Түркі ынтымақтастығы және ғылыми интеграция Қазақстанның сыртқы саясатта «көпвекторлы»



бет3/24
Дата15.12.2023
өлшемі391.18 Kb.
#486685
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Лекциялар Түркі әлемі және интеграция

Лекция тақырыбы: Ғұндар
Жоспары:
1. Ғұндар тарихы бойынша тарихи деректер.
2. Алғашқы орналасу террриториясы.
3. Ғұндар империясының құрылуы.
4.Еуропалық ғұндар.
5. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
Лекция мақсаты: Еуразия даласында империялық билік құрған Ұлы Ғұн мемлекетінің тарихы ерекше орын алады. Ғұндардың тарих сахынасына шығуы, Мөденің тұсында жасалған әскери реформа, Атилланың Еуропаға жорығы және Еуропа тарихындағы ғұндардың ролін түсіндіру.
Лекция мәтіні:
Ежелгі хундар туралы ең алғашқы жазғандар қытайдың әйгілі үш тарихшысы еді. Олар: Біріншісі -Қытай тарихшыларының атасы деп саналатын Сыма Цянь (б. з. б. 135-67жылдар). Оныңеңбегі «Ши-цзи» («Тарихижазбалар») 130 бөлімнен түрады. Соңғы бөлімінде Сыма Цянь хундар, Орта Азия халықтары, оғыздар, каңлылар, үйсіндер, қырғыздар және басқалар туралы да жазыпты. Хундар туралы ол келтіретін мэліметтердің бәрі өте қысқа - үзінді түрінде.
Екінші тарихшы - Бань-Гу. Ол жазған еңбек «Цянь Хань-шу» («Батыс Хань мемлекетінің құжаттары») деп аталады. Бұл еңбек біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылдан басталып, біздің заманымыздың 25 жылына дейінгі оқиганы камтиды.
Үшінші тарихшы - Фай Е-нің «Хоу Хань-шу» («Шығыс Хань мемлекетінің құжаттары») - жоғарыда аталған екі тарихшының ізімен жазылған аса қунды еңбек. Бір артықшылығы - түркі халықтары туралы арнайы тарауы бар. Олар: «Чжоу-шу» («Чжоу ұлысының құжатгары»), «Бэи-ши» («Алдыңғы ұлыстар тарихы»), «Түн-дянь» («Бөгде тайпалар жылнамасы»), Тайпин хуан-юи» («Көне тарих туралы дерек») және тағы басқалары.
Еуропа тарихшыларынан хундар туралы жазған Аммиан Марцеллин - біздің заманымыздың IV ғасырындағы Рим тарихшысы. Ол біздің заманымыздың I ғасырынан V ғасырына дейінгі хувдар туралы маңызды деректер қалдырған. Оның еңбегі -»Іс-қимылдар» деп аталатын 31 кітаптан түратын шығарма. Ал Гот тарихшысы, біздің заманымыздың V ғасырында емір сүрген Иордан хундар көсемі Ругила, Аттила басқарган мемлекет туралы және Аттиланың Римге жорығы туралы, соғыстың жеңістері жөнінде ете бағалы мэліметтер келтірген.
Орыс тарихшылары ішінде аса құнды деректер жазған Бичурин Н. Я. (1777-1853)- архимандрит, орыстың белгілі кытайтанушысы, 1807 жылдан бастап 14 жыл бойы Пекиндегі Орыс діни миссиясының басшысы болып, сол кезде қытай тілін үйренеді. Негізгі еңбектері Орта және Орталық Азиядағы түркі тілдес халықтардың көне тарихы мен этнографиясын қытай деректемелері бойынша зерттеуге арналған.
Хундар тарихнамасына айтарлықтай үлес косқан ғалымдар Н.А.Аристов, В.В.Бартольд, Л.Гумилев, Қ.Акишев, Г.А.Қушаев, әкелі-балалы Аманжолов С. және Аманжолов А. еңбектерін айтуға болады. Аристов Н. А. Түрік тайпалары мен халықтарының этникалык құрамы және олардың саны жөніндегі мәліметтер туралы макалалар (СПб, 1887), «Живая старина» («Тірі ескілік»), 1896; Бартольд В. В. История турецко-монгольских народов. Ташкент, 1928; Бартольд В.В. Соч., т. 5. 1964; Гумилев Л. Н. Хунны: Средняя Азия и древние времена. М., 1960; Гумилев Л. Н. Қиял патшалығын іздеу. Алматы, 1992; Акишев К., Кушаев Г. А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. Алматы, 1963).
Хундардың шығу тегі туралы тарихшылардың зерттеулеріне сүйенсек, б. з. б. IIIғасырда хундар түркіше сөйлеген және олар қаңлы, үйсін, кырғыз т.б. жиырмадан астам түркі тайпаларымен бірге өмір сүрген. Өткен ғасырларда-ақ Еуропа ғалымдары хундардың кім болғанын, Еуропаға қайдан келгені туралы ғылыми зерттеулер жүргізе бастаған. Хундар өздерін әр түрлі атаған: монғолмыз, түрікпіз, славянбыз, неміспіз, иранбыз деген жәнебасқа да халыктарды айтқан. Кейінгі жылдары қазіргі Монғолия мен Байкал өңірінде көп ғасыр өмір сүрген сюннуларды (хундарды) жамандап жазған қытай жазбалары табылды. Қытайлардың оларды жек көруінің себебі де бар еді. Сюннулар (хундар) туралы жазылған бір қолжазбада мынадай мінездеме берілген: «Дәстүрлері бойынша малдың етін жеген, оның сүтін ішіп, мал терісінен киім жасап киген, малдары шөп жеп, су ішкен, жылдың әр мезгіліне карай су, шөп іздеп олар бір орыннан екінші орынға көшіп отырған. Оларда ішкі және сыртқы қорғандар жоқ, тұрақты мекен-жайлары жоқ, қалалары болмаған және жер өңдеумен айналыспаған. Әрбір еркек жауынгер болған. Соғыста құстардың тобы сияқты жауына бәрі кұлшына жабылады, ал жеңілген кезінде бытырап кетеді, сонан соң қайта жиналады» дейді.
Сюннулардың тарихы кытай жазбаларында біздің заманымыздан бұрынғы 403 жылдан басталады. Біздің заманымыздан бұрынғы 206 жылы олардың көсемі Мөде еді. Ол жоғары қолбасшының баласы болғаны айтылады. Қытайлар түркілерді сюннулардың (хундардың) ұрпақтары деп есептейді.
Түркі тайпаларының көпшілік бөлігі ертеде Алтайды мекендегенін түркі халқының аңыздары, тайпа, өзен, кен, тау аттары айғактайды. Түркі халқының шығуы туралы ешқандай нақты дерек болмағанымен, хун империясы ежелгі түркі мемлекеті болып саналады.
Орыс ғалымы Н. А. Аристовтың айтуынша, б. з. б. IIIғасырда хундар түркіше сейлеген. Хун замандастарына кангюйлер, үйсіндер және Жетісу бойынан ығыстырылған сақтар (қытайша: сэ) жатады. Сол кездегі Енисейде тұрған қырғыздар қытай деректеріндегі хундар дәуірін, б. з. б. 201 жылды еске түсіреді. Ежелгі қытай транскрипциясында қырғыз деген сөз - гяныунь.
Ғасырлар бойы сахарада айтылып келген ертегі-жырды, аңызды, әңгімені ең алғаш шығарып таратқан көшпелі түркі тілдес елдер. Олардың ішінде жұртшылық жүрегінен белгілі орын алып, тарихта көрнекті ат қалдырғандар үйсін мен қаңлылар, қырғыз бен ұйғырлар, одан бергі оғыз бен қыпшақтар, карлық, керей, наймандар еді. Бұл елдердің ішінде ұйғыр мен қырғыз жұрты болмаса, өзгесінің барлығы тарихи дәуірлерде бүгінгі қазақ даласында тіршілік жасап, олардан тараған рулардың көпшілігі бері келе қазақ елінің іргесін кұруға негіз болды. Сондықтан, бұл айтқан ескі рулар жасаған мәдениет бұйымының іздері де, оның ішінде халық жыры, эпос, ою-өрнек, сәулет өнері, жұртшылық салты, елдік заңы, барлык рухани тіршілігі сахараны үздіксіз коныс еткен, олардың түбегейлі мұрагері қазақ елінің тұрмысында ашығырақ сақталды».
Бұдан шығатын қорытынды: түркілер - хун ұрпақтары, адамзат тарихында ежелден келе жатыр. Олардың қалыптасуын ежелгі Қытай, Грек, Рим жұртының қалыптасу тарихымен қатар қойып салыстыруга болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет