«умумий математика» кафедрасы



бет10/11
Дата01.09.2022
өлшемі131.94 Kb.
#460127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Абдрахманова Дип жумыс Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы

Бітіру кәсіптік жұмысымда жан-жақты зерттеу нәтижесінде келесі мәселелер қарастырылды:


Математиканың сыныптан тыс жұмыстары бойынша оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуының теориялық негіздері, мүмкіндігі мен өзіндік ерекшеліктері көрсетілді.
Қорыта айтқанда, математикадан сыныптан тыс жұмыстардың аталған ұйымдастыру формалары оқушылалрдың математикаға және оның қолданбалы саласына қызығушылығын, шығармашылығын, қабілеті мен бейімділігін арттыруға, математиканы тереңдеп оқуға өз ықпалын жасайды.
Сонымен, математиканың сыныптан тыс жұмыстары оқушылардың математикадан тыс шығармашылық қызметін дамытудың алғы шарты іспеттес деген қорытындыға келеміз.
Оқушының ой-өрісінің дамуының барлық кезеңдерінде сыртқы және ішкі қайшылықтар дамудың қозғаушы күші болатыны, оны мұғалімнің дұрыс пайдалануы, оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуының белгілі бір кезеңінде оның қызығушылығы мен қабілеті жалпы дамуға өзінің ықпалын тигізетіні дәлелденген. Шығармашылық қызметтің даму белгісіне: а) оқушының сыныптағы сабақта қол жеткізген жетістіктері; ә) дербестіктің пайда болуы және әр түрлі оқу мәселелерын шешудегі оқушының табыстары; б) шешілген мәселелердағы оқушының қол жеткізген шығармашылық қызметінің нәтижелері; в) қоғамдық белсенділігі; г)мектеп бітірудегі жетістіктері, соған сай мамандық таңдауы сияқты мәселелер алынды.
Сонымен бірге біз қызығушылық, оқу материалының себеп-салдары, ынталандыру, математикалық қабілеттілік т.с.с. сыбайлас ұғымдарды қарастырдық және осы ұғымдар туралы өзіміздің пікірімізді білдірдік.
Оқушылардың өзбетіндік шығармашылық қызметінің сыныптан тыс жұмыстарында дамуын белгілі бір процес ретінде қарастыра келіп, оқытудың жаңа әдісі ретінде пайда болған өзіндік ерекшелігі бар, оқытудың проблемалық әдістерін жетілдірдік.
Осыған байланысты біз мүмкіндігіне қарай оқу мәселелерының жүйесін қарастырдық, біздің көзқарасымызша оның шешуі оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытады. Мәселелер жүйесіне қажетті талаптарды көрсеттік.
Бітіру жұмысында мәселелер жүйесіне арнап екі мысал келтірдім. Бірінші мысал үшбұрыш элементтері арасындағы негізгі қатыстардың жалпылануы мен аналогын үйренуге арналған. Оқушылар жаңа зерттеу әдісін (салыстыру, жалпылау, аналогия), кеңістік жөніндегі түсінігін дамыту, жаңа фактілерді ашу, т.б. үйренуге арналған мәселелер шешілді.
Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өзбетіндік шығармашылық қызметін дамытуға мол мүмкіндіктер ашады. Осы заманғы мектептің негізгі мәселесі болып табылатын өз бетінше білім алу қажеттілігін қалыптастыру ең өзекті мәселенің бірінен саналады.
Осы жұмысым оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту үшін сыныптан тыс жұмыстардың зор мүмкіндіктері бар екендігін көрсетеді. Бұл мүмкіндіктер осы заманғы мектептің алдына мақсат етіп қойған ең негізгі проблемасы - өз бетінше білім алу қажеттігін қалыптастыру сияқты өзекті мәселені құрады.
Бұл жұмыс қазіргі мектептің қажеттігінен туған көкейкесті мселелерді шешуге, пән мұғалімдеріне практикалық және теориялық жәрдем болып табылады.Осы қарастырған жұмысым келешектің білікті де білгір мамандарын даярлауға аз да болса көмегін тигізсе, онда менің мақсатымның орындалғаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет