Түркі ынтымақтастығы және ғылыми интеграция Қазақстанның сыртқы саясатта «көпвекторлы»


Ғұндардың алғашқы орналасу территориясы



бет4/24
Дата15.12.2023
өлшемі391.18 Kb.
#486685
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Лекциялар Түркі әлемі және интеграция

Ғұндардың алғашқы орналасу территориясы
Хундар жұрты үш бөлікке бөлінген. Біріншісінің ішінде сюннулар болды, олар біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықтың-ортасынан бастап Хуанхэ өзенінің орта тұсы мен төменгі ағысындағы қазіргі Қытай жерін және Орта, Орталық Азияның көп бөлігін қамтып, Шығыс Түркістаннан Оңтүстік Манчжурияға дейінгі аумақты алып жатты.
Екіншісі - біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықта сыртқы Монғолияда, солтүстік Манчжурияда түркі-монғол тілінде аралас сөйлеген сэнбилер. Кейіннен сэнбилер солтүстік Вәй әулетін құрған (386-534 жылдар).
Үшіншісі - түркі тілінде сөйлеген тайпалар коныстанған орта. Мұнда Ішкі Монғолияда, Байкалда, Ордостан (Ордос - Қытайдағы өзен) Алтай, Тарбағатай, Жетісуға дейінгі жерлерді мекендеген хун тайпалары қалыптаса бастайды. Бұл тайпаларда түркі тіліңде сөйлеушілер көбірек болған, ал Бұлар бұрынғы сақ тайпаларының ұрпақтарымен көрші тұрған.
Осы аталған хундар мекендеген үш бөліктегі жерлерде түркілік және монғолдық тіл тобына жататын тайпалар одағы араласып тұрған. Ал олардың батысқа өтуі ерте басталады.
Бұлар Еділ мен Дунай Бұлғарларының тілдерін керсетеді (Бұлғарлар славянға жатпай тұрғанда). Қазіргі уақытта Бұлғарлардың, чуваштардың тілінің негізгі бөлігі Еділ бойындағы татарларда, гагауыздарда, құмықтарда т. б. түркі тілді тайпаларда сақталған.
Мүның бәрі біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың аяғында, біздің заманымыздың I мыңжылдығының басында болған
Ғұндар империясының құрылуы
«Сүй патшалығының тарихы» деген кітаптың «Жаграпиялық дерек» деген бөлімінде былай делінген: «Бесбалық құмды аймағының терістігі - алдыңғы хань патшалығы тұсында (б. з. б. 223-206 жылдарда) үйсіндердің дунхудағы жері, соңғы хань патшалығы тұсында (б. з. б. 225-220 жылдары) хуңдардың ордасы тұрған жер. Ордадағы (хундардың, әскери лагері мен әскери басшы ставкасы осылай аталған) үйсіндер басшысы хундардан шекаралық аймақты босатуды талап етті. Согыстан қауіптенген ақсағалдар хундардың көсемі Модеге дунхуларға жерді беру туралы кеңес айтты. Бұған Моде: «Жер - мемлекеттің негізі, оны беруге бола ма, сірә?»- деп қатты ашуланды. Сонан соң атына мінді де, соңынан ермегендердің бастарын алуды бұйырып, шығысқа қарай жылжиды. Дунхуларға тұтқиылдан шабуыл жасап, оларды талкандады, басшысын өлтірді, адамдарын және малдарын өзіне қосып алды». Хун тәңірқұтының алғашқы қадамын Сыма Цянь осылай жеткізеді.
Біздің заманымыздан бұрынғы 203-202 жылдары Моде Саян, Алтай және жоғарғы Енисей тайпаларын (оның ішінде Хакас аумағындағы ертедегі қырғыздарды) бағындырып, өз мемлекетінің солтүстік шекарасын түбегейлі орнықтырды. Бірак әлі де ең басты екі қарсыласы - Қытай мен юэчжилер (иран тілдес ұлы жүздер) қалып еді.

Б.з.б. 202 жылы Қытайда азамат соғысы аяқталды. Ел басына Хань династиясы келді. Оның негізін калаушы Лю-Бан (император Гао-ди) мемлекет шекарасын кауіпсіздендіруге тырысып, б.з.б. 202 жылдың қысында хундарға қарсы әскер шығара бастады. Бірінші қақтығыстан соң-ақ Моде кейін шегінді, ал олардың соңынан жүріп отырған Хань әскері өзінің негізгі күшінен бөлініп, көз жазып қалды. Әскерімен бірге императордың өзі де бар еді. Мұны байқаған Хундар шегіністі бірден токтатып, төрт атты корпусымен императорды Байдан тауының маңында қоршауға алды. «Жеті күн бойы таудағы және одан сырттағы Хань әскерлері бір-біріне азык-түлік көмегін де, әскери көмек те бере алмады»,- деп жазады тарихшы Сыма Цянь. Батыстағы сюннулар атты әскері - ақ аттарға, ал шығыс беттегілер - тұмсығында ак дағы бар сүр аттарға, солтүстіктегілер - қара тұмсықтыларға, ал оңтүстік жақтағылар - жирен аттарға мінген».


Императорға хундармен туыстыққа негізделген бейбіт келісім шартын жасауға уәде беруден басқа жол қалмады, яғни Модеге император үйіндегі ханшайымды беруге тура келді. Бірақ император өз уәдесін хундардың дүркін-дүркін шапқыншылығынан кейін ғана орындады, ханшамен бірге жыл сайын сыйлық беріп отыруға міндетті болды. Ол сыйлықтар - жібек маталар, шарап, күріш, әшекей бұйымдар еді. Шындығына келгенде бұл салықтар көзбояушылық еді. Хундар мен Хань арасындағы бейбіт қатынас б. з. б. 166- 163 жылдарға дейін созылды. Бұдан соң туыстық пен бейбітшілік туралы шарт кайтадан басталып, жаңарып отырды.
Моде мен оның мүрагерлері, дәлірек айтқанда, тәңірқұт Лаошаньнің ең қатал соғысты ұлы жүздермен (юэчжилермен)жүргізуіне тура келді (б. з. б. 177-176 жылдары). Күрес ширек ғасырға созылды және біздің заманымыздан бұрынғы 174-167 жылдары хундар үйсіндермен одақта болудың нәтижесінде қатты шиеленіскен соғыста жеңіске жетті. Юэчилер көсемі ұрыста қаза тауып, оның бас сүйегінен тәңірқұт Лаошань ішімдік ішетін сүйек тостаған жасатады. Бұл жөнінде қытайдың жазба дерегінде: «Хундардың тәңірқұты Аслан (Лауошань) ұлы жүздер тайпасының ханын өлтіріп, оның бас сүйегінен шарап ішетін ыдыс жасаткан. Алғашында ұлы жүз тайпалары Дун Хуан мен Жылан тауы арасында отыратын, енді хундардан жеңіліп, алыстағы өңірлерге қарай ауып кеткен. Ұлы жүздер (юэчжилер) хундардан жеңілген соң Ферғанадан өтіп, Бактрияға шабуыл жасап, оларды бағындырып, өз ордаларын құрған» делінген. Осылайша Бұл жолғы шабуылдар арқылы хундар мен үйсін тайпалары ұлы жүздің қоныстарын тартып алып, оларды өз боданына айналдырған.

Б. з. б. 56 жылы оңтүстік хундар тәңіркүты Хуханьенің басшылығымен шапқыншылықтан бас тартады да, қытаймен бейбіт катынастар орнатады, ал кытайлар олардың тынышталуы үшін бәрін істеді, сөйтіп 50 жылдай уақыт бойы хун - қытай шекарасында қақтығыс болған жоқ. Солтүстік хундар тәңірқұты Чжичжидің басшылығымен Орта Азияға кетіп, одақтас қаңлы мемлекетіне өтгі, бірақ Бұл жерде хундар кытайдың экспедициялық корпусына тап болып, талқандалады. Өйткені қытайлар Чжичжиді қаңлы мемлекетімен бірігіп, Шығыс Түркістандағы билігіне қауіп төндіреді деп күдіктенген. Осы тұстарда хунтайпалары ыдырап, оңтүстіктегілері қытайдың боданына айналып, солтүстіктегілері кытай әскерлерінен жеңіліп, батыска карай жылжиды. Біздің заманымыздан бұрынғы 49 жылы Барқол маңында билік құрған хун тайпаларының тәңірқұты Шөже үйсіндердің терістік өңірдегі Күнбиіне елші жіберіп, оларды өздеріне қаратпақ болады. Қытай жазба деректері бұл оқиға жайлы былай деп жазады: «Үйсіндер тайпасы хундардан келген елшіні өлтіріп, басын кесіп алып, қытай патшаларының өкілдігі тұрған жерге жібереді. Өзі 8 мың әскерді бастап, тәңірқұты Шөжеге қарсы соғысқа аттанады. Алайда бұл жолғы соғыста үйсіндердің кіші Күнбиі атанған Өжет батыр жеңіске жетпеді».


Біздің заманымыздың 48 жылы хундар солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік хундардыңтағдыры негізінен Хань империясынатәуелді болды. Солтүстік хундар-Енисей (ежелгі қырғыз) тайпаларынан, әсіресе дуньху - үйсін ұрпақтарынан, сэнби-Манчжуриядан айырыла бастады. Хундардың ставкалары Батыс Монғолияға, солтүстік-батыс Сібірге, Шығыс Түркістанға ығыса отырып, біздің заманымыздың IIғасырының бірінші жартысында хун тайпаларының миграциясы әуелі Қазақстанның шығысына -Тарбағатайға және Жетісуға қарай ығысты. Осы кезде хундар өздерінің 5 ғасырдай өмір сүрген Юэбан мемлекетін құрды, ол мемлекеттің ордасы Балқаш көлінің солтүстігінде орналасты. Ал кейін хундар Батыс Сібір угор тайпаларымен бірге Орал, Каспий, Еділ маңыңдағы жерлерге коныс аударды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет