектер көрінеді.
Емі мен күтімі крупозды пневмониядай, бірақ ауруға саңырауқұлақтар қосылса – нистатин, леворин емге қосылады.
Гриппозды пневмония - тұмау эпидемиясында болуы мүмкін, интоксикациясының айқын белгілерімен ауыр түрінде өтеді, өкпе абсцесімен, өкпеден қан кетуімен асқынады, науқас қайтыс болуы мүмкін.
Гипостатикалық пневмония – қан айналым әлсіздігімен ауыратың, төсекте ұзақ уақыт жатқан науқаста (операциядан кейін, инсульт) және кәрілерде кездеседі.
Кәрілерде болатын пневмонияның себептері – қарттар үйінде болуы, вирусты инфекция, аспирация, аз қозғалу, қосалқы фондық аурулар, медикаментозды пневмония, иммунитет жетіспеушілік жағдайлар. Клиникалық белгілері айқын емес, бірақ өкпенің қатерлі ісігіне тексеру жүргізу қажет.
С о з ы л м ал ы п н е в мо н и я - өкпенің созылмалы қабынуы.
Созылмалы пневмонияның жіктемесі (Институт пульмонологии, 1984г) :
морфология бойынша :
интерстициалды
карнифицирлық
таралу бойынша – ошақты, сегментарлы, бөлекті
ауру фазалары – өршу, ремиссия
созылмалы пневмония формасы бойынша :
бронхоэктаздық
бронхоэктазсыз
Достарыңызбен бөлісу: |