Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж. 44
училище жанынан аяқ киім тігу кәсібіне үйрететін арнайы сыныптар ашылады. 1905 жылдан бастап қол
шеберлігі сыныптар да ашылады. Ол уақытта училищеге жылына 8500 сом ақша бөлініп, оның 2360
сомы қазынадан, 400 сом қала тұрғындарының салығынан, 5515 сом жерден және 400 сом оқушылар
үшін жиналған салықтардан құралды. Солай болса да әр уақытта училище басқарған меңгерушілері
бөлінген қаражатты тиісті мақсатта пайдаланбай, оны жымпитудан бас тартпады. Мысал ретінде айтсақ,
бір меңгеруші қомақты ақша жинап, оны жергілікті еврей саудагерлеріне несиеге беріп отырғаны белгілі
[16,133]. Осындай себептерден де әрине білім мекемелерінің жағдайы өте төмен болды. 1910 жылы
училищеде жалпы 82 оқушы білім алып отырды. Оның ішінде орыс - 49, қазақтар - 23, сарт - 4, татар - 1,
еврейлер - 5 шәкірт оқыды [17, 133].
ХІХ ғасырдың соңында мұсылман оқу орындарының саны өсе бастады. Түркістан қаласы мұсылман
діни оқу орындарының орталығы болды. 1886 жылы Сырдарья облысы бойынша 31медреселерде 1121
оқушы, 1866 мектепте 29572 оқушы оқыған. 132579 жалпы бала санынан, 32074 бала, яғни 24 % білім
алып отырды. Бұл көрсеткіш жалпы халықтың санынан 1,9% құрайды. Орыс мектептерінде 1454
мұсылман балалары, яғни 1,1 %, оқыған. Соның ішінде Түркістан қаласында 1871 жылы 1 медресе және
14 мектеп болды. Медреседе 35 оқушы, 14 мектепте – 250 ұл және 32 қыз оқушылар білім алып отырды.
1879 жылы 1 медресе – 30 оқушы, 15 мектеп – 322 оқушы болды [18, п.22]. Жыл сайын мектептеп мен
медереселер саны және оларда білім алатын шәкірттердің саны артып тұрды. 1892 жылы Сырдария
облысында жалпы 1497 мектеп және 35 медресе болы, оқушылар саны – 27082, 1893 жылы – 2458 мектеп
пен 34 медереседе 28868 оқушы білім алған [19,16-17].
Мұсылман мектептері мен медреселер көбінесе жергілікті жеке азаматтардың есептерінен
қаржыландырылып тұрды. Мектептерде оқу төлемақы алынбағанымен, оқушылардың ата-аналары
ақшалай немесе түрлі бағалы сыйлықтар беріп отырған [20,59]. Алғашқыда мектептер «ықпалды
байлардың балаларының орнына» кедейлердің балаларымен толықтырылып тұрды. «Жалған
оқушыларға» тіпті арнайы «мектеп пұлы» деп аталатын жасырын алым-салық тәрізді төленіп тұрды. Көп
ұзамай мұндай тәртіп жойылды [21,133].
Орыстандыруды көздеген Ресей империясы отар аймақтардағы халықтарды қатаң бақылауға алды.
Патша үкіметі орыстандыру саясатын жүргізу мақсатында араб жазуын қолданыстан шығаруды көздеді.
Араб графикасын орыс әліпбиімен алмастырып, орыстар мен жергілікті халықтардың балалаларын
оқытатын орыс-түзем мектептерін аша бастады. 20 шілде 1886 жылы орыс-түзем мектептерін ашуға
арнайы заң қабылданған соң, өлкеде 14 мектеп ашылады.
1886 жылы 12 маусымда Түркістан уезі жойылып, орнына Сырдарья облысы Шымкент уезі
құрамындағы Түркістан учаскесі құрылады. Түркістан учаскесіне 16 болыс кіреді (Ақтөбе, Жылыбұлақ,
Қарнақ, Қаратау, Қаракөл, Шу, Ноғай-Қира, Хантағы, Сарыөзек, Созақ). Болыстардың негізігі тұрғын-
дары қазақтар болды. Созақ және Карнақ болыстардың тұрғындарын негізінде өзбек ұлты құрады
[22,п.6-7]. Қарнақта (Түркістаннан 25 шақырым жерде орналасқан елді-мекен) 4 медресе болған. Бұл
медреселерде білім алып отырған оқушылар саны 200-ге дейін жетті. Түркістан мұсылмандық орталық
ретіндегі қызметінде Қарнақтың ерекше орны болған.
Түркістан қаласында орыстар мен жергілікті халықтарға арналған бір сыныптық мектеп 1888 жылы
ашылды. Оқушылар саны – 20 адам 1911 жылы училище екі сыныптық болып өзгертілді. Оқу орыны
қазыналық мекеме үйінде орналасты. Оқушылар саны 65 адамға дейін жетті. 1912 жылы оған қоса кешкі
курстар ашылып, оларда 30 дан 60 адамға дейін ересектер білім алды [23, 133]. Екінші сыныпта
арифметика, тарих, география, жаратылыстану пәндері оқытылды.
1890 жылы Түркістан қаласында шіркеу жанындағы әйелдер училищесі ашылды. 1911 жылы
училищеде 26 оқушы ғана болды, оның ішінде 8 оқушысы – еврей ұлтынан.
Архив деректері бойынша 1890 жылы Түркістан қаласында жалпы оқу орындары мен оқушылар
саны:
1) Интернаты бар екі сыныптық училище (оқушы саны – 33 ер балдар);
2) Әйелдер училищесі (оқушылар саны – 12);
3) Орыс-туземдік мектеп (оқушылар саны – 16);
4) Медресе – 2 (оқушы саны – 90 ер бала);
5) Мектептер – 21 (оқушылар саны – 220 ер балдар);
6) Еврей мектептері (хедер) – 6 (оқушы саны – 80 ер бала) [24, п.55].
Орынбор-Ташкент темір жолы бойында орналасқан Түркістан станциясы жанынан темір жол
училищесі 1877 жылы ашылып, 1910 жылы оқушылар саны – 229 болды [25, 134]. Бастауыш училищелері
жоғары және төменгі болып бөлінді. Жоғары училищелер 1912 жылы ашыла бастады. Төменгі бастауыш