«умумий математика» кафедрасы


Математикадан сыныптан тыс жұмыстар - оқушылардың белсенді шығармашылық қызметінің алғы шарты іспеттес



бет4/11
Дата01.09.2022
өлшемі131.94 Kb.
#460127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Абдрахманова Дип жумыс Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда

.Математикадан сыныптан тыс жұмыстар - оқушылардың белсенді шығармашылық қызметінің алғы шарты іспеттес

Жеке адамның жан-жақты дамуы процесіндегі қайшылықты алдымен адам организмі мен ортаның арасындағы сыртқы қайшылық, ал одан соң елеулі рольді ішкі қайшылықтар атқарады. Олар кез келген организмнің тіршілік әрекетінің барлық түрлерінде туады және әрбір қайшылықтың өзіндік ерекшеліктері бар. "Дамудың әрбір түрі өзінің ішкі қайшылықтары арқылы қозғалады". "Адам организмінің дамып жетілуі тұқым қуалаушылық және өзгергіштік, т.с.с. зат алмасудың ассимилияция және диссимилияция құбылысы нерв жүйесінің рефлекторлық әрекетінің қозған және тежелген қарама-қайшылықтағы әрекеті арқылы дамиды".


Жеке тұлғаның қалыптасу жолын ұжым болып зерттеу, қоғамдық мәнге дейін жеткізілген мәселенің ұжымдық шешімі сияқты мәселелер дәрісханалық сабақта жеткілікті, тиімді шешілмейді, ол сабақтантыс уақыттакең мағынада шешімін табады.
Соңғы жылдардағы зерттеулердің нәтижесі көрсеткеніндей, оқытудың ғылыми деңгейі көтеріледі, егер оқытушы әрекеті оқушының танымдық қажеттілігін қалыптастыруға, оның білімді меңгеруге қажетті барынша жоғары деңгейдегі жалпылауды қамтамасыз ететін ойлау әрекетінің құрылымын өзгертуге бағытталса, сонда ғана оқыту процесі ғылыми деңгейде болады деген қорытынды жасауға болады. И.Я.Лернер келесі өзбетіндік танымдық кесте ұсынады:
а) шығармашылық қызметтің тәжірибесі, құралы (білім, білік, дағды);
ә) оларсыз сипатына байланыссыз танымдық өз бетінділік тумайтын оңды себептер;
б) іздеу әрекетінің үрдісі;
в) бұл әрекеттердің нәтижесі (жаңа білім, әрекеттің жаңа тәсілі, шығармашылық қызметтің жаңа тәжірибесі).
Пәнге деген қызығушылық, дәлелді-себепті, ынталандыруды, қабілетті дамыту, оқушылардың пәрменді түрдегі шығармашылық әрекеті объектіні тануға байланысты әсерленсе, онда ол таным қуанышы, білуге құмарлық болады. Барлық осындай әрекеттер арқылы оқушылардың шығармашылық әрекетінің дамуына қол жеткіземіз. Алайда бұл жеткіліксіз. Егер бірінен бірі туындайтын уақытша, тұрақсыз қызығушылықтарды біртіндеп бір-біріне "жалғасақ", онда оқушылардың пәнге уақытша (тұрақсыз) қызығушылығы мен жеке тақырыптар мен дербес мәселелерге қызығушылығынан ғылымға деген тұрақты қызығушылыққа көшуге болады.
Сабақта не сыныптан тыс уақытта қалыптастырған қызығушылықты сүйемелдеу және дамыту жақсы ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстар арқылы іске асады.
Оқушылардың шығармашылық әрекетінің дамуында сыныптан тыс жұмыстарда өткізілетін шаралардың мазмұны маңызды роль атқарады. Бұл мазмұн оқушылардың қызығушылығына сәйкес болып, проблемалық жағдайларды қалыптастыруға мүмкіндік туғызуы қажет.
Демек, оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуының бір белгісі аталған әрекет арқылы оқушының үлгерімі мен пәнге қызығушылығына қаншалықты әсер етті.
Егер оқушы бұл өмірлік маңызы бар мәселелерді шешуде дұрыс бағдар жасай алса, онда сыныптан тыс жұмыстардағы оқушылардың шығармашылық әрекеті қажетті нәтижеге қол жеткізді деп есептеледі. Сонымен, оқушылардың шығармашылық әрекетінің белгісі мынадай:
а) Кластағы сабақ кезіндегі табысы;
б) өз бетімен істейтін және әртүрлі оқу мәселелерын шешудегі қол жеткізген табыстары;
в) оқушының есептер шешу кезіндегі шығармашылық әрекетінің нәтижелері (жаңалығы, сонылығы);
г) қоғамдық белсенділігі; жеке тұлға ретіндегі табысы;
Оқушылармен жүргізілетін математикалық сыныптан тыс жұмыстарының әрқайсысын жеке қарастыруға болады. Алайда, біз сыныптан тыс жұмыстың негізгі формасы болып есептелетін - үйірме жұмысының ерекшелігіне тоқталамыз. Ол ерекшеліктер:
а) үйірменің тақырыбын таңдаудың ерекшелігі;
ә) үйірменің лекциялық, практикалық әдеттегі жай сабақ түрінде, қабырға газеттері, олимпиадалар, мектептегі үйірме, бір не бірнеше мектептегі параллель сыныптардың үйірмесі т.с.с. түрлерінің айтарлықтай әралуандылығы;
б) маттериалының қызықтылығы;
в) бір тақырыпқа бөлінетін сағат санының аздығы;
г) таңдап алынатын сабақ тақырыбының әртүрлі болуымен ерекшеленеді.
Жоғарыда айтылған ерекшеліктер бір-бірімен өзара байланысты, бұлар үйірме жұмысына оқушылардың белсенді араласуының міндетті еместігі туралы принциптің салдары болып табылады. Біз үйірме жұмысының барлық ерекшеліктерін баяндауды алдымызға мақсат етіп қойған жоқпыз, аталған ерекшеліктердің өзі бұл жұмыстың икемділігін, оқушылардың нақты тобының үйірме жұмысын қандай да бір формасына үйренетіндігіне жеткілікті екенін көрсетеді.
Оқушылардың жоғары да сапалы математикалық дайындығының құрылымының бір элементі ретіндегі сыныптан тыс жұмыстарды дамытып, оларды үнемі жетілдіріп отыру керек, олардың кейбіреулерін атап өтейік.
Факультативтік сабақтар 7-сыныптан бастала ма әлде оның өткізілу уақыты ілгері не барынша кейін жылжи ма деген мәселені қарағанда оқушылардың математика пәніне қызығушылығы қашан пайда болатындығына, математиканы үйренуге деген талпыныс, қажеттілік т.с.с. қашан қалыптасатындығына назар аудару керек.
Сыныптан тыс жұмыстар мен факультативтік сабақтар оқушылардың қызығушылығын дамытып, ынтасын арттыруы керек. Сынып оқушыларымен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны, өткізу әдістері, формасы жеткілікті талданбаған, оны халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен, ұлттық ойындарымен жеткілікті түрде байланыстырылмаған.
Жоғары сыныптардағы үйірме жұмысы
Сонау жылдарда жоғары сыныптарда математикадан үйірме өткізу және ұйымдастыру туралы бай тәжірибе қалыптасты. Бұл тәжірибені үйрену және оны жалпылау туралы бірталай диссертациялық зерттеу жұмыстары жазылды.Үйірмелер мектеп математикасының мазмұны мен оны оқыту әдісін зерттеп жетілдірудің терең перспективалы бағыты болып табылады. Сондықтан, оқушылардың жоғары деңгейдегі математикалық дайындығының негізгі формаларын жетілдіруде факультативтік сабақтар мен жоғары сыныптардағы үйірменің атқаратын маңызы зор.
Сонымен бірге, математиканың сыныптан тыс жұмыстарының, әсіресе үйірменің өткізуге икемділігі математикаға тұрақты қызығушылығы жоқ оқушыларды жеткілікті дәрежеде пәнге қызықтыруға қол жеткізуге мүмкіндік жасайды (0).
Математикалық олимпиадалар.
Математикадан олимпиадалар өткізу және оны ұйымдастыру көп жылдардан бері сыныптан тыс жұмыстың бір түрі ретінде қалыптасып, дәстүрге айналды. Оның мақсаты оқушылардың математикаға қызығушылығын арттырып, өзбетінше ой тұжырымдарын жасай білуге, математикалық қабілеттің дамуына қол жеткізу, бұлардың ішіндегі ең негізгісі математикаға қабілетті оқушыларды анықтау болып табылады.
Жалпы мектеп математикадан қызықты кеш ұйымдастыру, викториналар, ғалым математиктермен кездесу, қабырға газеттерін шығару, жаздағы лагерлердегі жас математиктер қоғамы мен жарыстары және конференциялар өткізу, оған баяндама жасауға әзірлену, математикалық шығармалар жазу, көрнекі құралдар жасау жарысы сияқты сыныптан тыс жұмыс түрлеріне үнемі назар аударып, оны әдейі ұйымдастыруы, олардың еңбегін бағалауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет