В07180, 6В07181 және 6В07182 мамандықтарының студенттері үшін дәрістер жинағы. ДӘрістер жинағы шымкент 2021


-Дәріс тақырыбы. Технологиялық машиналар мен жабдықтардың жұмыс жағдайы



бет22/51
Дата23.12.2023
өлшемі3.52 Mb.
#487764
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
13-Дәріс тақырыбы. Технологиялық машиналар мен жабдықтардың жұмыс жағдайы. Технологиялық машиналардың пайдалану қасиеттері. Коррозиялық және температуралық әсерге ұшыраған технологиялық машина элементтерінің пайдалану қасиеттері.


Мачталар.
Портал және портальды көтергіштер деп – жоғарғы бөліктері қатаң траверсамен қосылған «МАЧТАНЫ» айтады. Мұндай көтеру қондырғыларында жүктік полиспаста, мачтаның жоғарғы бөлігіне емес траверске бекітіледі. Порталдарды әсіресе аппараттарды монтаждау кезінде мачтаны қиғаш әдісімен пайдаланады. Сондықтан да портал мачтасы топсалы тіректі болып келеді. Кейбір портал конструкцияларын рельс жолы бойынша монтаждау орнына жеткізуге болады. Портал мачтасына салмақ, оның осіне иілу моментісіз мачталы траверс қосылысының сфералы топсасымен беріледі, осының салдарынан порталдың жүк көтеруі мачтаға қарағанда жоғары болады. Сонымен қатар портал жазығынан жүкті полиспасталардың тігінен ауытқуы кезінде туындайтын горизонталь күштер траверспен реттеледі және осының салдарынан ванталарға түсетін күш төмен болады. Траверстің болуы монтаждалатын аппараттың биіктігін шектейді. Жинақталған порталды орнату, демонтаж өте қиын және еңбексиымдылықты, сонамен қатар көп уақытты қажет етеді.
«ШЕВРЛЕР» - А және П үлгіде жасалған жебелі жүк көтеру қондырғысы.
Шевр тәсілі топсаның осінен горизонтальды айналмалы бетте тік айналдыру әдісімен тік аппараттарды және биік конструкцияларды монтаждауда қолданылады.
«МАЧТА» Жүккөтергіш мачталар ірі метал конструкцияларын, түтінді құбырларды, ауырсалмақты тік және горизонталь аппараттарды іргетастарға қондыру және көтеру үшін кеңінен қолданылады. Сонымен қатар көбінесе монтаждау орнына крандар келе алмауына және кранның орналаса алмауына байланысты мачтаны пайдалану мүмкіндігі артады. Мачтаның жүк көтерімділігі 20-500тонна, ал биіктігі 20-72м.
Мачта кемшіліктері:
-оларды орнатудың жоғары еңбексиымдылығы;
-қозғалуы мен демонтажы қиын;
-көп уақытты қажет етуі;
-ванта және якор үшін алаңнын көп қажет етілуі және қауіпсіздігі;
Мачталардың ең кең тарағаны ж.к.-200тонналық, биіктігі-60м. Осындай мачталардың бірі 2.13 – Суретте келтірілген.

2.13 – Сурет. Полиспасталы жүккөтергіш мачта.
Бұл мачтаның ерекшелігі , ол полиспастамен қамтылған. Тік немесе қиғаш бағытта мачта ванта көмегімен ұсталады, яғни полиспастаның бір жағы мачтаның жоғарғы бөлігіне бекітіледі, ал екінші жағы арнайы якорларға бекітіледі. Мачта конструкциясы азлегірленген және төмен көміртекті болаттардан құбырлы және клеткалы етіп жасайды.Бұл мачталарды монтаждау орындарында дайындауға болады. Олардың ж.к.60-100тонна, биіктігі 45м. Демек клеткалы мачталар құбырлы мачталарға қарағанда, олардың жүккөтерімділігі жоғары болады. Құбырлы мачталардың ұзындығы бойынша к.қ.а. тұрақты және айнымалы инерциялы моментті болуы мүмкін. Төменде 2.14 – суретте құбырлы мачтаның екі түрі келтірілген, ал мачтаның жоғарғы бөлігі 2.15 – Суретте көрсетілген.

2.14 – Үш құбырлы мачта. 2.15 – Мачтаның жоғарғы бөлігі.
Мачтаның жоғарғы бөлігі: 1-заглушкадан; 2-көлбеуден; 3штырьдан; 4-мачта; 5-косынкадан тұрады. Мұндағы штырь мачтаның ж.к. байланысты диаметрі 20-40мм болат пруттан жасалады, ал ол мачта бойымен вантаның жылжуын болдырмайды, ал көлбеу штырьдан 150-200мм төмен орналасқан және ол диаметрі 150-200мм құбырдан істеліп пісіріледі, оның қызыметі, яғни полиспаста осыған бекітіледі. Құбырлы мачталар топса түрінде немесе плита түрінде тіректі болып келеді, ол мачтаға пісіріліп касынкамен күшейтіледі. Қатаң конструкциялы тірек мачтаның төменгі бөлігінің қозғалмалы топсасын шектейді, сондықтан да мұндай мачталар жүкті тарту кезінде нашар жұмыс істей бастайды немесе мачтаның тігінен 30С-тан жоғары бұрышқа еңкейгенде де нашар жұмыс істейді.Торлы мачталар ж.к.-500тонна болады, осыған қарамастан оның салмағы аз болады. Торлы немесе клеткалы мачталарды прокатты уголоктардан пісіру арқылы дайындайды. Мачта биіктігі бойынша айнымалы қимаға ие. Бұл мачтаның к.қ.а. квадрат болады, ал бұрыштарында пісірілген уголоктар болады. Торлы мачталарды секция ұзындығы 6-12м етіп бөлек-бөлек дайындайды, ал секциялар бір-бірімен жалпақ бетті жапсырмалармен арнайы дайындалған болттармен біріктіріледі. Мачтаның жұмысы жеңіл болуы үшін топсамен және жылдам айналмалы қондырғымен (паукпен) жабдықталады, осының салдарынан мачта өзінің тік осін айнала бұрыла алады, яғни вантаны өзгертпей мачтаны кез келген бұрышқа еңкейте аламыз. Қосарланған мачталардың ж.к. 200тоннаға дейін болада, ал биіктігі 55м, жалпы салмағы 68тонна.
Мұндай мачталар 2.16 ж.к.Суретте келтірілген. Қазіргі таңда АК-400 типті екі мачталы көтергіштер жасалған, олардың ж.к. 500 тонна. АК-400 типті 500 тонналық мачтаның 200 тонналық мачтадан айырмашылығы сол, олар 160кН лебедкалармен, пультпен дистанционды бағытталатын механизмдермен, азлегірленген материалдармен қамтылған есептік схемасында. Бұдан басқа ж.к. 1000 тонналық екі мачталы көтергіштер жасалды, олардың биіктігі 42-72м және салмағы 37-56 тонна, к.қ.а. 2000х2000мм және 200х200х25мм угологтардан дайындалады, материалы азлегірленген 10ХСНД типті болат. Мачта құрамына: шығыр БМ-630; лебедка ЛМ-32-2000; көтеру кезінде жүкті қозғалту үшін ж.к. 500 тонналық арба. Мачтаның негізгі онығуында және жоғарғы бөлігінде подшипник качения болады, ал ол өздігінен мачтаның жеңіл айналуын қамтамасыз етеді.



2.16-сурет. Жүккөтерімділігі 200 тонналық торлы мачта.
Мачтаны көтеру және қондыру(орнату).
Мачтаны орнатар алдында монтаждалатын аппаратқа қатысты орнығу орнын анықтау қажет, яғни мачтаны артық қозғалтпау және якордың орнығу орнын вантаны бекіту және орнатуды қайта өзгертпеу үшін. Қондыруға дейін мачтаның төбесіне полиспаста мен вантаны бекітіп алады. Мачтаны көтеру кезінде қозғалмалы блогты негізгі конструкцияға бекітеді. Сонымен қатар мачтаның жоғарғы бөлігіне такелажды люгтерді көтеру үшін диаметрі 16мм болат арқанды шығыр ілінеді.Мачтаны орнату орнына, яғни мачта негізінің астына шпалдан немесе арнайы темір бетонды фундаменттерден төсем төселеді. Мачтаны көтеру тәсілін таңдаған кезде, оны негізінен тік жүктемелерді қабылдауға есептейді, сондықтан оны көтеру кезінде туындайтын күш әсерінен майысу жүктемесіне мачтаның беріктігін тексеру қажет. Мачтаны тігінен ұстап тұру үшін төрт немесе алты тармақты ванталарды кереді, ал олардың қиғаштық бұрышы 45С-тан жоғары болмауы тиіс. Мачта қозғалып кетпеуі үшін оны болат арқанмен қатты конструкцияға бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет