«умумий математика» кафедрасы


Математикадан сыныптан тыс жұмысындағы оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың жолдары



бет6/11
Дата01.09.2022
өлшемі131.94 Kb.
#460127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Абдрахманова Дип жумыс Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда

2.2 Математикадан сыныптан тыс жұмысындағы оқушылардың шығармашылық қызметін дамытудың жолдары

Оқу проблемасы немесе танымдық мәселе кез-келген өз бетіндік жұмыстың өзекті мәселесі болады. Кез келген танымдық мәселе психолог-педагогтардың тағы басқалардың айтқанындай берілгендер мен ізделінді арасындағы қарама-қайшылықты жағдайларды туғыза отырып қажетті мәселені түсінуге, сол арқылы ойдың туындауына себепші болады.


Танымдық мәселені шешудің дамуы белгіліден белгісізге ауысуды білдіреді, логикада солай айтылатынындай ой қорыту арқылы тікелей іске асады. Шығарылатын мәселе логикалық жолмен шешіледі, яғни ойлану жолымен іске асырылады.
Шығармашылық мәселесі интуициялық шығармашылық ойлауды, ерекше секіріс пен дәстүрлі логикалық тізбектілікті бұзады. Алайда барлық жағдайларда проблемалық жағдайдың негізіне жататын қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтарды түсіну ғана диалектикалық процесс арқылы жасалған есептің шешуіне әкелуі мүмкін. Қарама-қайшылықтарды біріктіру не аралық жалғастырушы мүшені табуға не алынған интуициялық болжамның шешуін логикалық тұрғыдан негіздеп, оның дамуын байқауға болады. Оқыту процесіндегі есептер кез келген өз бетіндік жұмыстың өзегі, ол танымдық өз бетіндік жұмыстың қозғаушы күші болады. Қазіргі шешіп отырған есептердің болашақта оқушыларға қатысты сыртқы әсері біртіндеп ішкі қозғаушы күшке айналады, өз бетінше әрекет жасауды үйренуге себепші болады.
Сонымен, өз бетіндік жұмысты оқушыларды дербес танымдық жұмысқа қызықтыру, олардың оқу әрекетін логикалық және

психологиялық тұрғыда ұйымдастыру құралы ретінде қарастыру керек. Оқушының нақты тұжырымдалған өз бетіндік жұмысы өзінің танымдық қызметінің сипаты бойынша ең болмағанда дербес күйінде қалады, бұл оның дербес қызметін дамытатын ең негізгі құрал болады.


Керісінше, өз бетіндік жұмыстың тұжырымдалған әрбір нақты түрі оқушылардың танымдық әрекетке еліктеуіне, әр түрлі құрылымда олардың ақыл-ойының белсенді қалыпқа келуіне, алдына қойылған мақсатты түсінуіне мүмкіндік тудырады. Демек, алға қойылған мақсатқа сай оқушылардың өз бетіндік жұмысы олардың белгілі бір танымдық әрекетін орындауды ұйымдастырудың құралы болып табылады.
Өзінің мазмұны бойынша әрбір оқу пәні табиғаттағы заттар мен құбылыстарда белгілі бір қасиеттер тобының бар екенін ашады. Өз бетіндік жұмыстың сипаты әрбір оқу пәнінің мазмұны арқылы қалыптасқан білім мен ондағы қасиеттер құрамына тікелей байланысты. Сонымен бірге кез келген өз бетіндік жұмыс түрі: ұсынылған есептерді шешуге мүмкіндік беретін білімді оқушылардың өз бетінше алуының қажеттігі сияқты жалпы ерекшеліктерді сипаттаушы мазмұнға тәуелді болмайды.
Бұл үшін оқушылар қызметінің екі кезеңін бақылайды:
а) сол не басқа білімдерді сипаттайтын ұғымдарға назар аудару;
б) сол білімдердің айтылуы, түсіндірілуіне ерекше көңіл бөлу.
Осы кезеңдердегі оқушылар қызметінің мазмұны:
1) ұғымдардың толығуы;
2) оларды бір жүйеге келтіру.
Оқушылардің белгілі бір жұмыстарды өз бетімен орындау деңгейі әр түрлі жағдайларда түрліше болады және сыныптан тыс жұмыстарда бұл айырмашылықтар ерекше қиындыққа айналады. Бұл жағдайларда оқушылардың танымдық әрекеті әрқашан әралуан сипатта және сыныптағы сабаққа қарағанда барынша әралуан формада болады.
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып оқушылардың өз бетіндік жұмысын келесі түрлерге бөлеміз:

  1. Үлгі бойынша оқушыларға берілетін өз бетіндік жұмыстар

Бұл түрдегі жұмыс үлгінің негізінде, жан-жақты анық нұсқаулардың жәрдемімен орындалады, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өз бетіндік деңгейін елестетіп, еске түсіруден әрі аспайды. Үлгі бойынша математикадан сыныптан тыс жүргізілетін өз бетіндік жұмыстардың түрлері барынша әртүрлі және ол мәселелерді шешудің тәсілдері сыныптағы сабақтан, сондай-ақ үйірмелерден белгілі. Мысалы, үлгі бойынша көрнекі құралдар әзірлеу, жоспар бойынша және көрсетілген тақырып бойынша әдебиетті табу, мұғалімнің нұсқауымен газеттер, плакат, стенділер шығару және т.б. Бұл мысалдарда оқушы әрекетіндегі танымдық өз бетіндіктің деңгейі тану, ойлану, еске сақтау, мазмұны бойынша еске сақтау, жаңа фактінің қорытындысын шығару, белгілі ұғымдар мен құбылыстар туралы баяндау болып табылады.
Тапсырмаларды орындауға сәйкес оқушының барлық әрекеті істің шын мәніне келгенде нағыз өз бетіндік жұмыс емес. Бұл арадағы оқушылар әрекеті жай, олардың ойының дамуына айтарлықтай әсер ете алмайды. Үлгі бойынша өз бетіндік жұмыстың міндеті мүлдем басқаша.
Оқушы жинақтаған тірек (сүйенерлік) фактілердің әсері мен әрекеттің тәсілі, білік және дағды, бұлардың берік орнығуы тағы сол сияқтылар барынша жоғары деңгейдегі танымдық белсенділікпен өз бетіндік жұмыстар орындауға көшудің алғы шартын жасайды.
ә) Реконструктивтік өз бетіндік жұмыстар
Оқушының бұл деңгейдегі оқу әрекеті интелектуалды және практикалық әрекет ретінде реконструктивтік жоспарда, оқу мәтіндерінің мазмұнын түрлендіру негізінде есептер шешу тәжірибесінің бар болуы арқылы өтеді. Мұғалім ұсынған тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындай алу дағдысының қалыптасуы жағдайында өзіндік жұмыстар жүргізіледі.
Оқушы өзінде бар біліммен үлгі бойынша есептер шешу тәжірибесінің негізінде үйреніп отырған материалдың ішкі құрылымы туралы өз бетінше ойлана алуы мүмкін, үйрену объектісіне сипаттама беріп, бұл әрекеттер туралы алдын-ала талдаулар, болжаулар жасауы мүмкін. Осы өз бетіндік жұмыстың сипаттамалық белгілері берілетін тапсырмалардың жалпы шешілу идеялары алдын-ала міндетті түрде хабарланады, ал оқушылар тапсырманың шартына сай қолданылатын шешімнің нақты тәсілін дамытуы қажет.
Бұл типке жататын өз бетіндік жұмысты реконструктивтік өз бетіндік жұмыс деуге болады. Олардың негізгі ерекшелігі тапсырманы орындау барысында оқушы әрекеті, оның ойындағы өзгерістер дамыған дайын идея түрінде не нақты әрекеттің тәсілінің өзгерісі ретінде ескеріледі.
Мысалы, сыныптан тыс жұмыста келесі өз бетіндік жұмыс ұсынылды:
1) Пифагор теоремасының жаңа дәлелдеу жолын табыңдар (әдебиеттерден) және өз бетінше оны түсініп, талдаңдар;
2) Кубтың қабырғаларынан үш нүкте берілген (қиылыспайтын қабырғалардан), бұл нүктелерді бастыра қима жүргіз;
3) Үйірме жұмысында сызылған осьтік симметрияның жасаушысын нұсқау бойынша құрастырыңдар;
4) Мұғалімнің нұсқауы бойынша математикалық кештегі не жиындағы өзіңнің баяндамаңды әзірле және т.б.
5) Математиканың ішкі байланысының ашатындай үйірмеге арнап құрастыр.
Келтірілген өз бетіндік жұмыстың өзіндік ерекшелігі бар, өйткені мұнда оқушы қарастыратын мәселенің жалпы шешу жолын мүмкіндігіне қарай талдап, оның сипаттамалық белгілерін іздеуі қажет, берілген мәселелерді шешу үшін оның шарттарын тұжырымдауға ыңғайлы түрге келтіру керек.
Келтірілген алты мысалдың біріншісі реконструктивтік өз бетіндік жұмыстың түріне жатады, ол шәкірттен Пифагор теоремасын дәлелдеудің көптеген түрлерін талдауды қажетсінеді. Осы дәлелдеулерді іздеу барысында және дәлелдеулерді талдау кезінде оқушы салыстырады, дәлелдеу жолын талдайды, олардың ұқсастық, өзгешелік, сәйкестік ерекшеліктеріне назар аударады, олардағы мұғалім көрсеткен ортақ принциптерді байқайды (қосымшаны қараңыз).
Оқушының таным белсенділігі мен дербестігі оқуға және сол арқылы білім алуға деген ұмтылысы арқылы байқалады. Сонымен, реконструктивтік типтегі өз бетіндік жұмыс үлгі бойынша жұмыс жүргізудің жалпы заңдылықтарын меңгере отырып, соңғы тәсілден өзінің елестету әрекетінің жоғары деңгейі арқылы ерекшеленеді.
Осы түрдегі өз бетіндік жұмысты нұсқалық өз бетіндік жұмыс деп айтуға болады. Өйткені мұндай жұмыстарды орындау барысында оқушылар өзінің санасындағы жай тәжірибелерді әр түрлі нұсқаға бөледі. Оқушылардың орындайтын сыныптан тыс әрекетінде сабақтастық сақталады және реконструктивті жұмыспен байланысты болады, бірақ сонымен бірге конструктивтік типтегі өз бетіндік жұмыстан өзінің сапалық жағынан ерекшеленеді. Бұл айырмашылықты келесі белгілері бойынша танымдық процесте бақылауға болады.
Шығармашылық сипаттағы өз бетіндік жұмыстар. Оқушының ең жоғары деңгейдегі танымдық белсенділігі мен дербестігі сыныптан тыс шығармашылық түрдегі өз бетіндік жұмыстар орындағанда байқалады, бұл арада тікелей оқушы білімі үшін принциптік жаңа мәселелерді ашуға, материалдық байлық пен рухани мәдениет қалыптастыруға қатысады. Шығармашылық жұмыстың барлық түрінің тапсырмалары ерекше проблемалық жағдайдан туындайтын шарттардан тұрады, бұларды сыныптан тыс жұмыстарда әр түрлі тәсілдермен қалыптастыруға болады:
а) мұғалімнің проблеманы нақты қоюы арқылы;
б) оқушының өзі ондағы мәселелерды түсініп, оларды тұжырымдауы керек, міне осындай талаптар жолымен;
в) оқушы өзінше қосымша жаңа мәселелерды анықтап, шешуді іздеу логикасы бойынша нақты белгіленген проблеманы қою жолымен;
г) ең соңында оқушы конструктивтік проблемалық жағдайда қарастырылмаған жаңа проблеманы есеп шешу барысында өз бетінше байқайды (14).
Шығармашылық түрдегі өз бетіндік жұмыстар үшін қарастырылған мысалдар өзінің мазмұны жөнінен барынша әралуан, нақты материалдың сипаты мен логикасы жөнінен әрқайсысы бөлек алынған мысалдар.
Сонымен бірге барлық осындай жұмыстарда жалпы ортақ, бірыңғай, оларды біріктіретін идеялар болады. Бұл ондағы оқушыны шығармашылық ізденіске итермелейтін оқушы әрекетінің сипатына байланысты. Оқушылар сыныптан тыс жұмыстардағы шығармашылық қызметі әр түрлі деңгейде болады. шығармашылық дербестіктің ең жоғарғы дәрежесі - берілген жағдайдағы проблеманы тұжырымдап, бөліктей алу, жаңа проблема қойып, оны шешуді жоспарлай білу, проблеманы шешудің жолын анықтай білу, осы проблеманы шешуге болжам құрастыра білу.
Сонымен, оқушының танымдық әрекетіне талдау жасау - бір жағынан сыныптан тыс оқытудың мазмұндық ерекшелігіне, екінші жағынан біздің зерттеуіміздің негізіне жататындай түрде математикадан сыныптан тыс жұмыс барысын төрт түрлі өз бетіндік жұмысқа бөлуге мүмкіндік берді. Өз бетіндік жұмыстарды жүйелі түрде үйлестірудің нәтижесінде оқу мәселелерының шешуін іздеу біртіндеп таным әдістерін табысты түрде меңгеріп, білімнің қажеттілігі көбейе бастайды. Керісінше таным әдістерін меңгеру оқушы қызығып тануға тиісті құбылыстардың көлемін кеңейтеді. Оқушы білімінің дамуына қажеттілік осы заманғы мектептің ең негізгі мәселесі болып табылады. Сондықтан да оқушыларға тұрақты түрде білім беру қоғам талаптарынан туындайды.
Біз ұйымдастырған жас математиктер қоғамыжоғарыда аталған кемшіліктерді болдырмау жағына басты назар аудардық. Мектептегі математик мұғалімдердің пәндік комиссияларының жиналыстарында сыныптан тыс жұмысты пәрменді жүргізу, жас математиктер қоғамының жұмысын талантты балаларды табуға, тәрбиелеуге көмектесетіндей түрде ұйымдастыру туралы қаулылар алып келеді. Осы қаулылар бойынша әр мұғалімге математикаға қызығатын оқушылардың тізімін береді. Бұдан соң әр сыныптан басқаларына қарағанда математиканы жақсы білетін бір оқушыдан алып, жас математиктер қоғамының алқа мүшелерін құрады. Жас математиктер қоғамын ұйымдастыру жиналысында "Жас математиктер" деген газеттің редколлегия мүшелерін және қоғамның басқарма мүшелерін сайлайды. Әрбір параллель сыныптан бір үйірме ұйымдастырылады, әрбір үйірме бастығы басқарма мүшесі болады (V-XІ кластардың әрқайсысынан бір адамнан барлығы 7 оқушы басқарма мүшесі болады). Редколлегия мүшелері де 7 адамнан тұрады, олар бастығы, хатшысы, мүшелері т.с.с. Мысалы, V кластар бір секцияға, VІ кластар басқа бір секциянға, ІX кластар да өз алдына бір секцияға бірігеді. Бұл үйірмелерді басқаруға пәндік комиссияның ұсынысы бойынша бір математик мұғалім бөлінеді. Ал, "Жас математиктер қоғамының" бүкіл жұмысына пән комиссиясының жетекшісі жалпы басшылық жасайды. "Жас математик" газетінің редколлегия мүшелері үйірме жұмысына сәйкес көмек берерліктей қабырға газеттерін үнемі шығарады, онда жаңа ақпараттар мен қоғам мүшелерін ойландыруға итермелейтін мәселелер жарияланады.
Әрбір оқу жарты жылының басында пән комиссиясының жиналысында қоғам жұмысы талқыланып, жетістіктер мен кемшіліктер талданады, мұғалімдер ұсынған қоғамның және оның секциясының жоспары бекітіледі.
Қоғам жоспарында әр сыныптағы үйірменің міндеттері көрсетіледі. Бұл жоспарлар алдын-ала үйірме мүшелері мен басқарма кеңесінде, секция жетекшілері арасында талқыланады. Жоспарды жасағанда жас математиктер ұсынысы ескеріледі және ол ұсынстар міндетті жұмысқа айналады. Пән комиссиясының жоспары мектептің жалпы жоспары бола алады. Аталған құрылымдағы Жас математиктер қоғамының жұмысы барынша тиімді, алға қойған мақсатқа сай нақты жұмыс болады.
Бұлардан өзгеше ғылыми конференциялар, математиктермен кездесулер, әр түрлі диспуттар, жоғары оқу орындарындағы математиктердің әр алуан мақсаттағы лекцияларын тыңдау, олимпиадалар, математикалық жиналыстар мен кештерге әзірлеу үшін газеттер, стенділер, көрнекі құралдар жасау т.с.с. (6).
Математикадан оқушылардың шығармашылық қызметінің дамытуға арналған сыныптан тыс жұмыстарының қолайлы жағдайлар тудыратын математиканың сыныптан тыс жұмыстарын өткізудің әдістері
Жас математиктер қолданатын сыныптан тыс жұмыстардың кейбір түрлердің өткізу мен ұйымдастыру жолдары:
1)Оқушылармен жекелей жұмыс жүргізу.Бұл баяндамаға дайындалу, қандай да бір проблема жөнінен өзінің жолдастарының алдында сөз сөйлеу, есептер шешу, проблеманы тұжырымдау не таңдау, зерттеу жұмысының жоспарын құру немесе қиын практикалық, теориялық мәселелерді түсіну болуы мүмкін. Барлық жағдайларда мұғалім ең алдымен оқушыны тыңдап, оның көзқарасын білуі керек.
"Сен қалай ойлайсың?", "Неліктен бұлай дұрыс?", "Мүмкін басқа барынша тиімді нұсқа бар болар?", "Сен мына ... мына мәселелерді оқыдың ба?" т.с.с. сұрақ қоюмен шектеледі. Бұл сұрақтар оқушы ойын пәрменді қалыпқа келтіреді, оның әрекетін тура жолға бағыттайды.
Екінші кезеңде мүғалім оқушының барлық мүмкіндіктерін тексере келіп (белгілі бір уақыттан соң) "Сен мынадай бағытпен жүр, мынадай нұсқаны қарастыр т.с.с." деп нұсқаулар береді. Сонымен, мұғалім өзі берген тапсырманы оқушының өзбетінше орындап шығуына қол жеткізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет