48
Мәзһаб туралы таным
Аббастардың ілімдеріне мұрагер болды. Он сегіз жыл
қасында болған ұстазы Хаммад сахабалар мен оның
арасындағы ең сенімді байланысшы еді.
Имам Ағзам
ең алғашқы фиқх мәселелерін реттеп, жинақ түрінде
қағазға түсіруші. Оның дәрістерін жазып,
тіркеу
жұмыстарын көбінесе Әбу Юсуф, кейде басқалары
да атқарушы еді.
Содан барып, басқа жерлерде басқа
ғалымдардың арасында осы жаңа тәсіл жайыла баста-
ды. Ғұламалар Имам Ағзамды фиқһ саласында ең алғаш
еңбек жазушы, жүйеге келтіріп, мәселелердің ара-жігін
ажыратып, дәлелдерді пайдаланудың қағидаларын
қалыптастырушы деп санады. Сондықтан «Фиқһ сала-
сында одан кейін келгендер Имам Ағзамға борышты»
деген сөз қалды. Өзге ғұлама ғалымдар ол жайында өз
бағаларын беріп кетті.
Имам Шафиғи:
«Фиқһты Әбу Ханифадан
жақсырақ білетін адам
шықпады».
Ибраһим ибн Тахман:
«Әбу Ханифа барлық пәтуа шығарушылардың бас-
шысы».
Ибн Мубарак:
«Артынан еруге Әбу Ханифадан лайығырақ ешкім
жоқ. Адал, тақуа, ғалым, фиқһшы имам еді. Ол арқылы
одан басқа ешкім аша алмаған ғылымның сырлары
ашылды».
Имам Малик Имам Ағзам Әбу Ханифамен әртүрлі
іліми мәселелерге байланысты пікірталаста болып,
кейін: «Ол шынымен фиқһ ғұламасы», – деген.
Имам Әбу
Ханифа шындығында ұлы ғұлама,
фақиһ, заманын фиқһпен толықтырған ұлы тұлға. Ол
фиқһи түсінікке жаңа әдіс ендірген еді. Әбу Ханифаның
49
Мәзһаб туралы жалпы мағлұматтар
ұстанған әдісін ешкім қолданбаған. Ол дара ойлы, нақты
тұжырым иесі болатын. Адасқан ағымдағылардан
оған қарсы шыққандар да болды.
Өйткені ол ислам
фиқһында үкім шығару үшін мықты дәлелдерді пайда-
ланып, бұлардың шекараларын белгілеген болатын.
Достарыңызбен бөлісу: