Туралы таным


Төртінші себеп: Дін бұзарлардың жайылуы мен



Pdf көрінісі
бет35/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Төртінші себеп: Дін бұзарлардың жайылуы мен 
мұсылмандардың арасында сенім негіздеріне 
байланысты күмән тудыру үшін әр түрлі талас 
мәселелер мен күмәнді ойлар таратушылардың 
шығуы болды
Бұл оқиғалар сахабалардың кезінде шектеулі 
болғанымен Ислам территориясы кеңеюімен бірге кең 
тарай бастады. 
Бұл тұрғыда да сахабалар мен ғұламалар тиісті 
жауабын беріп отырды. Айтыс пен пікірталастан 
шығар жол жоқ екенін көрді. Бүлікшілердің өздері 
қолданатын диалектикалық және логикалық әдістерді 
өздеріне қарсы қолданды. Бұл мәселе жайында хазіреті 
Әлидің (Аллаһ одан разы болсын) мынадай сөзі бар 
«Адамдардың білетін нәрселері арқылы сөйлесіңдер. 
Олардың қабылдай алмайтын нәрселерін қолданбаңдар. 
Әлде (оларға дұрыс түсіндірмей) Аллаһты және оның 
Пайғамбарын (с.а.у.) жалғанға шығаруын қалайсыңдар 
ма?!».
Сахабалар мен табиғиндар тарихын зерттеген әрбір 
адам олардың діннің өркендету жолындағы осы секіл-
ді еңбектерін көптеп көре алады. Сондықтан бүгінгі 
діни ғылымдардың барлығының, соның ішінде фиқһи 


79
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
мәзһабтардың негізі сахабалар кезінде қалыптаса 
бастаған деп толық айта аламыз. Өйткені жаңа шыққан 
проблемалар жаңа шешім қабылдауды талап етеді. Олар-
дан кейін аз ғана уақыт өткенде осыншалық дәрежеде 
тәсілдерін өзгертуге мәжбүр болса, ғасырлар өткеннен 
кейін, «сахабалардың кезінде неге мәзһаб болмады?» 
деп, сахабалар өмірінің сыртқы көрінісін аңсау ағаттық 
қана болар еді. Мәзһабтардың құрылымы жайлы 
тақырыпта мәзһабтың құрушыларының барлығы са-
хабалармен сабақтастықты үзбегендігін көреміз. Яғни 
мәзһаб – сахабалар кезінде басталған шариғи үкімдерді 
жүйелеу процесінің толыққан формасы ғана.


80
Мәзһаб туралы таным


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет