Управление биологической активностью почв


-Кесте – Ноқаттың таза және аралас егістердегі өнімділігі



бет5/57
Дата21.06.2016
өлшемі12.89 Mb.
#151919
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57

1-Кесте – Ноқаттың таза және аралас егістердегі өнімділігі


Тәжірибе нұсқалары

1 гектардан жиналатын өнім, ц

1 азық бірлігінің қорытылатын протеинмен қамтылуы, г

Жасыл масса

Құрғақ масса

Мал азығы бірлігі

Қоры-тылатын протеин

Ноқат

120,2

26,5

25,0

5,4

220

Ноқат+тары

162,4

32,5

28,2

3,0

106

Ноқат+арпа

185,5

37,1

26,9

3,4

126

Ноқат+судан шөбі

205,6

41,1

36,3

5,3

146

Ескерту НСР05 ц/га 2,53

Тәжірибе мәліметтерінен көретініміз, жасыл массаның түсімділігі жөнінен ноқаттың судан шөбімен қоспасы (205,6 ц/га) алға шығып, біртүрлік ноқат егістерімен салыстырғанда 85,4 ц/га басым түсіп, құрғақ массаның жинағын қалыптастырды. Судан шөбінің бастапқы даму кезеңінде жай өсуі орудың бас кезінде түсімділігі жөнінен алға шығатын ноқаттың қалыпты өсуіне жағдай жасайды. Ноқаттың арпамен қоспасы жасыл масса түсімін 185,5 ц/га шамасында қалыптастырған.

Мал азығы қоспаларының құрамы тек қана түсім шамасы мен мал азығы қоспаларының ботаникалық құрамына ғана ықпал етіп қоймай, қорытылатын протеиннің мөлшері мен мал азығы бірлігі шығымына да әсер етеді. Ноқаттың судан шөбімен және арпамен қоспалары біртүрлік ноқат егістерімен салыстырғанда аудан бірлігінен алынатын мал азығы бірлігі шығымы мен қорытылатын протеиннің жоғары болуын қамтамасыз етеді.

Ноқаттың аралас егістерінде гүлдеу кезеңінен жеміс салу басталғанға дейін ноқат таза егістерден қалыс қалған. Астық тұқымдастар (арпа) туралы айтар болсақ, аралас егістердегі оның өсімі қарқынды екені байқалған. Ноқаттың астық тұқымдастармен және басқа қоспасында оның өсімдіктері төменгі қабаттарда орналасатыны байқалған, өсімдіктердің бұлайша орналасуы агрофитоценоздардың күн сәулесін жақсы пайдалануға септігін тигізетін сыңайлы.

Біздің мәліметтеріміз бойынша, ноқаттың таза егістеріндегі жасыл массаның мейлінше түсімділігі мен ақуыздың барынша жинақталуы жеміс салу кезеңі басталғанда анық білінеді. Әрі қарай шикі протеиннің мөлшері азаяды. Ноқаттың жеміс салу мен арпаның масақталу кезеңдері барлық жылдарда бірдей тұспа-тұс келмейді, арпа ноқаттан гөрі тезірек дамиды, осыған байланысты бұл қоспаның клетчатканың көбейіп кететіндіктен жасыл массасының сапасы нашарлау болады.

Зерттеулер көрсеткендей, жер үсті бөлігіндегі құрғақ массаның жинақталуы ноқат + судан шөбі нұсқасында ноқаттың жеміс салу кезеңінде жүреді, жасыл массаның түсімі 205,6 ц/га, ал құрғақ массаның салмағы 41,1 ц/га құраған.

Жасыл массаны талдау көрсеткіштерін нақтыласақ, ноқаттың арпамен, тарымен, судан шөбімен аралас егістері біртүрлік ноқат егістерімен салыстырғанда қорытылатын протеин мен мал азығы бірлігі шығымын көбейтеді екен.

Биомассада қорытылатын протеиннің ең көп жинақталуы ноқат+судан шөбі нұсқасында байқалған, онда жеміс салу кезеңінде егістердегі ноқат өсімдіктер саны мен қалыптасқан массасы жөнінен озық шыққан. 1 гектардан алынатын қорытылатын протеиннің ең аз шығымы ноқаттың тарымен қоспасынан шыққан (3,0 ц/га).

Айта кететін жайт, тәжірибенің барлық нұсқараларында да біртүрлік ноқат егістері мен қоспаларында түсімдердің қосынды сомасының мал азықтық массасының қорытылатын протеинмен қамтылуы нормадан асып түскен.

Ноқаттың аралас егістердегі жоғары өнімділігінің көрсеткіштері Батыс Қазақстан жағдайында оны жасыл шөп пен құрғақ шөп үшін судан шөбімен немесе арпамен қосып өсірудің мақсатқа лайықтылығын айқындап берді.

ӘОЖ: 631.8:633.11
БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАЗДЫҚ БИДАЙ СОРТТАРЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЕГІС АЛДЫ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ

ӨНІМ МӨЛШЕРІНЕ ӘСЕРІ
Б. Н. Насиев, а.-ш. ғылымдарының докторы, доцент

Н. Ж. Жаңаталапов, магистрант, А. Қ. Бекқалиев, ізденуші
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Батыс Қазақстан облысында тұрақты өнімділігімен сорттар арасында Альбидум 31 сорты ерекшеленеді. Аталған сорттың жоғарғы өнімділігі топырақ қатарларға N20+P20 минералды тыңайтқыштарын енгізгенде қамтамасыз етіледі. Минералды тыңайтқыштарды пайдалану аталған сорттың өнімділігін әсіресе қуаңшылық жылдары 10,1 ц/га дейін, ал экономикалық тиімділік көрсеткішін 18 пайызға дейін арттыруға кепілдік береді.
В условиях Западно-Казахстанской области наиболее высокой продуктивностью отличается сорт яровой пшеницы Альбидум 31. При этом наиболее высокая урожайность данного сорта обеспечивается при внесении в рядки минеральных удобрений N20+P20. Применение минеральных удобрений обепечивает даному сорту высокую продуктивность 10,1 ц/га в условиях недостаточного увлажения и экономическую эффективность 18 %.
In conditions of West-Kazakhstan region, the highest productivity is at Albidum 31 sort of spring wheat. Meanwhile, the highest productivity of the sort is obtained by introduction of mineral fertilizers N20+P20 to combs. The use of mineral fertilizers provides high productivity to this sort 10,1 centner/hectare in conditions of deficient moisturizing and economic effectiveness 18 %.
Биылғы жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында елбасы Н. Ә. Назарбаев елімізде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экологиялық сапалы таза өнім өндіруді баса айтқан болатын. Бұл маңызды мәселелерді шешуде ауыл шаруашылығы дақылдар өнімінің деңгейі мен сапасын арттырудың зор маңызы бар.

Елімізде бидай өндірісі ауыл шаруашылығының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстан бидай өндірісінен әлемде үшінші, ал бидайды ұн қылып тартып, оны экспорттауда әлемде бірінші орында тұр. Батыс Қазақстан облысында да еліміздің басқа өңірлері сияқты бидай өндірісіне аса маңызды көңіл бөлінеді. Республика бойынша егіншіліктегі жалпы бидайдың егіс көлемі 14 млн. 519 мың, ал облыста 377 мың гектарды құрап отыр.

Бидайдан мол да тұрақты және экологиялық сапалы өнім алуда оның сорттарын дұрыс таңдап, оларға қолданылатын тыңайтқыш мөлшерін дұрыс реттеудің маңызы өте зор. Соңғы жылдары Батыс Қазақстанда өндіріске бидайдың жаңа сорттары енгізіле бастады. Олардың өнімділігі мен өнім сапасын, соның ішінде өнім сапасының экологиялық көрсеткіштерін жақсартуда егіс алды тыңайтқыштарының қолайлы мөлшерін таңдаудың маңызы зор. Облысымызда жаңа сорттардың сорт аралық өнімділігі, олардың қоректену жүйелері және өнімнің экологиялық көрсеткіштерін жақсарту бағытында зерттеулер аз жүргізілген. Сондықтан да ауыл шаруашылығында экологиялық теңбе-теңдікті сақтау, дақылдардан мол өнімді қамтамасыз ету бірден бір басымды бағыт болып табылады.

Зерттеу жұмысының басты мақсаты Батыс Қазақстан облысында қолданыстағы және болашағы бар сорттарды және оларға тиімді тыңайтқыштарды таңдауды агроэкологиялық тұрғыдан бағалау болып табылады. Эксперименттік зерттеулер 2009 жылы Зеленов ауданы, «Дәуқара» шаруашылық қожалығында жүргізілді.

Тәжірибе жүргізілген учаскенің топырағы қара-қоңыр түсті, ауыр саздақты. Топырақтың жыртылатын қабатындағы гумус мөлшері 1,5-3,6 % құрайды. Морфологиялық белгілері бойынша профольдің генетикалық горизонтымен агрохимиялық көрсеткіштері Батыс Қазақстанның құрғақ далалы аймағында сипатталғандай тәжірибе учаскесінің топырағы қара-қоңыр, ауыр саздақты. Тәжірибенің мөлтек ауданы 50 м2.

Мөлтек аудандар рендоминизм әдісі бойынша төрт қайталанымда орналасты. Жұмсақ бидайдың Саратовская 42, Саратовская 60 және Альбидум 31 сорттары Батыс Қазақстанда қолданыстағы агротехникаға сай өсірілді. Топырақ 25-27 см тереңдікте соқамен өңделді.

Тыңайтқыштар аммиак селитрасы мен қос суперфосфат қолданыстағы ұсыныстарға сәйкес пайдаланылды. Тыңайтқыштар егіс егер кезде тұқым сепкішпен берілсе, көң көң шашқыштар көмегімен шашылды. Тұқымды СЗС-2,1 тұқым шашқышымен, топырақты бір уақытта тығыздау технологиясымен егілді.

Өнімділік әр мөлтек ауданды бөлек ору арқылы анықталды. Өсімдіктерді бақылау мен талдау жалпылама әдістеме бойынша жүргізілді. Жалпы 2009 жылдың ауа-райы дақылдың қалыпты өсіп өнуіне қолайлы болмады.

Өсімдік шаруашылығының басты мәселелерінің бірі – фотосинтез процесі кезінде күн радиациясын тиімді пайдалануды жоғарлату арқылы егістіктегі өнімділікті арттыру болып табылады. Фотосинтетикалық потенциал максимальды жапырақ ауданына байланысты. Фотосинтетикалық потенциалдың белсенділігі егу алдындағы тыңайтқыштар фонына да байланысты.

Біздің зерттеулерде бидай егістігінің фотосинтетикалық көрсеткіштері минералдық тыңайтқыштар пайдаланғанда жоғарлады. Зерттеулер нәтижелері Батыс Қазақстан жағдайында егу алдында тұқымды минералдық тыңайтқыштармен өңдеу бидайдың фотосинтетикалық әрекетін арттыратындығын растады.

Кестеде көрсетілгендей фотосинтетикалық потенциалы бойынша егу кезінде минералдық тыңайтқыштармен өңделген танаптар ерекшеленеді. Бұл кестеде бақылау вариантында ең көп көрсеткішті Альбидум 31 сорты көрсетіп тұр. Альбидум 31 сортын пайдаланған кезде тыңайтқыштар фонына байланысты жапырақтың жалпы ауданы 16,1 ден 18,8 мың. м2/га дейін өскен, фотосинтетикалық потенциал 2,63, 2,97 млн. м2 күн/га аралығында болды.

Біздің зерттеулерімізде жапырақ көлемі мен фотосинтетикалық потенциалдың жоғарылауы бақылау вариантымен салыстырғанда N20+P20 вариантында байқалды. Бұл вариантта себу нормасы Саратовская 42 сортын қолданғанда жапырақтың жалпы ауданы 15,6 мың.м/га құрады, бақылау вариантынан 5,2 мың.м2/га жоғары, фотосинтетикалық потенциал көрсеткіші 2,47 млн.м2 күн/га болды, немесе бақылау вариантынан 0,34 млн.м2.күн/га жоғары болды.

Саратовская 60 сорты егілген танаптарда N20+P20 вариантында жапырақтың жалпы ауданы 17,8 мың.м/га құрады, бақылау вариантынан 2,2 мың м2/га жоғары, фотосинтетикалық потенциал көрсеткіші 2,75 млн м2 күн/га болды немесе бақылау вариантынан 0,32 млн м2 күн/га жоғары болды.

Аталған варианттардағы жапырақтардың жалпы көлемінің өсуі және бидайдың фотосинтетикалық потенциалының артуы пайдаланылған тыңайтқыштар әсерінен топырақтың агрофизикалық және агрохимиялық қасиеттерінің артуымен тығыз байланысты.

Біздің зерттеуіміздің мәліметтері бойынша егу алдында фосфор тыңайтқышымен қатар азот тыңайтқыштарын пайдалану бидайдың қалыпты дамуына және өнімнің жоғарылауына ықпал жасайды. Танаптарға минералдық тыңайтқыштар қолдану бидайдың фотиосинтетикалық әрекетін арттырып, өнім көзін жоғарлатады.

Демек, Батыс Қазақстанда өңірдің агроэкологиялық мүмкіндіктерін толық пайдалануда тыңайтқыштар мен сорттарды дұрыс таңдаудың маңызы зор.

Альбидум 31 сортын пайдалану күн сәулесінің энергиясын толық пайдаланып, бидайдың фотосинтетикалық мүмкіндіктерін және өнім деңгейін арттырудың кепілі болып табылады.

Өсімдікке қосымша қоректік заттар енгізгенде дақылдардың өнімділігіне әсер ететіні белгілі.

Біздің зерттеулеріміздің басты мақсаттарының бірі бидай өнімінің әртүрлі тыңайтқыштар әсерінен және сорт түріне байланысты өзгеруін бақылау болып табылады.

Макротыңайтқыштардың бірігіп әсер етуі дақылдың өсу процесін жылдамдатып, жоғары өнім алуға жағдай туғызады.

Тәжірибе көрсеткіштері бидай өнімінің қолданылатын минералдық тыңайтқыштарға және пайдаланылатын сорт түріне байланыстылығын көрсетті.

Тәжірибеде көрсетілген мәліметтер бойынша танапқа фосфор және азот тыңайтқыштарын бірге енгізу өнімділікті едәуір жоғарлатады (1-кесте).



1-Кесте – Тыңайтқыштардың және сорт түрінің бидай өнімділігіне әсері


Егіс алды тыңайтқыштар

Сорт түрі

Дән өнімділігі, ц/га

Орташа өнім

Бақылаумен салыстырғандағы айырмашылық, ц

Бақылау


Саратовская 42

7,1




Саратовская 60

7,9




Альбидум 31

8,1





N20


Саратовская 42

7,6

0,5

Саратовская 60

8,8

0,9

Альбидум 31

9,0

0,9


P20


Саратовская 42

8,4

1,3

Саратовская 60

9,3

1,4

Альбидум 31

9,7

1,6


N20+P20


Саратовская 42

8,9

1,8

Саратовская 60

9,8

1,9

Альбидум 31

10,1

2,0

Ескерту НСР05 А 33,2; В 2,84; А+В 2,34

Мысалы, Саратовская 42 сортын пайдаланған кезде топыраққа минералдық тыңайтқыштар енгізу өнімділікті 0,5-1,8 ц/га дейін арттыруға кепілдік көрсетті.

Топыраққа тек азот тыңайтқышын бергенде өнімділік 7,6 ц/га көрсетті, немесе бақылаумен салыстырғанда 0,5 ц артты. Өнімнің бақылаумен салыстырғанда 1,3 ц артуы топыраққа тек фосфор тыңайтқышын енгізгенде байқалды.

Топыраққа азот пен фосфорды қоса енгізу өнімділікті 8,9 ц/га дейін арттырды, немесе өнім бақылаумен салыстырғанда 1,8 ц-ге көбейді.

Осындай жағдай Саратовская 60 және Альбидум 31 сорттарын пайдаланған кезде де байқалды. Жалпы тәжірибе көрсеткіштері басқа сорттармен салыстырғанда Альбидум 31 сортының жоғары өнімділігін анықтады.

Бақылау ретінде пайдаланылған Саратовская 42 сортына қарағанда тыңайтқыштар түріне байланысты өнімділік 1,0-1,2 ц артық болды. Альбидум 31 сортының басқа сорттарға қарағанда жоғары өнімділігі сорттың қуаңшылыққа төзімділігімен және биологиялық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Осы варианттағы өнімділіктің жоғарлылығы сонымен қатар себу алдында минералды тыңайтқыштар енгізудің бидайдың тамыр жүйесінің жақсы дамуымен және фотосинтетикалық әрекетінің жақсаруымен түсіндіріледі.

Демек, Батыс Қазақстанда бидай дақылының өнімін арттырудың бірден-бір жолы дақылды дер кезінде қосымша қоректік минералды заттармен қамтамасыз ету және өңірдің экологиялық мүмкіндіктерін толық пайдаланатын сорттарды қолдану болып табылады.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің және оның саласының экономикалық тиімділігін анықтау мыналарды қамтитын кешенді мәселе болып табылады. Экономикалық тиімділіктің негізгі өлшемін және көрсеткіштерінің жүйесін өзара байланысты түрде анықтау, осы көрсеткіштерді анықтау әдістерін жасау, жекелеген кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне аудан, облыс, республика ауыл шаруашылығының жай-күйіне және даму серпініне талдау жасағанда, шаруашылықты әкімшілік аудандар және табиғат ауа-райы бойынша жоспарлағанда, орналастырғанда және мамандандырғанда тиімділік көрсеткіштерін қолдану.

Жүргізілген зерттеулерде өнімділікпен бірге дәнді дақылдарды өсірудегі тиімділіктің жоғарылауына ерекше көңіл бөлінді. Мәліметтердегі талдау дәнді дақылдарды өсірудегі экономикалық тиімділік агротехникалық шараларға байланысты екенін көрсетті.

Бидайды өсірудің экономикалық тиімділігі агротехника шаралары ішінен қолданылатын сорттар түріне және олардың өнімділігіне тікелей байланысты.

Саратовская 42 сорты қолданылған тыңайтқыштар түріне байланысты әр түрлі деңгейде тиімділік көрсетті. Егер бақылау вариантында өнімді өсіруге кеткен шығын 11380 теңге болса, таза пайда көлемі мен өндіріс рентабельділігі тиісінше 1045 теңге және 9,2 пайызды құрады. Бұл сортты егу кезінде топыраққа азот және фосфор тыңайтқыштарын жеке дара қолдану 12185 және 13265 теңге көлемінде шыққан шығынға тиісінше 1115 және 1435 теңге таза пайда әкелді. Бұл варианттарда өндірістің рентабельділігі тиісінше 10 және 11 пайызды құрады.

Саратовская 42 сорты бойынша ең жоғары өндірістің экономикалық тиімділік көрсеткіштері топыраққа азот және фосфор тыңайтқыштарын қатарларға қоса енгізгенде анықталды. Бұл жағдайда 8,9 ц/га өнімді 17500 теңгеден сатқанда өнім құны 15575 теңгені, ал өнімді өндіруге кеткен шығын әр гектарға 13766 теңгені құрады. Аталған вариантта 1 гектарға түскен таза пайда 1809 теңге, өндіріс рентабельділігі 14,0 пайызды құрады. N20 + P20 вариантында рентабельділік бақылау вариантымен салстырғанда 4,8 пайызға, ал тыңайтқыштарды жеке дара енгізу варианттарымен салыстырғанда тиісінше 3-4 пайызға жоғары болды. Саратовская 60 және Альбидум 31 сорттарын қолданған варианттарда да жоғарыдай жағдай қалыптасты. Бұл варианттарда да топыраққа азот және фосфор тыңайтқыштарын қатарларға ерте көктемде қоса беру тиімдірек болды. Аталған варианттың Саратов-ская 60 сорты бойынша рентабельділігі 17 пайыз, ал Альбидум 31 сорты бойынша 18 пайыз болды.

Экономикалық талдау нәтижесі басқа сорттармен салыстырғанда Альбидум 31 сортын өсірудің тиімділігінің жоғары екенін көрсетті.

Талдау нәтижелері Батыс Қазақстанның 1-ші аймағында жұмсақ бидайды өсірудің экономикалық тиімділігінің себу алдында тыңайтқыш және сорттар түрлерін қолдануға байланысты екенін көрсетті.


УДК: 633.2(574.1)


Формирование урожая трав при различных уровнях минерального питания
М. К. Онаев, кандидат техн. наук, доцент, В. С. Кучеров, доктор с.-х. наук

Р. Ж. Кожагалиева, аспирант
Западно-Казахстанский аграрно-технический университет имени Жангир хана
Мақалада авторлармен азықтық шөптерді ұйымдастыру барысында минералды тыңайытқыштарды қолдану нәтижелері көрсетілген. Минералды тыңайытқыштар шөптердің өнімділігін арттыруда. Азот тыңайытқыштарың қолдану шөптердің ботаникалық құрамына оң әсерін береді.
В статье авторами приведены результаты исследований по применению минеральных удобрений при создании кормовых угодий. Отмечено, что минеральные удобрения существенно влияют на продуктивность трав. Внесение азотных удобрений положительно сказывается на ботаническом составе трав.
The authors in the article have shown the results of investigations for using mineral fertilizers for creating natural meadowlands. It should be noted the mineral fertilizers have considerable influence upon productivity of herbs. The applying of nitric fertilizers has a positive affect on botanical composition of herbs.
Основным фактором роста производства продукции животноводства является создание прочной кормовой базы. Выполнение этой задачи невозможно без правильного подбора кормовых культур, совершенствования технологии их возделывания, решения вопросов, связанных с улучшением использования естественных сенокосов и пастбищ.

Сенокосы и пастбища Западно-Казахстанской области являются основной кормовой базой животноводства. Однако, продуктивность их низка и составляет порядка 1,5-3 ц/га сена. В результате бессистемного их использования, ненормированного выпаса и перегрузки идет постоянная деградация угодий, выражающаяся в снижении продуктивности травостоя, ухудшении видового состава, оголении почвы и усилении процессов опустынивания.

Если будет продолжаться бессистемное использование травостоев, то в ближайшее время запас кормов на сенокосах и пастбищах снизится, что неизбежно приведет к различным негативным последствиям, в том числе, к сдерживанию развития животноводства.

Существуют два способа повышения урожайности сенокосов и пастбищ. Это поверхностное улучшение без нарушения имеющегося на пастбищах травостоя, способствующее повышению его урожайности и качества. И коренное – путем распашки и создания нового кормового угодья.

К мероприятиям поверхностного улучшения относятся: улучшение водного режима путем задержания снега и талых вод, расчистка от кустарников и кочек, рыхление почвы, внесение удобрений, борьба с сорняками, подсев трав [1].

Решающая роль в создании устойчивой кормовой базы в условиях Прикаспийской низменности принадлежит лиманному орошению. Природно-климатические условия Западного Казахстана позволяют получать на лиманах корма с достаточно высоким содержанием в нем питательных веществ. Одним из крупнейших лиманов в сухостепной и полупустынной зонах Прикаспия являются лиманы Чижинской системы. Чижинская система разделена в северной части на две ветви: собственно Чижинскую и Восточно-Дюринскую. Площадь лиманных лугов этой системы составляет 3630 км2. Ранее проведенные исследования по определению влияния минеральных удобрений на продуктивность лиманного луга в Саратовской и Волгоградской областях свидельствуют о высокой эффективности их применнения.

В связи с этим нами на Чижино-Дюринских разливах в 2005-2008 годах изучалась действенность минеральных удобрений на продуктивность лиманного луга. Повторность опытов – 4-кратная. Расположение делянок систематическое, с общей площадью каждой делянки 150 м2, учетная – 31,5 м2. Почвы участков – лугово-каштановые, тяжелосуглинистые слабосолонцеватые. Грунтовые воды вскрыты с глубины 1,7-2,0 м. Обеспеченность почвы усвояемым формами фосфора – средняя, обменным калием – высокая, азотом – низкая. Естественный травостой представлен злаками на 70-75 %.

Лиманный луг ежегодно затапливался в первой декаде апреля слоем воды 0,4-0,5 м3. Продолжительность затопления по опытам 25-30 дней. Влияние доз азотных удобрений и их последействие изучалось по схеме: 1 – Контроль (без удобрений ); 2 – N60; 3 – N90 ; 4 – N120; 5 – N60P60K30 ; 6 – N90P60K30.

В качестве азотного удобрения использовалась мочевина (карбомид – 46 % д.в.), фосфор вносился в виде простого гранулированного суперфосфата, калий – в форме порошковидной соли хлористого калия (60 % д.в.), которые вносились однократно в октябре.

Уборка злаковых трав на сено проводилась в фазу цветения. Результаты исследований приведены в таблице 1.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет