Вестник казнпу им. Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №1(72), 2022 г



Pdf көрінісі
бет46/277
Дата23.09.2022
өлшемі3.48 Mb.
#461190
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   277
Хабаршы ҚазҰПУ 22.04.2022

Әдістеме. Жұмыста Ресей патша әкімшілігінің тапсырмасы бойынша Түркістан өлкесінде болған 
ғалымдар мен саяхатшылар, әскери қызметкерлерінің жарияланған есептері мен еңбектері, сондай-ақ 
отандық ғалымдарының мақалалары мен қорғалған диссертациялар материалдары негізінде 
қарастырылып отырған шеңберде Түркістан қаласындағы білім ісінің денгейі мен мазмұны сараланып, 
ғылыми зерттеу жүргізіледі.  
Зерттеу барысында объективтілік пен тарихилық принциптері, тарихи-салыстырмалы және талдау 
методологиялық әдістері қолданылды. Бұл ғылыми әдістер негізінде империя тұсында Түркістан 
қаласындағы білім беру ісінің жағдайы мен мазмұны Ресей патша өкіметінің саяси, әлеуметтік, этникалық 
факторлармен тығыз байланыста қарастырылып, патша әкімшілігінің стратегиялық бағытын жүзеге 
асыру үшін ең алдымен білім ошақтарын қалыптастыру керектігі назарға алынғаны дәлелденді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы аралығында Түркістан қаласында білім беру 
ісінің дамуы туралы ғылыми айналымдағы деректерді талдай отырып, ол үдерісті өркениеттілік ұстаным 
мен тарихилық принцип негізінде, мәдени-тарихи тұжырымдамалар тұрғысынан қарастырылады. Осы 
ұстанымдар турасында Ресей империясы тұсында жұмыс атқарған орыс-түзем мектептеріне қазақтардың 
өз балаларын білім алуға беруге ықыласты болмауының ішкі себептерін пайымдауға болады. Сонымен 
қатар, ХХ ғасырдың басында жәдидтік мектептердің пайда болу себептері аңықталады.  
Талқылау. Түркістан қаласының тарихына арналған алғашқы еңбек ретінде А.Добросмысловтың 
зерттеуін бөлек айтуға болады [1]. Еңбекте зерттеуімізге қатысты қаладағы ХІХ ғасырдың екінші 
жартысынан бастап ашылған білім ошақтары туралы мәліметтердің маңызы зор. Автор Түркістан қаласы 
туралы біршама толық ақпараттар баяндағанымен, олардың деректік мазмұны басым болып келеді.  


 Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №1(72), 2022 ж.
 
42 
Патшалық Ресейдің орыстандыру саясатының өкілдері, миссионер-ғалымдар Н.Ильминский, 
Н.Остроумовтың ХІХ ғасырдың соңында Орта Азияның мұсылман халықтарының санасын рухани-діни 
бағыттар бойынша отарлаудың заңдлықтарын айқындайтын бірнеше еңбектері жарық көрді. Түркістан 
өлкесіндегі оқу-ағарту ісінің ұйымдастырушысы Н.Остроумов «Түркістан өлкесінде орыс-түземдік 
мектептер арқылы орыстандыру саясаты басшылыққа алынады» деп ашық айтқан болатын [2].
Белгілі шығыстанушы В.Бартольд Түркістан өлкесінің мәдени өмірін зерттеген «История культурной 
жизни Туркестана» еңбегінде жаңа әдісті мектептерге, жалпы білім беру жүйесіне және нәтижелеріне 
тоқталып өтеді. В.Бартольд Түркістан қаласында 1900 жылдан бастап 30 ескі әдіспен оқытатын 
мектептердің 2-уі жаңа әдіске көшкен болатын, оның біреуі қазақ мектебі болғанын айтады [3,137]. 
1870 жылдың наурыз айында Ресей Ағарту министрлігі арнайы заң қабылдады. Заң аясында оқу 
орындарында қатаң талаптар орнатылып, Н.Ильминскийдің орыстандыру саясатының тетіктерін 
күшейтетін педагогикалық білім бағдарламасы енгізілді. Мұсылмандық оқу орындарында сабақ өз ұлт 
тілінде, бірақ міндетті түрде орыс әліпбиімен және орыс тілін оқыту міндетті болды. Сондай-ақ, орыс 
тілін білетін азаматтар қатарынан ғана мұғалімдерге сабақ беруге рұқсат етілді [4, 415]. Бұл турасында 
М.Мырзахметов атап өткендей: «Патша билігінің отарлау жүйесіндегі ең тиімді сыналған әдістерінің бірі 
– отарланған аймақтарға қоныс аударушыларды барынша шоғырландыра отырып, жергілікті халықтың 
үнін шығармауға, аралас мектептерді құру негізінде орыстандыру, шоқындыру мәселесіне келіп тіреледі» 
[5, 234]. Жаңадан ашылған білім орындарында балаларын оқытқысы келетіндерден оқу бөлімінен арнайы 
рұқсат куәліктерін алуын талап етілді.
Ресей империясының қазақ даласына отарлық саясатының салдары мұсылмандық мектеп пен 
медреселердің қызметі туралы З.Садвакасова, Н.Нуртазина, Д.Қамзабекұлы, С.Смагулова және т.б. 
зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылады.
З.Садвакасова мұсылмандық білім беру орындарындағы оқу үдерісі мен сабақ беру әдістерін 
зерттейді [6].
Ислам дінінің таралу тарихын зерттеуші Н.Нуртазинаның пікірі бойынша жәдидшілдіктің 
қалыптасуының мәдени алғышарттары Ресейдің қол астындағы халықтарға жүргізіп отырған 
орыстандыру саясатына тікелей байланысты болды [7, 102].
Камзабекұлы Д. жәдидшілдікті жаңару, ұлттық рухани серпіліс беру жолындағы жаңа бағыт деген 
көрытынды жасайды [8, 162].
С.Смагулова ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы мұсылмандық оқу 
орындары туралы мәселелерді қарастырып, Халық ағарту Министрлігі бекіткен жоба бойынша тағайын-
далған инспекторлық қызметіне қатысты мәліметтер береді. Инспекторлар құзырларындағы мектеп-
медреселердің қызметі туралы жалпы ақпараттарды білім министрлігіне хабарлап отыруға міндетті болды 
[9,18].
«Исторический опыт становления и развития школьного образования в Казахстане в ХІХ- начале ХХ 
веков» атты Н.Адельбаеваның еңбегінде Қазақстандағы білім беру сипаты ХХ ғасырдың басына дейін 
діни сипатқа ие болған, кейін білім беру ісі діни-зайырлы сипатта болды деп көрсетіледі [10,28]. Сонымен 
қатар, автор Түркістан өлкесіне кеңінен тараған жәдидшілдік қозғалысты прогрессивті тарихи маңызы 
бар құбылыс деп бағалайды.
Ғылыми жоба аясындағы зерттеу жұмысымызда Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік 
Архиві (ҚРОМА), Түркістан Облысының Мемлекеттік Архиві (ТОМА), Ресей Федерациясының 
Мемлекеттік Архив (РФМА) қорларындағы деректер пайдаланылып, Түркістан өлкесіндегі мектеп-
медреселер, олардағы оқыту жүйесі мен бағдарламалары, жаңа әдісті мектептер, білім беру саласында қол 
жеткізген жетістіктері туралы хабарламалық ақпараттар алынды. Атап айтқанда, ҚРОМА-ның 119, 145 
қорлар, ТОМА-нің 1129 қоры, РФМА-ның 543 қорындағы материалдары зерттеу жұмысымыздың негізгі 
деректік көзін құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   277




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет