ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Леонтьев, А. А. Язык, речь, речевая деятельность / А. А.Леонтьев. – М. : Наука. – 1969.
2. Рождественский, Ю. В. Теория риторики / Ю. В. Рождественский. – М. : Добросвет. –1997.
3. Цицерон Три трактата о риторе / Цицерон. – М. : Наука. – 1991.
4. Платон Сочинения / Платон. – Т. 20. – М. : Наука. – 1961.
5. Балақаев, М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту / М. Балақаев. – Алматы. – 1989.
ӘОЖ: 378:37.091.313
СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНДЕГІ РӨЛІ
Ж. С. Қажиакпарова, пед. ғылымдарының кандидаты
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті
Студенттің өзіндік жұмысы кредиттік технология бойынша оқытуда оқыту үдерісінің басым бөлігін құрайды, сондықтан студент білімінің сапасы өзіндік жұмыстың дұрыс ұйымдастыруына тікелей байланысты.
Самостоятельная работа студентов в ВУЗе является важным видом учебной и научной деятельности студента. Самостоятельная работа студентов (СРС) играет значительную роль в рейтинговой технологии обучения. Эффективность СРС достигается за счет приведения всех элементов самостоятельной работы в систему.
Self work in higher educational establishments is an important kind of academic and scientific activity of student. Student self work plays a significant role in rating technology of education. The efficiency of students self work is reached through the systematism of all elements of self work.
Жоғарғы білімнің негізгі міндеті өзін-өзі дамытуға, өз білімін жетілдіруге, жаңашыл іс-әрекетке қабілетті, шығармашыл, жасампаз тұлға қалыптастыру болып табылады. Бұл міндетті орындау оқытушының дайын білімді студенттің алақанына салып беруімен шектелмейтіні белгілі. Студентті білімді ырықсыз тұтынушыдан дилемма қоя алатын, оны шешу жолдарын түрліше қарастырып, ең жақсы нәтижені тауып, оның дұрыстығын дәлелдей білетін белсенді жасаушыға, құрастырушыға айналдыру қажет. Қазіргі таңда жоғарғы білімде жүріп жатқан бетбұрыстар оқыту парадигмасынан білім беру парадигмасына көшумен байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ) білім беру үдерісінің ұстанымдық қағидасы ғана емес, оның негізіне айналуы тиіс.
Бұл міндет білімді белсенді тәсілдермен игеруге, студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ағымдық жаппай оқытудан тұлғаның мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін ескеретін жеке оқытуға көшуді меңзейді. Бұл жердегі әңгіме тек өзіндік жұмысқа бөлінетін сағаттардың көбеюі туралы ғана емес. Студенттердің өзіндік жұмысының рөлін күшейту жоғарғы оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісінің студенттің өзін-өзі дамыту, алған білімін шығармашылықпен қолдану, әлемдік кәсіби іс-әрекетке бейімделу қабілеттерін дамытуға бағытталып құрылуын көздейді.
Сонымен қатар өзіндік жұмыс, оны жоспарлау, ұйымдастыру қалпы мен тәсілдері, нәтижелерді есепке алу жүйесі жоғарғы білім практикасының ең әлсіз тұстарының және педагогика теориясының ең аз зерттелген тақырыптарының бірі, әсіресе қазіргі білім беру жағдайындағы (білім беру стандарттарының енгізілуі, педагогикалық мониторинг жүйесін енгізу, т.б.) басты мәселелердің бірі.
Студенттердің өзіндік жұмысын жоспарлап, ұйымдастыруға арналған зерттеулерде бұл іс-әрекеттің жалпы дидактикалық, психологиялық, ұйымдастырушылық-әрекеттік, әдістемелік, логикалық және басқа да жақтары қарастырылып, қиындық келтіретін тұстары ашылып көрсетіліп, әсіресе дәстүрлі дидактикалық жоспар мәселесіне тоқталған. Алайда студенттердің өзіндік дәрісханалық және дәрісханадан тыс танымдық іс-әрекетінің мотивациялық, үдерістік, технологиялық қамтылуының мәселелері ерекше назар аударуды қажет етеді, өйткені ол студенттердің жеке қызығушылықтарын, қабілеттері мен бейімділіктерін ескеретін өз алдына біртұтас педагогикалық жүйе [1].
СӨЖ ұйымдастыру мен іске асырудың жетекші мақсаты студенттің білім алу мақсатымен сәйкес келуі тиіс – жоғары педагогикалық білімі бар маман мен бакалавр дайындау. СӨЖ ұйымдастырудағы ең басты маңызды шарт – оқу мен ғылыми іс-әрекетті ұйымдастыру мүмкіндігі мен білім-дағды алу үшін өзіндік жұмыс біліктерін қалыптастыру.
Студенттердің өзіндік жұмысының міндеттері:
студенттерді өзіндік жұмысқа дағдылануға үйрету, дамыту және өзіндік білім алу мен әлеуметтену қажеттіліктерін қалыптастыру;
дәрістер мен қосымша өз бетімен оқуға берілетін тақырыптарды зерттеу барысында пән мазмұнын, мақсаттары мен міндеттерін игеру;
дәріс материалын өзіндік нұсқалау, семинарлық, практикалық және зертханалық жұмыстарға дайындалу барысында өңдеу арқылы курс негіздері мен мазмұнына тереңдеп, санамен түйсіну;
семинар, практикалық және зертханалық сабақтарға, курстық және дипломдық жұмыстарға дайындық барысында жинақталған материалды қорытынды сынақтар мен емтихандарға тиімді әзірлену үшін қолдану.
Еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірдегі болып жатқан түбегейлі өзгерістер мен нарықтық қатынастар жоғары оқу орындарының алдына болашақ мамандарды кәсіби әрекетінде өздігінен шығармашылықпен еңбектене алатындай етіп даярлау, студентті әрекеттің объектісінен субъектісіне айналдыру, яғни оның бойында белсенді түрде өз бетімен жұмыс істей білу мен өзіндік дамуды, өзін өзі басқару және өзін таныта білуді қалыптастыру мақсатын қойып отыр. Өйткені, болашақ маманның шығармашылықпен өздігінен жұмыс істеп, шешім қабылдай алуы фирмалар мен мекемелердің өндірістік және ғылыми-техникалық әрекетіне және олардың өзара бәсекелестікке төтеп беруіне ықпал етеді. Қазіргі заманғы қоғамға өз бетімен, шығармашылықпен құлшына жұмыс істейтін, еркін де кеңінен ойлайтын, өздігінен алдына мақсат қойып және оған жетудің әдіс-тәсілін шығармашылықпен анықтап және қолдана алатын кәсіби-маманның тұлғасы керек. Мұндай тұлғаның дамуына бағытталған білім берудің негізгі болып тұлғаның өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін жетілдіру үрдісі жатады. Ол еліміздің жоғарғы оқу орындарына эксперимент түрінде ендірілген кредиттік оқыту жүйесі арқылы жүзеге асады. Студенттерді шығармашылық түрде өздігінен жұмыс істеуге даярлау – білімнің иннновациялық технологияларының басты қағидасы болып табылады.
Студенттің өзіндік жұмысы кредиттік технология бойынша оқытуда оқыту үдерісінің басым бөлігін құрайды, сондықтан студент білімінің сапасы өзіндік жұмыстың дұрыс ұйымдастыруына тікелей байланысты.
Студенттің шығармашылық түрде өздігінен жұмыс істеуінің іске асуы алдымен оқытушының өзі шығармашылықпен ізденіп, жұмысты дұрыс ұйымдастырып, жаңа педагогикалық және ақпараттық технологияларды өздік жұмыста қолдануынан басталады. Сондықтан да студенттердің шығармашылық сипаттағы оқу танымдық әрекеттерін ұйымдастыруда оқытушы олардың өздігінен білім алу, ғылым әдістерін және оны қолдану тәсілдерін меңгеруіне жағдай жасауы керек.
Студенттер шығармашылық сипаттағы үй тапсырмалары мен бақылау жұмыстарын орындауы үшін олар әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етілуі керек. Әдістемелік орындау тәртібі егжей-тегжейлі баяндалып, типтік міндеттерді шешу үлгілері келтірілуі, оқу-әдістемелік әдебиет көрсетілуі тиіс. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану бірыңғай әлемдік білім кеңістігін құруды тездетеді. Сондықтан да оқытушыға шығармашылық сипаттағы өздік жұмыс тапсырмаларды орындау барысында студенттің жаңа ақпараттық технологияларды қолдануын ескеруі және оны өзі де қолдана білу талаптары қойылады.
Өздік жұмысты орындау барысында ғана дәрісте алған ақпарат білімге айналады, білік пен дағды қалыптасады. Шығармашылықпен жұмыс істеу және қажетті ақпаратты іздеу дағдысы жоқ студенттердің өздік жұмысы оқытушы тарапынан басқарылып, бақылануы қажет. Сондықтан оқытушы тек қана білімді беру ғана емес, студентті өздігінен жұмыс істеуге де үйретуі тиіс. Ол үшін:
-
шығармашылық сипаттағы өздік жұмыстың тапсырмаларының мазмұны пәнді оқыту мақсаты мен міндеттеріне сай, келешекте өз мамандығына қолдануына жарайтындай, студенттің білім деңгейіне сәйкес жасалынып, оны орындай алатындай болуы;
-
студентті өздігіне білім алу үшін ақпарат көздерін дұрыс пайдаланып, ақпаратты дұрыс іздеуге, талдауға және интерпретация жасай білуге үйрететіндей тапсырмалар жүйесінің құрылуы;
-
пән бойынша білім алушы қажетті оқу-әдістемелік кешенмен, анықтамалық материалдармен, баспа және электронды түрдегі оқулықтармен қамтамасыз етілуі;
-
“студент-оқушылар” кері байланысының жүйесі жасалып, ендірілуі;
-
оқытушының өз пәнін оқытуға құзіреттілігі, жаңа педогогикалық технологиялар мен ақпараттық технологияларды және өзіндік жұмысты ұйымдастырудың әр алуан түрлері мен әдіс-тәсілдерін тиімді қолдануы;
-
пәнаралық курстық жұмыстар, іскер ойындар, топтық зерттеу жобалары, телекоммуникациялық жобалар сияқты біріктірілген өздік жұмыс түрлерінің жасалынып, ендірілуі және студенттің барлық пәндерден алатын барлық өздік жұмыстарының жүктемесінің тиімді болуы;
-
шығармашылық сипаттағы өздік жұмысты студенттің орындау мүмкіндігі мен жағдайы болуы, оқу орнының материалдық-техникалық базасының (зертханалар, қажетті оқулық қорымен қамтылған кітапхана мен оқу залы, компьютерлік класс, интернетте жұмыс істеп, сканерлеу, баспаға шығаруға мүмкіндік беретін мультимедиялық класс т.б) лайықтылығы және оның студентке ыңғайлы қызмет етуі;
-
өздік жұмыстың сапасын ұдайы бақылаудың жүйесінің болуы, пәнді оқыту және өздік жұмыстағы білім сапасын бақылау саясатымен (орындалатын жұмысты есепке алу және қалай бақылау), өздік жұмыс бағаларының қорытынды бағаға қаншалықты әсер етуімен студенттің алдын-ала таныс болуы, өздік жұмыстың әр түрлі нақты баллдық жүйеде объективті түрде бағаланып, ұдайы және жүйелі бақыланып, бағасы жинақтық бағаға кіруі қажет.
Өздігінен жұмыс жасау мен шығармашылықпен жұмыс жасау өзара тығыз байланысты. Кез келген маманның кәсіби әрекеті шығармашылықсыз мүмкін емес, әрі ол маманның өздігінен жұмыс істей білуіне тәуелді. Олай болса, студенттің (болашақ маман) шығармашылықпен өздігінен жұмыс істеу оның кәсіби қалыптасу барысындағы тұлғалық және кәсіби сапаларының біртұтас жүйесі болып табылады. Шығармашылықпен өздігінен жұмыс істеу өзара байланысқан бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады [2]:
-
мотивтік-құндылық (өз құндылық жүйесіеің рефлексиясы, болашақ мамандығына қызығуы мен шығармашылықпен қарауы, жоғары нәтижеге жетуге ұмтылысы);
-
когнитивті (тұлғаның зиялылық-танымдық сапалары, ойлау, қиялдау, түсіну, ұғыну рефлексия);
-
коммуникативті (бірлесе жұмыс істеуге даяр болу);
-
эмоционалды-еріктік (адамгершілік, жеке жауапкершілік, қиындықтарды өздігінен жену мен проблемалық жағдайларды өздігіннен шешуді қажетсіну);
-
креативті-әрекетті (түрлі жағдайлардашығармашылықпен әрекет ету).
Шығармашылықпен әрекет жасаушы тұлға зиялылық және эмоционалдық белсенділік, тұлғаның өз белсендігі және танымдық мотивтер арқылы қалыптасады. Оқыту барысында шығармашылық үшін тек студент пен оқытушы арасындағы диалог қана емес, түрлі кәсіби және оқу әрекеттері барысында студентердің өзара карым катынасы, студенттің өздігінен білім алу мен берудің ұйымдастырушылық құрылымының деңгейінде өздігінен жұмыс істеуге, жауапкершілікке және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағыттылған тәрбиелеу үрдісі арқылы іске асады.
Еліміздің жоғары оқу орындарында ендірілген кредиттік оқыту жүйесінде студенттердің өздігінен жұмыс жасауына уақыт көп бөлінген. Оқу сабақтарының басым бөлігін түрлі іскер ойындар, тренингтер, диспуттар, семинарлар және тағы да басқа осы сияқты белсенді шығармашылық нысанда жүргізу ұсынылады. Білім алушылар жеке жұмыс жоспарлары арқылы оңтайлы ырғақта оқи алады, өздік жұмыстың уақытын қалай жұмсауды және орындауды өзі шешеді.
Өздік жұмыстың жеке тапсырмалары білім алушылардың білімді меңгерудің репродуктивті, реконструктивті, вариативті, ізденіс, шығармашылық сияқты деңгейлерін ескере отырып жасалынады.
Шығармашылық пен ғылыми зерттеу сипатындағы өздік жұмысқа жататын курстық және дипломдық жұмыстар студенттерге алған білімдерін оқытушының жетекшілігімен іс жүзінде қолдануды үйренуге, әрі өздігінен практикалық жұмысқа студенттің қалай даярланғанын бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл жұмыстардың тақырыбы мен мазмұнына өмірде қолдануға қатысты, болашағы бар мәселелерді, жаңа және соңғы техникалық шешімдер, әдістемелік тәсілдер, алдыңғы қатарлы болашағы бар технологияларды қолдану, студенттің болашақ қызметіне қатысты немесе жоғары оқу орнындағы оқу үрдісін қамтамасыз етуге, жетілдіруге ықпал ететін нақты міндеттерді шешу сияқты талаптар қойылады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Пидкасистый, П. И. Педагогика: учебн. пособие для студ. пед. вузов и пед. колледжей / П. И. Пидкасистый. – М.: Пед. общ-во России. – 1998.
2. Әбиев, Ж. Ә. Педагогика: оқу құралы / Ж. Ә. Әбиев, С. Б. Бабаев, А. М. Құдиярова. – Алматы : Дарын. – 2004. – 448 б.
ӘОЖ: 371.32:82.085:373.3
ОРТА МЕКТЕПТЕРГЕ ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ АРНАУЛЫ КУРСТАРЫН ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ ТУРАСЫНДА
Ә. С. Мұханбетқалиев, М. С. Ержақыпов, ізденушілер
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Мақалада орта мектеп оқушыларының шешен сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың кейбір қырлары зерделеніп, қазіргі орта мектептегі шешендіктанудың арнаулы курстарының қажеттілігі қарастырылады. Сонымен қатар орта мектептердегі шешендік өнер арнаулы курстарының қазіргі қоғамдағы жан-жақты жетілген шешен тұлғаларға деген қажеттілікті қамтамасыз ететіндігі дәлелденеді.
В данной статье рассматриваются некоторые аспекты формирования навыков ораторской речи школьников, аргументируется необходимость специального курса риторики в средней школе. А также приводятся доказательства по обеспеченияю школьных спецкурсов по риторике назревшей необходимости общества в разносторонне развитых личностях-ораторах.
Some aspects of formation of oratorical speech skills at pupils are considered in the article; necessity of rhetoric special course at secondary school is reasoned. And also provides evidence for providing school specialized courses in rhetoric urgent need for society as a versatile development of personality-speakers.
Еліміз егемендік алғалы қоғамдық жүйелердің барлығы ұлттық құндылықтармен толықтырып, жаңаланып жатқан тұста білім беру саласындағы өзгертулер мен жаңартулар халықтық болмыс пен ұлттық құндылықтарға ойысып келеді. Ондағы негізгі мақсат – болашақ ұрпақты халықтық дәстүрмен тәрбиелеу, ұлттық қасиеттерді бойына сіңіре отырып олардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Шешендік өнер халықтық-демократиялық ұстындар орнаған қоғамда ғана өсіп-өркендейді. Ақыл-ойға еркіндік шешендік өнердің дамуының алғашқы шарты болып есептеледі. Мысалы, ежелгі грек тарихында шешендік өнердің дамуына б.ж.с.д. 594-жылы Афин полисінің басқарушысы әрі ақыны Солонның құлдық құрылыс пен сот істерін демократиялауға бағытталған заңының себеп болғандығын шешендіктану ғылымының зерттеушілері растайды. Бұл заң бойынша Афиннің әрбір азаматы өз мүддесін өзі қорғауға тиіс болды. Осыған байланысты айтылатын сөзді алдын-ала даярлайтын сөз шеберлері (логографтар) көптеп пайда болған екен.
Өскелең ұрпақ өкілдері – мектеп оқушыларын шешендік өнерге үйретудегі негізгі маңыздылық: оның дүниетанымдық рөлінің зор болуы. Оқушының тіл байлығы мол, өткір, шешендік қабілеті дамыған болса, ол соғұрлым дүниедегі нәрселер мен құбылыстардың белгілерін де, қасиеттерін де толығырақ тани алады. Ол белгілер мен қасиеттердің айқындығы және ішкі мүмкіндігі басқа нәрселер мен құбылыстардың бойындағы белгілер мен ұқсастығы жағынан тереңдеп бойлай түседі, соның әдістерін меңгереді. Сөйтіп, бұл оқушыға шешендіктің сырын ұғындырып қана қоймайды, сонымен қатар оның ойлау қабілетінің де тереңдей түсуіне мүмкіндік жасайды. Қазіргі жағдайда мектеп оқушыларын шешендік өнерге үйретудің маңыздылығының бір қыры осында.
Ал шешендік білік-дағдылардың мұғалім тұлғасына тән қасиет болуы – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Біріншіден, шешендік өнер педагогке өз сөзін дәл, нақты, қисынды да дәлелді етіп құруға көмектеседі әрі оқушылармен шығармашылық әріптестік негізінде ұдайы пікірталас ұымдастыру арқылы сабақты қызықты көрініске айналдырып, берілетін мағлұмат көлемін әлдеқайда көбейтуге мүмкіндік туғызады. Екіншіден, шешендік өнер мұғалімге қиын деген сыныптармен байланыс жасауға, қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, кез келген педагогтік әсердің негізінде мұғалімнің өзін сөз арқылы айқындау құбылысы жатады. Сөз арқылы ол оқытады, тәрбиелейді, өз көзқарасын жеткізеді, оған баланы көндіреді, оқушының санасына ғажайып көрнекі бейнелерін туғызады. Міне осы тұрғыдан қарап отырсақ, мектеп оқушыларын шешендік өнерге оқытудың екі жақты тиімділігі бар екендігін аңғарамыз.
1990-1991 оқу жылынан бастап Ресей мемлекетінің мектептері мен лицей, гимназияларында, 1992-1993 оқу жылынан бастап отандық жалпы орта білім беретін оқу орындарында «Сөйлеу мәдениеті және риторика» атты арнаулы курстар енгізіліп, Ресей педагогикалық Ғылым академиясы әзірлеген әдістемелік нұсқау негізінде жасалған курс бағдарламасы бойынша сабақ жүргізіле бастағаны мәлім. Мектептегі қай пәннен болсын жүргізілетін арнаулы курстардың мақсаты – әр оқушының қабілетін айқындау, оны даралап сол бағытта дамыту, баулу болмақ. Мұның оқушылардың келешегіне жол ашуға және өз ісінің табанды, білгір маманы болуына негіз қалары сөзсіз. «Сөйлеу мәдениеті және риторика» арнаулы курсы бойынша жүргізілетін сабақтардың басты міндеті – оқушылардың ана тілі мен әдебиетінен алған білімдері мен икем-дағдыларын теориялық және практикалық жағынан дамытып, ауызекі сөйлеу тілі мен ресми сөйлеу тілінің ерекшеліктерін, шеберлігін, шешендік сөз өнерінің тәлімдік сипаттарын таныту», – деп тұжырымдайды зерттеушы-ғалым Т. Е. Трофимов [1, 42 б.].
Алайда, арнаулы курстың бұл бағдарламаларындағы атап өту қажет кемшіліктердің бірі - ұлттық мектептердегі оқыту мен тәрбиенің өзіндік ерекшеліктері мен сипаттарының ескерілмеуі. Сондықтан қазақ мектептері үшін бейімделген бағдарламаның қажеттігін өмірдің өзі талап етіп отыр.
Аталған арнаулы курсты жүргізушілер, әдетте, ана тілі әдебиеті пәнінің мұғалімдері болып келетіндігі, олардың арнаулы курсты жүргізуде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың дидактикалық-әдістемелік ғылыми негіздерін басшылыққа алып отыратындығы түсінікті. Қоғамымыздағы тілдік қатынас мәдениетінің мәселелері өзекті бола тұра, осы мәселелерді қамтитын ұлттық оқулықтар мен әдістемелік құралдар жоқтың қасы. Сонымен қатар, баспасөз беттеріндегі шешендіктану туралы жарияланымдар да аса көп емес. Ал жарияланған мақалалар авторларының көбісі осы арнаны яғни шешендік өнерін зерттеп жүрген ғалымдар. Біздіңше, бұл, шешендік өнерді зерттеу, дәріптеу, тек шешендіктанушылардың ғана емес, жалпы кез келген қоғам өкілінің, қайраткерлерінің, оның ішінде тілтанушылардың ден қоятын күрделі мәселесі. Өйткені шешендік өнер, шешен сөйлеу тек әдемі сөйлеуді емес, ол кез келген тұлғаның жалпы мәдени деңгейін көрсетеді.
Тіліміздегі мол тілдік құралдарды өз ойымызды нақты жеткізуге пайдалана білгеніміз жөн. Тілді оның қолданатын ортасынан тыс алып қарау мүмкін емес. Өркениетті елдегі қоғам барлық тұрғыда мәдениетті болса керек, ендеше қоғам мүшелерінің әрқайсысы сөйлеу мәдениетін жетік меңгергені дұрыс болар еді. Осы орайда, оқушыларға әр сөзді өз мағынасына сай орынды қолдана білуге баулу қажеттігі туады.
Біздіңше, риторикалық мәдениеттің жүзеге асуы қазіргі таңда бірден-бір ерекше мәнге ие. Бұл іспеттес рухани өзін-өзі жетілдірудің материалдық жағын қанағаттандыру мен өндірістің өсу қарқынының адамзат санасында жаңаша көрініс табуы, қоғам мен жеке тұлға турасында берілер әлеуметтік бағаның өзгеруі күн тәртібіндегі риторикалық мәдениеттің қалыптасу ерекшелігін де айқындамақ. Бұл бағыттағы мәселенің оң шешім табуы адамдардың тұрмыси құндылықтардан рухани құндылықтарға қайта бағдар ұстануы негізіндегі адамзаттың ішкі жан дүниесінің қайта жаңғыруы жолымен жүзеге аспақ. Демек, қазіргі заманның ғаламдық проблемасы – бұл таза экономикалық, саяси не ғылыми проблемалар емес, ең алдымен адамгершілік-рухани проблемалар. Ал мұндай жағдайда риторикалық мәдениеттің қалыптасуы, біздің пайымдауымызша, адамды өзгертудің, оның рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен ілгері дамып жетілуінің тиімді жолдарының бірегейі.
Ал жас атаулының бойына риторикалық мәдениетке қатысты білік, дағдыларды қалай жұғысты етпекпіз. Басты жолы – шешендіктану ғылымын игеру арқылы. Біздіңше, шешендіктану курсын оқытуды қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениеті және ұлттық менталитентімізбен байланысты шынайылыққа, ізгілік пен әдемілікке ұмтылуға бағытталған оқушылардың ойлана сөйлей білу білік-дағдыларын, қабілет-қарымын дамытуды көздейтін аталмыш саланың (риториканың) кешенді қалыптағы интеграцияланған пән екендігі туралы түсініктен туындата білген дұрыс. Сондай-ақ, риторикалық мәдениетті, риторикалық біліктілікті қалыптастыру – бұл тек оқытудағы бір ғана бағыт емес, сонымен бірге, өзге де оқыту пәндеріне әсер ету құралы да, интеллектуалдық және эмоциональдық тұрғыда жетіле дамудың тиімділігін қамтамасыз ететін, әлі де тереңірек айтсақ, баланың әлеуметтік тұрғыда бейімделуінің тиімді жүруіне бірден-бір қажетті алғышарт та.
Демек, шешендіктануды ұлттық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі ретінде қабылдай білуіміз керек.
Қорыта айтсақ, қазіргі таңда тілдік қатынастың барлық түрлерін игерген жоғарғы мәдениетті адамдарға қоғам қажетсінуі айқын аңғарылуда. Бұл орайда баса ескерер ерекше тұс – егер де адамның жалпы мәдени деңгейі, соның ішінде сөйлеу мәдениеті жеткілікті дәрежеде жоғары болса ғана, жинақталған кәсіби білім мен дағды жемісті жетістікке жеткізе алатынын болашақ мамандардың терең түсінуінің қажеттігі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Трофимов, Т. Е. Культура речи и риторика / Т. Е. Трофимов // Қазақстан мектебі. – Алматы. – 1996. – № 2.
УДК: 002.53
ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ
В УЧЕБНОМ ПРОЦЕССЕ ЛИЦЕЯ
Т. Ж. Сатыбаева, магистрант
Научный руководитель: Г. М. Миниус, доктор техн. наук, профессор
Казахстанский университет инновационных и телекоммуникационных систем
Мақала оқыту үрдісінің өзекті мәселесіне арналған компьютерлік оқу бағдарламалар, оқу ортасындағы негізгі компьютерлік сертификатталған әзірлеулер жөніндегі сұраныс және оқыту үрдісіндегі негізгі жаратылыстану пәндерін оқыту барысында қолданылатын жаңа технолгиялар жайына арналған.
Статья посвящена актуальным вопросам эффективности использования учебных компьютерных программ (УКП) в компьютерной ориентированной учебной среде, указаны основные требования к ним и дан перечень сертифицированных разработок УКП из естественных предметов, которые можно рекомендовать для базового среднего образования.
The article deals with the efficiency of educational computer programs (ECP) use in the computer based educational environment, the basic requirements to them as well as the list of certificated developments of ECP for science subjects, which can be recommended for the base secondary education.
В образовательном пространстве учреждения действуют три субъекта: ученики, преподаватели и администрация. В ходе учебного процесса каждый из них решает свои задачи. Целью работы является рассмотрение проблем и путей решения при внедрении информационных технологий (ИТ) на примере лицея. При внедрении ИТ в образовательный процесс можно выделить две наиболее важные проблемы: финансовую и кадровую.
В результате внедрения информационных технологий:
ученики приобретают новый уникальный инструмент для получения знаний, профессиональных навыков, которые пригодятся в дальнейшей жизни в различных сферах деятельности;
преподаватели имеют возможность повысить эффективность и качество труда, овладеть современной информационной культурой, участвуют в различных Интернет конференциях, семинарах, уроках;
администрация может повысить оперативность сбора и анализа информации, статистики, автоматизировать такие виды деятельности, как составление расписаний, тарификация преподавателей, отчет по движению учащихся, мониторинг успеваемости и другое [1].
Внедрение информационных технологий в учебный процесс порождает сходные проблемы во всех образовательных учреждениях.
Ученики обладают разноуровневой стартовой подготовкой по информационно-коммуникационным технологиям (ИКТ), имеют разную мотивацию к обучению, зачастую относятся к компьютеру как инструменту развлечения и досуга: музыка, видео, компьютерные игры, общение через Интернет (чаты).
В то же время преподавательские коллективы получили образование, в основном, в докомпьютерную эпоху. Как следствие -психологический барьер перед более компетентной молодой аудиторией. Кроме этого, отсутствуют объективные стимулы применения ИКТ. Планирование учебного процесса не учитывает особенностей внедрения ИКТ технологий: количество мест в компьютерных классах, как, правило, 10. Стандартные кабинеты не позволяют размещать болынее количество компьютеров. Деление учеников на подгруппы предусмотрено только для уроков информатики. Отсутствует единая методическая база учебных материалов [2, 3].
Перед администрацией учебного учреждения остро стоит проблема автоматизации документооборота. Рутинная работа отнимает колоссальное количество времени. Отсутствие единого информационного пространства приводит к тому, что подразделения дублируют сходные задачи. Например, учебная часть, бухгалтерия, учебные кафедры используют базу студентов в разной степени детализации. Чаще всего есть расхождение с реальным положением дел. Скромное финансирование обновления материально-технической базы и стимулирования инновационных процессов также тормозит создание единой информационной среды учебного заведения.
Рассмотрим возможные подходы к решению проблем информатизации на примере нашего лицея. Прежде всего, отметим, какими техническими возможностями располагает лицей для использования ИКТ в образовательном процессе:
кабинет с проектором;
программные средства для демонстрации слайд-шоу;
локальная сеть в компьютерных классах (по 14 мест);
оптоволоконная связь с Интернет;
возможность создания предметных сайтов в локальной сети лицея.
Наиболее широко ИКТ используют две профессиональные отделы: отдел секретарей и учебная часть школы-лицея информационных технологий (школа-лицей ИТ). Учителя школы-лицея ИТ болышое внимание при проведении урока уделяют организации различных видов самостоятельной работы учащихся, в том числе с наглядными материалами, с печатными и электронными источниками информации, с поисковыми системами в сети Интернет. Важным дидактическим средством становится использование проекционного оборудования для формирования устойчивых визуальных образов. На уроках информатики у учеников всех профессий формируется информационная культура. Они работают над созданием сайта, учатся работать в фотошопе, создают презентации. Использование Интернет-технологий позволяет активизировать и сделать более эффективной самостоятельную поисковую работу учащихся. Практические навыки работы с поисковыми серверами Интернет учащиеся используют в своей проектной деятельности, подготовке докладов, рефератов. Выпускник школы-лицея ИТ относится к компьютеру как к инструменту для профессиональной деятельности, способному облегчить решение профессиональных задач. Для развития творческих способностей учеников проводятся нестандартные уроки, выполнение заданий, требующих творчества (уроки-соревнования, выпуск электронных газет, интегрированные уроки, уроки-презентации).
На профессиональных уроках, где компьютер используется как рабочий инструмент, педагоги не испытывают психологического дискомфорта. В школе-лицее ИТ все методические и дидактические материалы разрабатывают преподаватели вместе системными администраторами. Здесь и творческая переработка, и адаптация печатной продукции, материалов из Интернет, периодических изданий, электронных носителей для наших учебных программ. Молодые специалисты (даже гуманитарных дисциплин) стараются использовать ИКТ в образовательном процессе. Педагоги с опытом работы ждут дополнительных материальных стимулов за использование ИКТ. Они делают ставку на свой авторитет, большой педагогический и методический опыты. На наш взгляд, интегрированные уроки являются той формой, которая наиболее мягко и наглядно демонстрирует использование инновационных и информационно-коммуникационных технологий в образовательном процессе. Так в школе-лицее проходит предметные недели с использованием ИКТ: например уроке информатика преподаватель Салманова А. М. предложила ребятам в Ролуег Раіпі; создать «Город будущего 2020 года», уроке история преподаватель Байнеязава М. Г. на теме «Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы» использзовала интерективною доску, уроке физика используетса видио урок на интерактивнам доске, на своем уроке математика тоже использваю интерактивную доску. Такие уроки разнообразят учебный процесс, вызывают дополнительный интерес у учеников, повышают их мотивацию.
Сейчас огромное количество методических электронных пособий на рынке. Но есть проблемы в их использовании. Методическая проблема заключается в том, что, как правило, это единый курс, и совсем неочевидно, что он полностью укладывается в конкретную учебную программу. Техническая проблема состоит в том, что рынок ориентирован на персональных пользователей. В сетевой среде зачастую эксплуатация этих продуктов сталкивается с серьезными трудностями. Сетевые версии обычно отсутствуют, получение версий через систему заказов стоит на порядок дороже.
В школе-лицее ИТ успешно внедряется система управления учебным процессом. В форме компьютерного тестирования проводятся контрольные работы, экзамены и олимпиады. В конце каждой четверти учащееся сдают компьютерное тестиравание. Итоги оформляются ведомостью, составляются мониторинг качества знаний, рейтинг учащееся. Компьютерное тестирование – очень перспективное направление. Преподаватель избавляется от нудной рутинной работы проверки контрольных тестов на бумажных носителях, так как обеспечивается автоматизированная проверка результатов тестов.
Создание единой информационной среды образовательного учреждения – наиболее современная составляющая ИКТ. На данный момент существует несколько российских программных продуктов. Наиболее удачным вариантом мы считает систему №1 Школа самарских разработчиков. Программа позволяет ведение единой базы учеников, электронных журналов, тарификации преподавателей, мониторинга успеваемости и посещаемости, автоматическое составление расписаний, подключение и создание мультимедийных курсов и материалов, обеспечение связи с родителями через Интернет (электронный журнал, зтз-сообщения). Система постоянно развивается, внедрена во многих городах России, имеет приемлемую стоимость. Кроме этого, № 61 Школа требует совсем другой культуры работы и исполнительской дисциплины.
Чтобы привить ученику информационную культуру, надо создать вокруг него определенную информационную среду, для овладения необходимыми знаниями и умениями.
Овладевая информационной культурой, также используя информационно-коммуникативные технологии в своей профессиональной деятельности, преподаватель любой предметной сферы получает:
образную, наглядную форму представления учебного материала;
поддержку активных методов обучения и развития инновационного образования «учебный информационный канал»
возможность привлечения к процессу активного инновационного обучения категории учеников, которые отличаются интеллектуальными способностями и характеризуются разносторонностью в стиле обучения;
возможность сделать обучение более качественным и эффективным, привлекая информационно-компьютерные технологии в образования и развития штучного интеллекта (в сфере чувственного и мыслительного восприятия ученика средствами мультимедиа);
возможность учителю (преподавателю) подготовить разные формы и варианты задач, тестовых и творческих работ, карточек и т.п., что в будущем могут быть распечатанные в компьютерном классе и розданные ученикам для выполнения;
использование мультимедийных средств обучения и программно-методических средств в научно-проектной деятельности (учеников, учителей, преподавателей) повышает эффективность и качество образования.
Достарыңызбен бөлісу: |