Т¦рышев айтм¦хамет


М - Ж. Көпеев шығармаларындағы кірме сөздердің алатын орыны



бет18/22
Дата19.02.2024
өлшемі0.98 Mb.
#492404
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
b221

10 М - Ж. Көпеев шығармаларындағы кірме сөздердің алатын орыны

Қазақ тілінің тарихи кезеңінде кірме сөздердің алатын орыны әлі айқындалып болған жоқ. Жалпы, қазақ тілінің лексикология саласында кірме сөздер туралы жан-жақты сөз болады, оны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, кірме сөздердің фонетикалық, морфологиялық, грамматикалық құрылымы толық зерттеліп бір ізге түсті деуге де болмайды. Қазақ тілінің оқулықтарында әркезде кірме сөздер туралы әңгіме қозғалып қояды да, оны зерттеудің тереңдей мәні ашылмайды. Кірме сөздер қай ғасырдан бері еніп келеді оны анықтау мүмкін емес. Дегенмен, олардың түрік елімен аралас-құраласының нәтижесінде кірме сөздер еніп үлгерді. Оның кейбірі түріктің өз сөздері болса, кей бірі миграция нәтижесінде келген сөздер тобы. Әрине, ұзақ жылғы тілдің даму барасында қай сөз кімдікі екендігін анықтау, оған баға беру де қиынға соғады. Тіл ұзақ жылғы араласудың жемісі. Адамзат баласының дүниеге келгенінен бастап, жер бетінде дүние бөлісуі басталды. Байлыққа көз тұну басқа жерге көз аларту, әлім жеттікке әкеліп күштеу саясатын тудырды. Бұл дегеніміз тілдің субстратына әкелді. Әсіресе, соғыс бір елді басып алуға итермелесе, сол елді өз құлдығында ұстап туру үшін тілін, дінін білуге мәжбүр етті. Үлкен түрік жұртының жер ауу саясатының негізінде көптеген жұрт түріктенген тілде сөйлеп, сол түрік дәстүрін қабылдап, тілі ассимиляссияланып кетті. Түрік жұртының өзі де басқа елдің салт-дәсдүрін, әдет-ғұрыпын қабылдады. Ұсақ тайпалар жұтылып, өзінің әуелгі түріктік келбетінен ажырап қалды. Арабтанған түрік, парсыланған түрік, еуропаланған түрік т.б. пайда болды. Олардың кейбірі өзінің тарихи Отанына қайтып оралды, уақыт арасы үзілген мен ұрпақ арасы үзілмей жалғасып отырды. Арада ғасырлар салған түрік ұрпақтары туған тілін өз Отанынан алғанын ұмытып, сол тілдің екінші, бәлкім үшінші, төртінші тасушысына айналғанын өздері де аңғармай қалды. Қазір де сол жағдай қайталануда. Кейбір түрік сөздері ғасыр аралап өз тарихи Отанына қайтып оралуда. Ұмытылып кеткен сөздерді енді келіп, керісінше аударуға мәжбүр болудамыз. Мысалы: Томожня//кеден (томожня шын мәнінде «таңба» деген шыққан түріктің өз сөзі емес пе? О. Сулейменов) Бұл тек қана қазақ елінің басындағы жағдай емес, күллі елдердің басындағы жайт деп білеміз. Қазірлер мына сөз біздікі, ана сөз ананікі деп айтылып жүргенмен лигвист ғалымдар зерттеп, шығу этимологиясын нақты дәлелдеп ажыратып беріп жатыр. Басқа елдің рухани байлығына айналып кеткен сөздерді, шығу тегін, тарихи Отаны дәлелденгенімен қайыра өз Отанына қайтарып алу мүмкін емес. Тілді зерттеу, оның шығу этимологиясын білу келер ұрпаққа қалдыратын баға жетпес байлығымыз, асыл мұра ретінде де мәдени құндылықтарымыздың бірі. Ортақ болған сөздерді де меншіктеудің өз орыны бар. Дегенмен, кім бұрын зерттеп, сол сөздерді ғылыми айналымға енгізіп, халық игілігіне, меншігіне айналдыра білсе «сөз» дау жоқ сонікі. Ш. Айтыматовтың «Манас» жырынан алып, күллі елге жария болған сөзі «мәңгүрт» қазірлер Қырғыз жерінен шықанын біреу біліп, біреу білмеуі заңдылық ғой. Тілдік түсінісудің басты құралы, сөздік қорымызға енген сөздердің құрамын зерттеп, нақты уақытында әділ бағасын беріп отыру тілші ғалымдардың басты борышы болып саналады. Кірме сөздердің ену жүйесін зерттеу дегеніміз оның тасқынына тосқауыл қою деген сөз. Соның алдын алу, басқаша айтқанда оның енуіне дәру болатын емін табу деп білеміз. Қазақ халқының орыс елімен қарым-қатынасы қай ғасырдан басталғанын тап басып айтудың өзі қиын. Өйткені, құжатталған деректермен расталып отыратын тарихтың орнын көбіне ауызша тарихи мәліметтер жеткізіп отырады. Осы салада анықталмаған рухани - мәдени бел-белестеріміз баршылық. Әр дерек біздерді себеп пен нәтижесі жағынан сергектікке қарай жол ашады. Ежелден көршілес отырған халықтар арасындағы достық өркендеп, арты құдандалыққа ұласып отырған. Мәдени шаруашылық, әлеуметтік аралас-құраластық тілдің де ауыс-күйісіне әкелген. Кейбір сөздердің сіңіп кеткендігі соншалық қай-қайсынікі екенін қазіргі кезде ажыратуға өте қиынға соғады. М-Ж. Көпеев шығармаларында орыс тілінен енген сөздер синтетикалық [морфологиялық] тәсіл арқылы сөз жасауға бейім болып тұрады. Әрине, қосымшалардың бәрі бірдей жаңа сөз жасай бермейді. Олар жаңа мағыналы сөздер мен лексикалық единица жасайтын қосымшалар. М-Ж. Көпеев шығармаларында орыс тілінен енген сөздер қосымшалар жалғанып сөзжасам мағыналарын береді. М-Ж. Көпеев шығармаларынан (дастан мен қиссаларынан) теріп алынған мысалдар мынандай: Россияның /30/, манифестті /30/, ходқа /30/, сөтке /30/, ауылнайлар /30/, стражник /30/, газеттерде /31/, штраф /31/, повестка /31/, чиновниктер /32/, поселкелер /32/, порым /34/, партия /35//36/, партиялап /33/, болыснайдың /38/, ауылнайлар /38/, цифырын /38/, чиновник /40/, стражник /40/, протокол /40/, заң-закон /40/, пормы /40/, партиясы /40/, партия /40//40/, сход /40/, үстелде /40/, крестьян /40/, болысной//оязбенен /41/, поселке крестьян /42/, начлаьник /42/, Россияның /43/, партия /43/, партиясы /43/, начальник /43/, помағайтшы /36/, ағұст /37/, пормы /40/, сход /40/, депуттар /44/, думаға государный/45/, публик/44/, император/44/, үстелде /40/, депутаттар /44/, оязнайдан /44/, ауылнайдан /44/, фамилиясы /52/, переводтап /53/, думаға /60/, қара шекпен крестьян /61/, Петербор /55/, партиялық /55/, октябрь /56/, мұжық /57/, крестьян /57/, законды /57/, партияның /57/, миллионға /58/, манифесі /59/, марттың /59/, октябрь /59/, чиновниктер /61/, крестьян /61/, манифес /62/, медальға /62/, медаль /62/, наград /62/, депутаттыққа /62/, Семипалат /62/, облысының /62/, сөктелген /62/, балағанда /63/, империяға /63/, программа /63//64/, агұст /63/, экзаменге /65/, порым /65/, публик /66/, манифис /66/, цензурасыз /66/, март /59/, порым /65/, испектор /66/, формын /75/, ходтан /97/, самауырды /108/, ни как нельзя /117/, Сібір /123/, минут /128/, нәшәндік, шенеуліктер /137/, әпірел, май, мартай /140/, редакторге /145//145/, газеттерге /145/, закот, закоттте /152/, ступай, пошел /178/, банкам /15/, ничего /186/, банкаң /186/, закон /189/, посөлкенің /197/, қазнашайы /206/, офицердей /21/, миллион /220/, январьдан /117/. (Мұса Шорманды жоқтауынан): медаль, орден, шен, бриллиант, губернатор, Сибиряков, губерно, Сибирь, Калпаковский генерал, откырыто, жалко, гинвардың, первый, газеттерге. (Сарыарқаның кімдікі екендігі?): избушка, земіскі, ізбор, нашалник, шиноликлардың, учаске, войско, Питербор, Мәскеу, Үрім, чиноуликке, начланикке, Петропавлоскі, павлодар, машиналы заводлар, гараднише торесі, киркушілер /керекушілер/, сьезд/117/. Мышыной шарлар, кайкасына (Ай мен күндей Һәммаға бірдей-демегінің мағынасы). Күреш (грош память) (Шонтыбай қажы), тетрадтың (Аспан мен жер, адам), переводтап, формы, перуатын, арганның (Ібіліс лағын шайтан хикаясы), Самауыр, княздің, память (Ышқышбап сапары өлеңі), кібірит (Исабек Ишан өлеңі), Семипалат, жандарал, гбернатор, народ-жұртқа, урядникгін, чиновниктер, шабадан, самаурын, шәйнек, пар, сияз, партияға, карантин, телеграмның (Жантемір), почтамен (Құдайым жексенбі күн жер жаратты), Сорты, ходтан (Соқыр, саңырау, жалаңаш хикаясы), расходный (Шабдар атпен айтысы), карантин (Атадан қалған асыл мұра), кірпішлерін (Әдһам диуана және Ибраһим). Грош, партия, формы, числосы, декабрьдің (Шонтыбай қажы). Законда, ауылнай, әтірет-солдатпен, материалдарды, самауырын, законда, жандарал, Котковский (Қазақ шежіресі). Музыкантқа /57/, рапорт /60/, публикгің /70/, краймен /72/, поптары /71/, ходқа /75/, расчетқа /75/, отказ /75/, шотқа /75/ (Хаятбақшы дастанынан). Рамкасы /41/, лашкері /41/, пароходтан /42/, қағып шоттан /42/, піркнәшікті /50/ (Жер мен Көк); Машиналар /25/, телеграмма /26/, телефон /26/, почта /26/, паралич /26/, параход /26/, комендант /26/, казначейі /26/, мелонхолик /29/, сумаш /29/, Виссарион Белинский /56/, Дарвин, Михайл Баскин /56/, микроб /57/, тетрадтың /60/, Жапон /60/, Затаевич /60/, Аплотон /61/, (Аспан, жер және адам жаратылысы туралы); машина /25/, электрон, радиация, народ /22/, телеграмма, телефон, почта, паралич /26/, ісмерлер /75/, электір /25/, воздухы /26/.т.б. (Адам мен жұлдыздар арақатынасы).

Варваризм сөздің қазақ әдеби тіліне еніп тұрақтап қалған күйін де білдіреді. Мысалы: Россия+ның /30/, Россия+ның /43/, «Ресей+дің» деп қолданылуы кездеседі, тіліміздегі ілік септігінің жалғауы арқылы жаңа сөз жасау үрдісі берітінде жалғасты: партия+ның /57/, март+тың /59/, облысы+ның /62/, княз+дің, декабрь+дің, телеграм+ның, тетрад+тың.


Орыс тілінің сын есім тудыратын суффикстері де М - Ж. Көпеев шығармасында қазақ сөздеріне жалғанып сөз жасау қабілеті аңғарылады, бұлардан соң көптік не септік жалғауы жалғанады: /ауыл+най+лар /30/, болыс+най+дың /38/, ауыл+най+лар /38/, ауыл+най+дан /44/, (государ+ный) /45/, болыс+ной // ояз+бенен /41 //-бен жалғаулығының толық түрі –бенен сөз жасауға қатысады, ояз+най+дан /44/, (расход+ный), ауыл+най.
Қазақ тілінің көптік жалғауы орыс тілді түбір сөзге жалғанып келуі арқылы сөз жасалады: газеттерде /31/, чиновниктер /32/, поселкелер /32/, чиновниктер, депутаттар /44/, чиновниктер /61/, шенеуліктер /137/, машиналар /25/, киркушілер/керекушілер/, материалдарды, заводлар /шағатайлық үлгі/, депуттар /44/, поптары /71/.
Кірме сөздердің қазақ тілінің заңдылығына байланысты өзгеріске түсуі: порым /34/, цифырын /38/, үстелде /40/, пормы /40/, поселке крестьян /42/, помағайтшы /36/, ағұст /37/, сөктелген /62/, балағанда /63/, агұст /63/, самауырды /108/, нәшәндік, әпірел, май, мартай /140/, посөлкенің /197/, қазнашайы /206/, гинвардың, избушка, земіскі, ізбор, нашалник, самауыр, шиноликлардың, учаске, войско, Питербор, Мәскеу, чиноуликке, начланикке, Петропавлоскі, машиналы заводлар, гараднише торесі, киркушілер/керекушілер/, мышыной шарлар, кайкасына, перуатын, күреш (грош), шен, кібірит, мұжық /57/, жандарал, гүбернатор, закотте /152/, шабадан, шәйнек, пар, сияз, кірпішлерін, самаурын, лашкері /41/, Сібір /123/, / ісмерлер /75/, электір /25/, самауырын, қағып шоттан /42/, піркнәшікті /50/, шотқа /75/, сөтке /30/, порым /65/, порым /65/.
Бір сыңары қазақша-орысша қос сөз: заң-закон /40/, народ-жұртқа, бір сыңары қазақ тілі заңдылығына бейімделген қос сөз: әтірет-солдатпен.
Септік жалғаулары арқылы сөз тудыру: манифесті /30/, думаға /60/, думаға публик /44/, миллионға /58/, законды /57/, медальға /62/, депутаттыққа /62/, империяға /63/, экзаменге /65/, редакторге /145//145/, газеттерге /145/, январьдан /117/ газеттерге, почтамен, партияға, ходтан, формын /75/, ходқа /30/, ходтан /97/, Музыкантқа /57/, краймен /72/, Законда, ходқа /75/, расчетқа /75/, тетрадтың /60/, пароходтан /42/, законда, арганның.
Қазақ тілінің есім сөздерден болымсыздық мағына беретін туынды сын есім жасайтын жұрнақ арқылы жаңа сөз жасалады: цензурасыз /66/.
Адвербиалданған формалы үстеу (вербалдық мағына білдірмейтін сөз): партиялап /33/. Вербалдық (етістікке тән жіктік форма қосылады) әдіс арқылы жасалған: переводтап /53/. Бұл сөз дастандарда кездеседі (переводтап).
Есім сөзден (адьективтену) сын есім жасаушы: партиялық /55/. Қазақ тілі қосымшасы –дей жұрнағы арқылы адьективтенуі: офицердей /21/.
Тәуелдік жалғауының қосылуы: партиясы /40/, / партиясы /43/, пормы /40/, банкам /15/, фамилиясы /52/, поптары /71/, казначейі /26/, воздухы /26/, числосы, формы, манифесі /59/, Сорты. Қара шекпен крестьян /61/; М - Ж. Көпеевте ғана кездеседі. И.А. Крыловтың «Крестьяннин в беде» атты мысалының атын «Қазаға ұшырағын қара шекпен» деп қоюы Абайдың қолы емес тәрізді - дейді Р.Сыздықова.
Ономасиологиялық сөздер: Павлодар, Петербор /55/, Семипалат /62/, Сибиряков, губерно, Сибирь, Семипалат, Калпаковский генерал, Котковский, Виссарион Белинский /56/, Дарвин, Михайл Баскин /56/, Жапон /60/, Затаевич /60/, Аплотон /61/, октябрь /56/, октябрь /59/, март /59/.
Орыс тілінен енген зат есім мағыналы әлеуметтік топтың бөлінісін көрсететін сөздер: стражник /30/, чиновник /40/, стражник /40/, крестьян /40/, начальник /42/, начальник /43/, император /44/, крестьян /57/, крестьян /61/, публик /66/, испектор /66/, губернатор, урядникгін, жандарал, комендант /26/.
Абстракты зат есімдер мен деректі зат есімдердің мағыналық тобы кейбірі формасы жағынан абстракты болғанымен мағынасы жағынан деректі де болады олар орыс тілінің заңдылығына байланысты өзгеріп отырады: память, штраф /31/, формы, закон /189/, сход /40/, партия /43/, программа /63//64/, манифис /66/, манифес/62/, закот, карантин, минут /128/, партия /40//40/, рапорт /60/, телеграмма /26/, сьезд /117/, повестка /31/, партия /35//36/, протокол /40/, медаль /62/, наград /62/, микроб /57/, медаль, орден, бриллиант, рамкасы /41/, телефон /26/, почта /26/, паралич /26/, параход /26/.
Басқа сөз табынан кірген сөздер: ни как нельзя /117/, ступай, пошел /178/, ничего /186/, откырыто, жалко, первый, грош, отказ /75/, миллион /220/, мелонхолик /29/, сумаш /29/ /соңғы екі сөз араб тілінен енген кірме/. Тәуелдік жалғауының II жағы: банкаң /186/, публикгің /г/ игере алмаған/ түрі.
Қорыта келгенде М-Ж. Көпеев шығармаларындағы орыс тілінен енген сөздер тобы белгілі бір морфологиялық-грамматикалық қатынастарға түсіп, стильдік қызметтер атқарып тұрғандықтан оны былай еді деп түзеудің өзі әбестік болар еді. Тұлғасын сақтаған кірме сөздер қазақылық қосымша жалғанған соң әнтек болса да мағынасын өзгерткен. Орыс тілінде бұлай қолданылмайды. Дәуір тынысымен жеткен сөздер, белгілі дәрежеде қазақтың әдеби тіліне сіңіп кете алмады. Сол уақыттарда заман ығымен бұл сөздер қолданылғанымен кейінгі кезде бірен - сараны ғана болмаса, көбі қазақ жазба әдебиетінің қолданысынан түсіп қалды. Тек қана кейіпкерлер тілінде, не заман келбетін көрсету үшін көркем әдебиеттерде кездеседі. М-Ж. Көпеев орыс тілін қолданғанда әсіре, сән қумаған, шығармасына эмоцияналды-экспрессивті бояу беру үшін пайдаланған.

11 М - Ж. Копеев и русский язык




В историческом периоде казахского языка место варваризмов еще не определено. В общем, в отрасли лексикологии казахского языка, есть многосторонние разговоры про варваризмы, нельзя выводить, на нет эти разговоры. Но нельзя сказать, что полностью исследованы фонетический, морфологический, грамматический составы варваризмов. Очень трудно назвать какого народа, какое слово. Как только человек появился на земле, начались междоусобицы. Захват чужого добра, земли породило политику силы. Это в свою очередь привело к субстрату языка. В особенности, если какой-либо народ захватывал земли другого народа, то чтобы удержать захваченные земли, нужно было заставить принять свою веру и научить своему языку. В итоге переселения тюркского народа, языки многих народов подверглись ассимиляции, многие народы начали разговаривать на тюркском языке и соблюдали тюркские традиции. Сам тюркский народ был вынужден придерживаться традиции других народов. Появились тюрки арабы, персы тюрки, тюрки европейцы и т.д. Некоторые из них вернулись к своим историческим землям. Через века потомки тюрков сами не поняли, как оказались вторыми, может третьими, четвертыми носителями своего же древнего языка. Некоторые слова через столько времени возвращаются в свою историческую родину. Забытые слова приходится наоборот переводить. Это не только проблема казахского народа, но и многих других народов. В наше время если мы даже и говорим что, то слово наше, то слово ваше, ученые лингвисты могут доказать этимологию определенного слова. Слова, которые превратились в достояние другого народа, невозможно вернуть на свою историческую родину. Исследовать язык, знать этимологию его происхождения, это наше бесценное богатство. Варваризмы начали внедряться в казахский язык в 17 веке, когда Российская империя колонизировало разрозненные Казахское ханство. В произведениях М-Ж. Копеева существует много варваризмов, так же много русских слов, которые подверглись казахскому сингармонизму. Например: болыс (волость), кандидат, сияз (съезд), сот (суд), старшын (старшина), майыр (майор), шен (чин), партия, расход, лапке (лавка), баркыт (бархат), самауырын (самовар), кателешке (каталажка), закон, мелиш (мелочь), барабан, зауыт (завод), машине (машина) и т.д. В трудах М-Ж. Копеева существуют так же варваризмы, которых нет в других литературных произведениях, которых не было в употреблении народа или очень редко встречались. Эти варваризмы: адвокат, доктор, губернатор, начальник, визит, монастырь, ладан, штык, картечь, такт, номер, химия, трагедия, единица, ноль, образование, назначение, посредник, жеребе, прошение, дознание, прямота (занимайся прямотой), икра, фабрик, электр (электричество), миллион, румке (рюмка), стакан. Но самое большое количество варваризмов было внедрено во времена Советского союза. Например: Совет, колхоз, совхоз, звено, ферма, самолет, бригадир, агроном, инженер, комсомол, дипломат, индустрия, автомат, кочегар, токарь, станок, бассейн, институт, роман, повесть, поэма, либретто, вольт, оптика, атом, гидромеханика. Также немало слов было заимствовано слов русскими у тюркского народа. Например: арба, арбуз, аргамак, арык, алтын, аршин, бай, баклажан, балык, барыш, башмак, беркут, буран, барсук, басмаш, вьюк, деньги, изюм, ишак, кабан, каракуль, кинжал, кишлак, кумыс, камыш, каторга, капкан, кендирь, кочевать, курган, курдюк, лошадь, отара, сабан, сазан, саксаул, саман, тесьма, тулуп, туман, табун, тау-сагыз, урюк, утюг, чабан, чекмень, шаровары, янычары.
В итоге, русские варваризмы, которые есть в произведениях М-Ж. Копеева нельзя изменить или исправить, потому что они подверглись грамматическим и морфологическим изменениям, каждое слово выполняет свои стилистические функции. Но, варваризмы, существовавшие до недавних времен, в некотором роде так и не смогли внедриться в казахскую литературную речь. В далекие времена варваризмы, которые использовались по случаю судьбы, уже в наше время многие из них не используются в казахской литературной письменности. М-Ж. Копеев использовал варваризмы только для того чтобы придать тексту эмоционально-экспрессивную окраску. Он не думал использовать варваризмы, слова сами находили свои места в его произведениях.
12 М - Ж. Көпеев шығармаларындағы қырғыз сөздері

М-Ж. Көпеев жазбаларында да Қырғыз туғандар турасында жиі айтылып, жиі жазылады. М-Ж.Көпеев қой жылы 37 жасында Бұқар, Қоқан, Қырғыз елін аралайды:


Алатау: жері-шүйгін, малы-семіз,
Қызығын жатыр екен көріп Қырғыз,
Ойдағы-қырдағы Арғын бас қосқанда,
Тып-түгел бас-аяғы болдық сегіз.
Аулынан өтіп кеттік Алтай-Қырғыз,
Бір жерде және түсіп, шай іштік біз,
Көк пен жер ортасындай жермен жүрдік,
Бір жағың тау болғанда, біржағың–құз
-деп, ақын Қырғыз жері туралы осылай жырлады «Ышқышбап сапары»1.
Бөлтірік би мен қырғыздың шешені айтысыпты. Айтыс мәселесі байлық туралы болса керек. -Қырғыз шіркіннің байлығы ғой, көшкен сайын ошағын жұртына қалдырып көшеді ғой депті. Ол сөзінің мәнісі қырғыз ошақ алмайды, үш тасты ошақ қылып қазан асады, көшкенде ол тасты артып көше ме, жұртта қалмақ қой-деген екен. Қырғыз ханының жалғыз ұлы қайтыс болып, қазақ жиналып барған екен. Сонда Бөлтірік би: «Аққу құсқа оқ тисе, қанатын суға тигізбес, ақ сүйекке оқ тисе, қарашаға сырын білдірмес» - деген. -Хан басыңды көтер мұңайтпа еліңді, беліңді бекем бу дегенде, қырғыз ханы күліп жіберіп, мына өзіңнен бұрын келгендерді былшылдатып қойған өзің екенсің ғой-депті. Сөйтсе Бөлтірік би мана келгендерді біреуіне: «Жазғытұрғы кез, жаманшылық уақ қой, өйтіп-бүйтіп бір сабаны әрең толтырып алып келдік дейсің» - депті. Екіншісіне: «Түйе шіркін мен төре шіркін басы бір қисайса оңа ма» - деп айт десе, және бірің «Төре өлмегенімен көп бола ма, бір қалса да тек болама» дегейсің. Түк білмейміз, не айтамыз дейсіңдер осы сөздерді айтыңдар деген екен. Міне, қайғырып жатқан қырғыз ханының көнілін осылай тауып, достық көңілін білдірген екен. Бөлтірік шешенге Қырғыз достығы тереңінен тамыр тартады. Сол себепті, Шоқан Уәлиханов, Мұқтар Әуезов, Әлкей Марғұлан «Манас» жырын зерттеп, Түркі тектес елдердің асыл мұрасы ретінде бағалады. «Манас» адамзаттың «Манасы» болды. Демек, М - Ж.Көпеев Қырғыздар турасында жылы-жылы сөз айтып қана қоймай, Қазақ Қырғыз байланысы жөнінде айтылған аңыз-әпсенелерді ауыз әдебиетін жинаған үлгілерімен бірге реті келгенде хатқа түсіріп, келер ұрпаққа аманат қылып тастап кетуі тегіннен-тегін емес еді1. Ұлы ақын Абай Құнанбаев: «Дін исламға кіре алмай қалған, осы күн де Күншығыс Сібірінде қазақтың ағайындары бар. Тілінен, әдебиетінен, түсінен туысқандығы анық көрініп тұрады. Әсіресе, Енесейдегі гүбірнеде Минусинскі уезде «ясашынай татар» атында бір халық бар. Қазақты өздеріне ағайын тұтады дейді, және бір тұқымдас екендігіне көрген кісі таласпайды. Тағы еш қазақ, қырғыз бен қазақтың бір тұқымдас екеніне таласпайды. Сол Қырғызды қытайлар «брут» - деп атайды, өз тауарихларында оның себебін неліктен қытайлар «Брут» дегенін еш білдім дегенді көрмедім. Біздің қазақтар Бийскідегі, Кузнецкідегі қалмақтарды «білеуіт» - дейді. Менің ойым:осы «білеуіт», «Брут» бір сөзден шыққан деймін, о да қырғыздың нәсілі болмағы таң емес. Ол татарлар ұрысшыл, аңшыл, не болса соны киіп, не табылса, соны ішіп-жеп жүрген бір тұрпайы халық екен. Олардын орны Енесей Аңқара суының бас жағында болыпты. Солардың аңшылар жыл жүріп, екі жыл жүріп қайта тұғын әдеттері бар екен. Сол аңшылардың естіген, көрген хабарымен бұрын көрмеген жерге, болмаған мақтау айтылатұғын әдетіменен қысы аз, жазы көп дегенде әуелден өздері жер шаруасы қылмай, мал сақтаушы халық болған соң «мал сақтауға жақсы жерге барамыз» - деп, бұл жаққа қарай неше мәртебе халық шығыпты. Соның бірі біздің қазақ екен. Қай-қай жерменен келгендігі, қаншажылда келгендегі мағұлым емес. Әйтеуір, Алатаудың бөктеріне келіп, мекендеп тоқтапты. Қырғызға қырғыз деп ұйғыр хандарының бірі ат қойса керек. Олардың атты әскерінің алдыменен жүретұғыны солар боп қырғыз аталыпты. «Өлтірт, жоғалт» яғни дұшпанды қырушы дегеннен қойылыпты. Ол уақытта жай жатқан момын қазақтың «Аруақ аттаған оңбайды», «Ер азығы мен бәрі азығы жолда болса керек» - деп, «Аттанып барып жылқы алған, ат үстінен ұйқы алған» - деп, барымташыны мақтап, бұзылған кезі Шыңғыстан соң болса керек»1.
Қырғыздардың шығу тегі туралы Қытай шежірелерінен, Шығыс тарихшыларының еңбегінен, Клапорт пен Абель Ремюза, Cен-Мартен Д’оссон, Әбілғазы мен Рашид-ад-дин т.б. еңбектерінен табамыз. Қытайлар Тан, Юань әулеттері жөніндегі оқиғаларда көшпенділерді тіліне тиек қылған дегенмен, Ш.Уәлиханов айтпақшы: «Қытайлардың шетелдік атауларды өздерінің ироглифтарына тек дыбыс жағынан ұйқастығы барқытай сөздері арқылы үндестік тәсілімен аударуды оның үстіне дәлдікті өздерінің ироглифтарының тәлкегіне құрбан еткен арсыздығы, ақырында олардың варвар ордаларындағы оқиғаларды, әсіресе, Тан және Юань әулеттерінің аралығындағы болған оқиғаларды бақылаудағы тиянақсыздығы, қытай тарихында сақталған фактылар көп болса да бұл мәселені анықтауға мүмкіндік бермей отыр» - дейді2. Қытай шежірелері Қырғыздарды Орта Азия ерте заманғы тайпалар қатарына қосады. Клапрот Қырғыздардың қонысы Енесей болған дейді. Абель Ремюза қырғыздарды көк көзді нәсілге қосады да үнді-герман тайпасы деп санайды. Риттер қырғыздарды үнді-германдық үйсіндер мен түрік хойхуынан өрген тайпа дейді. Ал, қытайлар кейде бүгінгі буруттардан киликидзилерде ажырата отырып, Тибетті мекендеген полу халқынан шығарып буруттар дейді. Левшин Фишердің Алатау қырғыздарының Енесейлік дегеніне қосылады. Н.Я.Бичурин Монғол әмірінің негізінде жазылған тарих Қытай деректерінен артықшылығы барлығын, Қытай дерегі Юань әулетінің хронологиялық фактілер үшін алынғанын жазады. Шыңғыс әулетінен шыққан алғашқы төрт ханның тарихы” Қытай тіліне аударылған. СПб. 1829 жыл1. Қытай жазбаларында белгілі бір халықтың аттарының өзгергенін жазады Мысалы: «Укажем главнейшие: қырғызы Енесея–гяньгунь (цзяньгунь), гэгу, цигу(кигу), хакас, хакяньсы, киликидзы, уйгуры-гаогюй, хойху, вэйвуэрр»- деп жазады2. Н.Я.Бичурин (Иакинф) еңбегіне сүйене отырып Лев Гумилев: Қырғыз қағанатының кіндігін құраған Хакасияда темір көптеген жерлер де өндірілегенге ұқсайды. Қарағай ормандары атаулының бәрінен ертедегі темір балқытатын пештер орыны кездеседі. Алтай тауындағы сияқты бұл арада да еңбек құралдары мен құрал- жарақтар-семсерлер мен қанжарлар, сол сияқты ат ер-тұрмандарының бөлшектері жасалған деп С.В.Кисилев пікірін қолдайды3. Бағзы замандағылардың тіршіліктерінен қалған ескерткіштер Хакас Минусинск қазандығында, Енесей өзенінің бойындағы бассейіндерде де әлі күнге ұшырасуда Олар аңшылықты кәсіп етті, солардың етімен күнелтті. Жан-жануарлардан қалған сүйектер осыны дәлелдейді. Қола дәуірінде, біздің эрамызға дейінгі III мыңыншы жылдардың орта шенінде Хакас-минусинскі аймағында қоныс тепкен халықтар алғаш рет металдан түрлі құрал-сайман жасауды үйреніп, меңгере бастады. Олар тәңірім деп, от пен күнге табынды. Хакас жерін мекендеген халықтардың түсі ақсары, шашы қара, алғашында мығым денелі аласа бойлы болса, Орал өзенінен Батысқа дейін қоныс тепкен андроновскі тайпалары көбіне сұңғақ бойлы да еуропалық халықтардың түсі ашық болады. Татар мәдениетінің дамуы Оңтүстік Сібір мемлекетінің құру негізін қалады. Ш.Уәлиханов: «Оңтүстік Сібір алғашқы дәуірдің өзінде-ақ қырғыздардың көшіп-қонып жүрген тұрақты жері болған. Бұл даусыз ақиқат» - дейді1. Бұл мемлекетті қытайлық шежіреде «Динлинго» - деп атайды. Орта Азиядан келген ғұндар Алтай, Тува (Тоба) тайпаларын ығыстырды, әскери қақтығыстардың салдарынан ыдырап кетті. Ш.Уәлиханов бұны: «Саяси төңкерістер мен соғыс атаулылардың баршасы да халықтарды қозғалтып, қоныс аудартып отырған» - деп жазды2. Ғұндар Саян, Алтайды ғана емес, Байкал өңірін де жаулап алды. Ғұндардың шапқыншылығы Оңтүстік Сібір этникалық топтарының даму тарихи үрдісін тежеді. Ш.Уәлиханов: «Жалпы қозғалыс тасқыны ағызып әкеткен түрлі тайпалардың бөлімдері басқа тайпалармен араласып, өздерінің бұрынғы қоныстарынан алыстап, мүлде басқа бір жақтан барып шығып отырған» – деп жазды3. Мұның өзі халықтың этникалық құрамының түр-түсінің өзгеруіне, жаңа қоғамдық және этникалық қарым-қатынастың пайда болуының бірден - бір себебшісі болды. Сөйтіп динлиндермен түркі тектес гяньгундердің араласуы басталды. Гяньгун деген-қырғыз деген сөз. Тарих бұл аймақта екі этникалық топ: дилиндир мен гяньгундердің өмір сүргенін дәлелдеп отыр. ҮI-ХII ғасырлардағы Хакас мемлекеті - бұл ертедегі Гяньгун мемлекеті (қырғыз) деп жазып қалдырып отырғаны, олардың мекені Қырғыз-нұр деген көлдің маңы болған. Ғалым С.Ахинжанов: «Киргизы сидели на Енисее, затем в ходе завоевательных походов образовали крупное Древнехаканское гасударство-Кыргывский каганат, вклучавщее в свой состав Алтай и его северные, степные предгорья» - дейді4. Қырғыз - нұр тек қана қырғыздардың мекені ғана емес жалпы түрік атауының шыққан жері еді. Бұл туралы құмықтық Мұрат Аджи: «Например, всем хорошо известное название Енисей способно поведать немало. Топонимика раскрывает тайну звуков, скрытую в нем. В верховьях этой реки, оказывается, были очень древние поселения как народ! -появились как раз здесь. Они назвали реку Анасу, что означает «мать-река…»»1.
Төрткүл әлемге танымал атақты жазушы Қырғыз мәдениетінің шоң жұлдызы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтыматом «Ақ кеме» деген кітабында: «Бұл баяғы болған хикая сол бір ерте заманда да жер бетінде шөптен ағаш көп екен, шөлден көл көп екен. Суы мұздай үлкен өзен жағасын қырғыздардың бір тайпа елі жайлапты. Ол өзеннің атын Енисей дейді екен. Ол өзі бұдан алыста, Сібір дейтін жерде ағатын көрінеді, осы жерден атты адамның өзі үш жыл, үш айда зорға жетеді. Қазір ол өзенді Енисей деп атайды. Алғашқы аты Енисей ғой. Ол туралы мынандай өлең бар екен:
Сенен де кең су бар ма екен Енесай,
Сенен де өткен жер бар ма екен, Енесай,
Сенен терең мұң бар ма екен, Енесай ,
Сенен еркін ел бар ма екен, Енесай?
Сенен өткен су болмайды, Енесай,
Сенен әсем жер болмайды, Енесай,
Сенен терең мұң болмайды, Енесай,
Сенен еркін ел болмайды, Енесай…”.
Сөйтіп, Шыңғыс Айтматов тарихи шындықты өзінің еңбегінде арқау етті2. Тунгус-маньчжур тобындағы эвенгі, негидаль тілдерінде «йэнэ» тұлғалы сөз «үлкен өзен» мағынасында қолданылады. Ал маньчжур тілінен бастап, осы топтағы басқа да тілдерде «эйэ» түбірі «ағу», «ағыс» дегенді ұғынылады. Екі түбірді қатар қойсақ «йэнэ эйэ» тіркесі туып, берер мағынасы – біздің тілімізде «үлкен өзен ағысы» болып түсіндіріледі. …тілдің даму дәрежесіне байланысты бірінші сөздегі бастапқы, екінші сөздегі соңғы дыбыстар түсіріліп, «с» дыбысының қосылуы ғажап құбылыс емес. Алғашқы екі сөз «энэ эй» қалпына дейін қысқарып, ортасына «с» дыбысы қосылғанда «энэсэй» қалпына жетпек1. Біздің дәуіріміздің І ғасырдың басында үлкен соғыс нәтижесінде Қырғыздар Қырғыз-нұр маңынан көшіп, Алатау асуға тура келді. (Жас алаш) Марат Әбдіхалықовтың материалы2. Бұл туралы М.Дүйсенов: «Қырғыз-хакастардың түркі тілдес халық екені белгілі. Ал олар ертеде, тіпті, хун тайпалық одағы тарихи сахынасында шықпай тұрған кездерде-ақ өздерін «күн» деген болса керекті, «Гэгүнь»» деген3. Жалпы, «Енесай» өзені мен «Енесай» «Орхон-Енесай көне түркі ескерткішінің» арасында тығыз байланыс бар. Ш.Айтматов пен М.Шаханов бірлесіп жазған «Құз басындағы аңшының зары» (Ғасыр айрығындағы сырласу) диалог-кітаптарында Ш. Айтматов: Моңғол жерінен табылған ескерткіштегі, Талас жерінен табылған руникалық жазбаға, Әулиеатаға жақын табылған ескерткіштердегі Қырғыз батырларының аттарына тоқталып өтеді4. Расында да, «Ежелгі дәуір әдебиетінде» қырғыздар туралы айтылып, олардың ерліктерін жырлайды5. Жазба әдебиетіміз жоғалып кеткен түркі тектес халықтар өз тарихын аңыздан алатын әдеті. «Бұғы» ана да Қырғыздардың пір тұтатын қасиетінің бірі. Ш.Уәлиханов: «Мүйізді ананы Ыстықкөлдің қамқоршысы деп санайды және халықтың пікірінше оның рухы Ыстықкөл аймағын қорып, шарық ұрып,ұшып жүреді екен»6. Ш. Айтматовтың кітабындағы Мүйізді Бұғы ана әлем жақтаушысы Момын шал сол аңызды жеткізуші кейінгі ұрпаққа аманат етуші. Оразқұлшыларға қарсы күресуші Момын «Мүйізді Бұғы ананың» аруағына сиынады, әділдік, шапағат күтеді.
Екінші бір аңыз түрік елдерінің өздерін көк бөріден таратады. Бұл дәстүр қырғыздарда да сақталған. «Алатау қырғыздарының ең көне және өте қызық аңыздары өздерінің ара-тегі туралы аңыз екендігінде күмән жоқ. Олар өздерінің шыққан тегің, арғы атасын қызыл ит деп санайды, бірақ онда ғажайып құбылыстың қалай болғаны жайлы түсініктері әрқилы» - дейді Ш.Уәлиxанов1. Қырғыз мәдениетінің жоғарғы сатысы «Манас» жыры. «Манас» жырын ғылыми тұрғыда ең алғаш зерттеуші ғалым, қазақ топырағынан шыққан Ш.Уәлиханов болды. «Манас» - бүтін бір халықтың шығармасы, соның көпжылдық творчествосының жемісі –дала Илиадасы деседе болғанда» - деді2. М.О. Әуезов: ««Манас» целыи океан поэзии. На всем протежении этои циклическои поэмы мерная , стихотворная речь ни разу не прерывается про заическим повествованием» - деп баға берді3. М.О.Әуезов манасшылар Сағымбай Оразбақ, С.Қаралиевтарды өте жылы шыраймен еске алады. Манасшылар жайындағы естелікті Ш.Айтыматов, М. Шахановтың бірлесе жазған сұқбат кітабынан да оқи аламыз4. «Манас» жырын түркі дүниесінің бір құрамдас бөлігі ретінде қарастырған ғылымдар: Ә.Марғұлан «Шоқан және Манас», Р.Бердібай «Манас» және қазақ эпикалық дәстүрі», Ә. Деріпсәлі «Шоқан «Манас» туралы», Н.Мұқаметханұлы «М. Әуезов» және «Манас» эпосы бұл - құнды дүниелер «Манастың» 1000 жылдығына арналып шығарылған жинақта басылып шықты5. Қырғыз тілін ең алғаш зерттеген қазақтың түркітанушы ғалымы - Ш. Уәлиханов. Н.А. Баскаков қазіргі түркі тілдерін батыс хун бұтағы және шығыс хун бұтағы деп бөледі де, әрбір бұтақты бір неше топқа таратып, былайша топтастырады: Түрік тілдерінің шығыс хун бұтағы оның ішінде Қырғыз-қыпшақ тобы: бұл топқа енетін тілдер: қырғыз тілі (Қырғызстанда, Өзбекстан, Тәжікікстан, Қазақстанда, Қытай, Монголия, Ауғаныстанда (алтай тілі) Алтай өлкесінің Таулы-Алтай автономиялы облысында) Тюркологияда түркі тілдерінің бұдан басқаша түрде жасалған классификациялары да бар. Бұл жөнінде Қ. Ахановтың еңбегінде өте жақсы жазылған1. Ш.Уәлиханов: Алатау қырғыздары Шығыс Түркістанда үстем болып отырған диалектіге өте жақын түркі тілінің негізінде сөйлейді - дейді2. Ш.Уәлиханов қырғыз тілін үйренушілерге арнап арнайы сөздікте жасаған. Мысалы, қопмақ, мұштамақ, чұғылмақ, саймақ, аяч, чоң, мала, инек, қона, масал, қалып, нарқ, тан, шүлжең, эрр, эррчи, қомуз, қияқ, айл, қышық, түгел, дулой, асты, иңир, эми, мық, тұлға, қибяз, шуру, көөкөр, күк, чоөчөк, т.б.3. Бұның ішінде «мық» сөзі “Етікшілер істеген мығын ұнатқан соң, әскердің етігіне мық істеудің міндетін алып, көп мал тауып, ақыр өміріне шейін кемдік көрмей тіпт і -міс» /Ы.Алтынсарин/ пайдаланған. Ыбырай шығармасында «мық» «уақ шеге» орнына жүрген. С.Хасанованың еңбегін қараңыз4. Қырғыз сөзі «шоң» да кездеседі. М.О. Әуезовтің “Абай жолы” эпопеясында:
Бірің тоңып, бірің оң, жұмысы жоқ,
Ойында түк кірмейді Кәкітай шоңның5.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет