Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


Моңғол империясының құқықтық жүйесi әдет-ғұрып, рәсiм, салтқа негiзделiндi



бет21/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

Моңғол империясының құқықтық жүйесi әдет-ғұрып, рәсiм, салтқа негiзделiндi. Моңғолдардың ойынша олардың құқық нормалары әлемдiк заңдарға сай, қоғам үндестiгiн сақтауға кепiл беретiн бiрден бiр құқық нормасы болып есептелдi. Әлемдiк заңды жер бетiнде насихаттаушы қаған болып саналды. Сондықтан да, ол империяның заң және сот билiгiне иелiк еттi. Шыңғыс ханның кезiнде Яса немесе Жасақ заңы қабылданып, ол қоғамдағы жаңа саяси- әлеуметтiк қатынастарға сәйкес келдi. Ұлы Қағаннан кейiн Жасақты мұрагер ретiнде қабылдап және сақтаған оның ұлы Шағатай едi. Сонымен бiрге, империяда жоғарғы сот-төрешi қызметi Яргу, джаргулугсан және судьялар —джаргучилар болды. Соттар — яргу мен қадилер үстем тап, ауқатты адамдардың мүдделерiн қорғап, солардың жыртысын жыртты. Сот iсi жөнiнде арнайы диуан-яргу де болған.
Шыңғыс ханның Ясасы екi бөлiмнен тұрды. Бiрiншi бөлiмi, билiк — Шыңғыс хан айтқандарының басын бiрiктiрген жинақ болуымен бiрге моральдық-нормативтiк түрдегi мемлекеттiк құқықтың негiзгi нормалары болып есептелiндi. Екiншi бөлiмi, Жасақ атанып, ол қылмыстық құқық нормаларын жинақтап, дiни тыиымдарды бiрiктiрдi. Жасақтың басты нормалары қатарында әскери ұйымдар мен тәртiптердi және соғыстан түскен түсiмдердi бөлетiн заңдылықтар болды.
Жалпы, Шыңғысхан құрған мемлекет және оның мұрагерлерi билеген мемлекет ХIII ғасырдың бiрiншi жартысындағы қысқа уақыт iшiнде әлемдiк империяға айналып, бiр орталыққа бағынған билiк жүйесiн қалыптастырды. Сондай-ақ, ол орталық пен шет аймақтарды және мемлекеттiк идеологияны тең құқықты дәрежеде ұстамаса да негiзгi үш дiңгекте ұстады: басқаруға Шыңғыс тұқымдарының ғана құқығы болды; бүкiл көшпендiлердiң бiрiгуi қажеттiлiгi және бүкiл әлемдегi мемлекеттердiң көшпендiлер билiгiнде болуы. Соған қарамай империяның кейбiр бөлшектерiнiң аралары алшақ болуына байланысты басқару билiгi басындағылардың арасында қарама-қайшылықтар туып, империя ұлыстарын әлсiреуге әкеп соқтырды.
Алтын Орда, Ақ Орда және Көк Орда. Ғылыми еңбектерде Алтын орда атымен белгiлi Алтын орда немесе Жошы ұлысы мемлекеттiң қалыптасуы жиырма жыл бойы жүрдi. Оның алғашқы кезеңi 1219-1222 жылдар аралығында Орта Азия, Солтүстiк Ауғанстан, Иран, Оңтүстiк Қазақстан және Жетiсу өңiрлерiн Шыңғыс хан және оның балаларының жаулап алуымен, содан соң Моңғол империясының бiрнеше мемлекеттерiмен жүргiзген соғыстарынан соң қалыптасты. Бiзге жеткен құжаттағы мәлiметтер бойынша моңғол императорының үлкен баласы Жошы отырықшылықпен айналысатын елдi-мекендердi билеп, ол кейiн Қыпшақ даласын өзiне қаратып алды.
1222-1227 жылдары Жошы Орталық және Батыс Қазақстандағы көшпендiлердi Жайық өзенiне дейiнгi аралықта билеп-төстедi. Сөйтiп, ХIII ғасырдың 20-30 жылдары Жошы ұлысына бүкiл қазақ даласы қарады. Жошыдан кейiн оны Бату биледi. Ол Моңғол қағанының егемендiгiн мойындағанмен, бiрақ оның иелiлiгi нақтықтылыққа келгенде тәуелсiз едi. Әсiресе, 40 жылдары Бату мен жоғарғы билiк иелерi арасындағы қайшылық үдей түстi. 1248 жыл кезiндегi Жошы ұлысына Күйiк Қағанның жорық жасауы да соның салдарынан болды. 1251 жылы Моңғол империясының билiгi Мөңке Қағанның қолына көштi. Бату мұрагерi Берке ханның (1257-1266 жылдары) Жошы ұлысы тәуелсiз мемлекет болады да, арнаулы құжаттарда ол мемлекет Ұлы Ұлыс атанады. Шығыс жазбаларында ол Ақ Орда болып көрсетiлсе, ал орыс жазбаларында Орда немесе Алтын Орда деп көрсетiледi.
Алтын Орданың құрылу кезеңi 1236-1242 жылдарға жатады. Ұлы ұлысқа, яғни Алтын Ордаға ежелгi Русь территориясы мен Волга Булгарлары және Шығыс Еуропа даласы Закавказьенiң кейбiр аудандарына дейiн созылып жатқан жерлер қосылады. Бату хан өзiнiң Ордасын Ертiс жағалауларынан жаңа географиялық орталық Едiл-Волга өзенiнiң жағалауына көшiредi. Сөйтiп, аз уақыт iшiнде Сарай атты астанасын өмiрге келтiредi.
Алтын Орда және басқа да көшпелiлердiң мемлекеттерi оң және сол қанатқа бөлiндi. Шекарасы Едiл (Итиль) өзенi едi. Алтын орданың немесе Ұлы ұлыстың мемлекеттiк басқару жүйесi Моңғолдардың басқару жүйесiнен едәуiр айырмашылығы болды. Оның империялық һам-харекетi саяси жүйеде ерекше байқалды. Мемлекет басшысы болып Бату династиясынан тарайтын хан есептелдi. Басқа Шыңғыс тұқымдары оғлан атақ-дәрежесiн алғанымен, тақ билiгiне ие бола алмайтын. Ондай құзыр Батудың ағасы Орда-Еженнiң ғана ұрпағына берiлдi. Олар Ұлыстың оң бөлшегiндегi хан тағын иелендi. Хан сайлау деген болмай, билiк рудың iшiндегi үлкенiне мұрагерлiк ретiнде қалдырылды. Сол қанаттың хандарының билiктерi өз ерiктерiнде болғанына қарамай, олар жоғарғы хан билiгiмен тағайындалып, бекiтiлiп, жарлықтар жоғарғы хан атынан берiлдi. ХIҮ ғасырдың 20-30 жылдары Өзбек ханның билiгi тұсында сол қанаттағы автономия жойылып, хан билiгi өмiр сүруден қалды да, оларды жоғары хан сайлаған билер биледi.
Орталық және жергiлiктi билiк органдары Моңғол және жергiлiктi ел дәстүрi бойынша қалыптасты. Билiк жүйесi бойынша ханнан кейiнгi басқару беклар-бек, яғни бектердiң бегi билiгiнде болды. Ол ұлыстағы әкiмшiлiк және әскери билiктi жүргiздi. Сонымен бiрге, бектердiң бегi мемлекеттiң әскерiн басқарып, хан атынан мемлекеттiк iстердi шешумен бiрге жоғарғы билiк органдарын басқарады. Саяси өмiрде Ұлы уәзi р хандықтың қаржы және қазынасымен қоса салық жинау құрылымдарын жүргiздi. Жоғарғы атқарушы билiк әртүрлi шаруашылық саласын басқаратын уәзiрлерден құрылған дивандар болды. Диванның iс жүргiзушi хатшыларын бiтiкшi деп атады. Хан аппаратында жасауылдар, тұтқауылдар, бекеуiлдер секiлдi Сарай шенеунiктерi болды. Ұлы ұлыстың кейбiр жекелеген бөлшектерi ұлысбектер билiгiнде едi. Олар отырықшылық аймақтардағы Хорезм, Қырым Булгары өңiрлерiн биледi. Iрi қалаларды хан тағайындаған даруғабектер билеп, олардың қызметi моңғолдардың даругашыларына  ұқсайтын. Даругашылар салық жинауға жауап беретiн, полиция және әкiмшiлiк қызметтi басқақтар атқарды. Басқақтар Ұлыстың вассалдық иелiктерiндегi княздiгiнде, Сербия мен Болгарияда болды.
Азаматтық, қылмыстық, шаруашылық iстерi әдеттегi құқық құзырына кiрiп, Моңғолдардың Жасақ және қыпшақтардың Адат рәсiмiнен өрiлген құқықтарына сай келдi. Алтын Ордада Өзбек ханнан кейiн қалың жұртшылық iшiнде Шариғаттың рөлi ерекше көзге түстi. Яғни, исламдық құқық дамыды. Соттық талас-тартыс кезiнде имамның беделi артты. Русь жерiндегi сот жүйесi болса, моңғол шапқыншылығына дейiнгi жүйеде жүрдi. Жалпы, Ұлы ұлыстың құқықтық жүйесi ХIII ғасыр мен ХIҮ ғасырдың басында Дештi Қыпшақ жағдайына келтiрiлген Шыңғыс ханның Жасағына сай қалыптасты. Алтын Ордада жылына мiндеттi түрде әскери-әкiмшiлiк өкiлдерi қатысқан съезд-құрылтай өткiзiлiп тұрды. Сөйтiп, ханның алдында ұлыс билеушiлерi есеп берiп отырды. Жоғарыда айтып өткенiмiздей Өзбек хан билiгi кезiнде ислам мемлекеттiк дiн ретiнде қабылданды. Бұл Ұлы ұлыс территориясында мұсылман құқы нормаларының енгендiгiн айғақтайды. 
Көшпелi жұртшылықты ұлыстың сұлтандары (оғландары), түменбасылары, мың басылары, жүз басылары, он басылары Моңғол империясындағы жүйемен басқарды. ХIҮ ғасырда сол қанаттағы автономияның ыдырауына байланысты Бату мен Шейбани тұқымдарынан басқалардың барлығы Ұлысты билеу билiгiнен және басқа да жасалатын жеңiлдiктерден айырылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет