108
Мәзһаб туралы таным
тептер мен мәзһабтардың, олардың әркелкі ізденіс-
пікірлерінің арқасында шексіз қазына мен қадірін
ғылым жолындағылар ғана біле алатын байлық пайда
болды.
Һижри 1408 жылы (1987ж.) Ислам әлемінің бірік-
кен фиқһ құрылтайының оныншы кезекті отырысын-
да мәзһабтар арасы ихтилафтар және кейбір мәзһаб
тараптарлығы мәселесінде алған қарары да жоғарыдағы
пікірді қуаттай түседі. Сондай-ақ, бұл құрылтай бүгінгі
біз көтеріп отырған
мәселелердің маңыздылығын
айқындай береді. Мұнан бірнеше жылдар бұрын
қарастырылған мәселе бүгін бізге де келіп жетті.
Сондықтан бұл үндеумен біздің отандастарымыздың
да таныс болғанын қалар едік.
Қабылданған қарардың мәтінін бірге оқиық:
«Әлһамду лилләһи уаһдаһ, уәссалату уассаләму
алә мән лә нәбия баадаһ сайидина Мухаммадин уа алә
әлиһи уа сахбиһи уасаллим. Әмма бағд»
Ислам фиқһы
құрылтайының мәжілісі Мәкка-
Мукаррамада 1987 жыл, 17 қазан сенбі (хижри 1408,
24 сафар) мен 1987 жыл 21 қазан сәрсенбі (1408, 28
сафар) аралығында өткен оныншы кезекті отыры-
сында: «Халықтың ұстанымындағы мәзһабтар арасы
фиқһи қайшылықтар» тақырыбын және «кейбір
мәзһаб ұстанушыларды өзге мәзһаб иелерін даттауға
алып барып, орта жолдан шығаратын фанатизм»
мәселесін қарастырды. Мәжіліс бүгінгі
жас ұрпақтың
мәзһабтардың құрылымы мен мәнін білмегендіктен
олардың арасында мәзһабтар арасы айырмашылық
төңірегінде туындайтын проблемаларды көтерді.
Себебі теріс жолға шақырушылар: «Ислам шариғаты
жалғыз. Шариғат негіздері Құран мен сүннеттен
109
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
алынғандықтан ол да біреу-ақ. Ендеше мәзһабтар арасы
айырмашылық неге қажет? Мұсылмандар бір мәзһабта,
шариғат үкімдерінде бір түсінікте болу үшін неге
мәзһабтарды біріктірмеске» – деп, оларды азғыруда.
Сондай-ақ мәжіліс мәзһаб тараптарлығын және одан
туындайтын проблемаларды да көтерді. Әсіресе қазіргі
кезде пайда болған жаңа ағым мүшелерін талқылады.
Бұл ағым мүшелері жаңа ижтихад жолына шақырып,
ғасырлар бойы Ислам үмметі қабылдап келген белгілі
мәзһабтарға тіл ұзатуда. Мәзһаб имамдарының кей-
бірін адасушылықпен айыптап, халық арасында бүлік
шығаруда.
Осы тақырыпты
және оған қатысты оқиғаларды,
іріткі салушылар мен теріс жолға шақырушылардың
жеткен нәтижелерін кеңесе келе, теріс үгіт жүргізушілер
мен фанатизмге шалдыққан екі топқа да ескерту және
бағыт беру мақсатында төмендегі үндеуін жолдауға
шешім қабылдады:
Достарыңызбен бөлісу: