Туралы таным


Сахабаларды өзгеріс жасауға итермелеген



Pdf көрінісі
бет33/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Сахабаларды өзгеріс жасауға итермелеген 
себептер мен мәзһабтардың құрылуының 
алғы шарттары
Жоғарыдағы сахабалардың алғашқы кезеңіндегі 
жағдайлар соларға тән шарттарға сай екендігін айтып 
өттік. Алайда олардың бұл халі жалғасын таппады. 
Керісінше жаңа жағдайлар мен себептердің аясында 
тоқтап қалды. Сөйтіп олар ғылыми-теориялық тұрғыда 
және тәрбиелік жолдарында жаңа кезеңге аяқ басты. 
Енді сол жаңа кезеңге өтуге әсер еткен себептерге 
қысқаша тоқталайық.
Бірінші себеп: Исламның жайылу шеңберінің 
кеңеюі
Өзге елдермен етене араласу өзара ынтымақтастық 
пен қолдауға құрылған мәдениеттің бой көтеруіне 
негіз болды. Халықтар арасында білім саласы мәдени-
ғылыми тұрғыдан басты рөл ойнады. Аралас өмірдің 
нәтижесінде әлеуметтік және экономикалық сала-
ларда әдет-ғұрып пен тәжірибелердің, яғни өмір сүру 
салтының жаңа тәрізі пайда болуы сөзсіз еді. Бір 
жағынан ғылыми тұрғыдан ғылым мәжілістерінде әр 
түрлі діни және әдеби тақырыптарда бір-біріне қайшы 
мәселелер бой көрсетті. Құрандағы муташабих және 
мағынасы ашық емес аяттар мен ғайыпқа байланысты 
мәселелердің қозғалуы, ғалымдардың бұл мәселелер 
төңірегінде ізденуін және арнайы әдебиеттерде 
еңбектерін жинақтауына алып келді. 
Риуаят бойынша әзіреті Омар (р.ғ.) бір күні өз-өзіне 
былай сұрақ қояды: “Пайғамбары бір болған Мұхаммед 
(с.а.у.) үмметі қалайша түсініспеушілікке барады?” Осы 
сұрақтың жауабын сұрау үшін Абдуллаһ бин Аббасқа 
хабар жолдап құзырына шақыртады да оған: “Бұл 


76
Мәзһаб туралы таным
үмметтің Пайғамбары бір, құбыласы бір, кітабы бір 
бола тұра қалайша таласады?” – деп сұрайды. Абдуллаһ 
бин Аббас та былай деп жауап береді: “Әй мүминдердің 
әміршісі! Құран біздің кезімізде түсті. Біз оны оқыдық 
және түсіндік. Бірақ бізден кейін бір қауым келеді, 
олар Құран оқиды, бірақ не үшін түскендігін білмейтін 
болады. Осылайша түсініспеушілікке барады.”


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет