Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


Қазақ хандығының құрылуы және дамуы



бет25/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

6. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы
ХҮ ғасырдың ортасында Қазақстан территориясында жаңа мемлекеттiк құрылым - Қазақ хандығы құрылды. Бұл жағдай қазақ халқының тарихында және Қазақстанның мемлекеттiк-құқықтық жүйесiнiң қалыптасу кезеңiнде ерекше орын алады. Қазақ хандығының негiзгi тұрғындары қазақ халқы этнос ретiнде қалыптасты. Қазақ хандығы осы өңiрде өмiр сүрген ежелгi ғұн, үйсiн, қаңлы мемлекеттерiнен бастап Ақ Орда мен Әбiлқайыр хандығына дейiнгi мемлекеттердiң заңды жалғасы ретiнде дүниеге келдi.
Жалпы, қазақ хандығының құрылуы Шығыс Дештi Қыпшақтың, Жетiсу мен Түркiстанның кең байтақ территориясындағы әлеуметтiк-экономикалық, саяси-қоғамдық процестердiң заңды қорытындысы болып есептелiнедi. Экономикасы аралас, көшпелi мал шаруашылығы мен отырықшы-егiншiлiк, қала шаруашылығы қалыптасқан аймақтардың табиғи интеграциясы негiзiнде ХIҮ-ХҮ ғасырларда тұтас экономикалық және бiр саяси құрылымға бiрiккен мемлекеттiң пайда болуына қолайлы жағдай әзiрледi. Сөйтiп, қазақ рулары мен тайпаларының этникалық жағынан бiрiгуiне, халықтың ұзаққа созылған қалыптасу процесiнiң аяқталуына себепкер болды. Әсiресе, Ақ Орда, Моғолстан, Әбiлқайыр хандығы; Ноғай Ордасы шеңберiнде жергiлiктi этникалық негiзде бiр мемлекеттiң даму тәжiрибесi қалыптасып бiртұтас халықтың саяси жағынан бiрiгуi қажет екенiн түсiнуiне әкелiп соқтырған жағдайлар қазақ хандығын қалыптастырды. Сондықтан да қазақ хандығының құрылу кезеңдерiн төмендегiдей қараған жөн. 
Қазақ хандығының құрылуы. Әбiлқайыр мемлекетiнiң ХҮ ғасырдың 50 жылдарындағы саяси жүйесiнiң дағдарысқа ұшырауы, оның қарсыластарын күшейтiп қана қоймай, олардың санын арттырды. Ол жалпы жұртшылық қана емес, беделдi адамдардан да қолдау таппады.
Қазақ хандығының негiзiн салушылар Ақ Орда билеушiсi Орыс ханның ұрпақтары Керей және Жәнiбек хандар болды. XV ғасырдың ортасында Керей мен Жәнiбек Шығыс Дештi Қыпшақта Ақ Орда хандары әулетiне қарсы күресе отырып, халық бұқарасының наразылығын пайдалана бiлдi. Оларға қараған екi жүз мыңдай адам Әбiлқайыр хандығынан бөлiнiп, Моғолстанға қарасты Шу мен Қозыбасы өңiрiне орда тiктi.
Әбiлқайырдың оларды ұстап тұруға қаһары да, күшi де жетпедi. Жалпы, 1459-60 жылдардағы наразылыққа толы көшi-қон Дештi қыпшақтың шығыс тұсындағы ұлы ұлыстың бiр бөлiгi Әбiлқайыр мемлекетiнiң, күйреуiне әкелiп соқты. Әбiлқайыр 1468 жылы Моғолстанға жорыққа аттанып, сол жолы қаза тапты да хандық ыдырады. Әбiлхайыр хандығы мен қазақ хандығы құрамындағы халықтар бiрыңғай болғандықтан, олар ешбiр қан-төгiссiз бiрiгiп, бүкiл жерлер Қазақ хандығына қарады.
Әбiлхайырдың қазасы мемлекеттегi саяси дағдарысты күшейтiп, кейбiр жазбаларда оның тақ мұрагерiн ұлы Шейх-Хайдар десе, ал ендi бiреулер Жәдiгер (Йадгар) хан дейдi. Қалай дегенде де билiк үшiн болған қым-қиғаш тартысқа кейiн маңғыт билерi Мұса мен Жаңбыршы, шейбанид Ибрахим араласады, Жәнiбек пен Керей сұлтан да одан тыс қалмайды. 1469 жылдың аяғы- 1470 жылдың басында Шейх-Хайдардың жақтаушылары күйреп, ханның өзi өлтiрiледi де, оның иелiгi үшке бөлiнедi. Батыс Жетiсу, Орталық Қазақстан, Сырдарияның орта ағыстары Жәнiбек пен Керей қолына көшедi. Батыс Қазақстанда Маңғыт билерiнiң басшылығымен мемлекеттiк құрайтын Маңғыт жұрты немесе Ноғай ұлысы деген атпен белгiлi мемлекет құрылды. Солтүстiк Қазақстан мен Батыс Сiбiр шейбанид Ибрагим билiгiнiң құрамына кiрiп, Сiбiр хандығы атанды.
Қазақ хандығының пайда болуына бiрден-бiр себеп болған жағдайларды тұтас саяси-экономикалық және этникалық iс-әрекеттерден деп бағалау керек. Оның саяси себептерiнiң бiрi — Ұлы ұлыстың империялық дәстүрi негiзiнде қалыптасқан саяси-құқықтық жүйенiң қоғам өмiрiнде жүйелi түрде дами алмауы болды. ХIҮ ғасырдың екiншi жартысынан бастап-ақ ХҮ ғасырдың алғашқы жартысына дейiн билiкке келген саяси топтар бiр орталыққа бағынған бюрократиялық мемлекеттiң күштi хан билiгiне бағынышты болуын қалағанмен, оған олардың экономикалық негiзi сәйкес емес едi. Сондықтан да Әбiлқайыр хан қарауындағы жұртшылық оның ұстаған саясатын қолдамай, қайта мемлекеттiк құруға лайықты жаңа жобалар ұсынған оның қарсыластарын қолдады. ХҮ ғасырдың ортасындағы Мұса мен Жаңбыршы билер атынан iс-әрекетке көшкен Едiге ұрпақтары төре Шыңғыс ұрпақтарын және хан билiгiн жойып, оларды Едiге ұрпақтарымен алмастыруды ұсынды. Ал Орыс ханның ұрпақтары Жәнiбек пен Керей хан билiгiн сақтап, оны қауымдастық өкiлдерiнiң съездi — Мәслихатпен шектеп отыруды қолдады. Әбiлхайыр мемлекетiнiң күйреуi және маңғыт билерi мен қазақ хандарының бiр бiрiмен күресi Қазақстандағы саяси құрылымның болашағы үшiн болған қарама қайшылықтары едi. Сөйтiп, ұзақ шайқастардан соң ХҮI ғасырдың аяғы ХҮII ғасырдың басында қазақ хандары жеңiске жетiп, бүкiл билiктi өз қолдарына алды.
Ал, оның экономикалық себебi, төменгi Повольжьенiң Еуразияның экономикалық орталығы ретiнде күйреуi болды. ХIҮ-ХҮ ғасырлардағы Ұлы ұлыс жұртшылығының батыс аймақтардан шығысқа қарай, яғни қазiргi Қазақстан территориясына қарай көшуi үлкен тарихи жағдайларға әкелiп соқтырды. Осы мезгiлде транзиттiк халықаралық сауда жүйесi бұзылды. Бiрiншiден, барынша дамып келе жатқан Еуропа мемлекеттерi Ұлы ұлыс территорияларын айналып өтетiн Индия мен Қытайдың теңiз сауда жолдарын игере бастады. Екiншiден, Осман империясының өркендеуi-Ұлы ұлыстың негiзгi экономикалық әрiптесi және Еуропамен сауда-саттықтағы делдалдық қызмет атқаратын Генуя республикасының саяси және экономикалық жағдайының құлдырауына әкелдi. Сөйтiп, жеңiске қол жеткiзген түрiктер Қара теңiздi өз иелiктерiне алып, Ұлы ұлысты әлемдiк рынокқа шығармай қояды. Мұндай дағдарыс пен саяси қиындықтар Ұлы ұлыстың сауда орталығына айналған қалаларындағы тiршiлiктi қиындатып, ақыры 1395 жылы Әмiр Темiр әскерлерiн ойсырата күйреуге әкелiп соқтырады. Сөйтiп, Повольжье мен Солтүстiк Кавказдағы қалалардың бiраз бөлшегi өмiр сүруден қалды. Повольжьенiң экономикалық жағдайы ХҮI ғасырдың екiншi жартысында ғана қайта қалпына келiп дамиды. Бiрақ Еуропаға шығатын жолы Қырым емес Ресей болды. Сөйтiп, ол Мәскеу патшаларының билiгiне көшедi.
Сонымен бiрге Сырдария өзенiнiң бойындағы қалалардың маңызы артып, Жiбек жолы бойындағы халықаралық сауда-саттық дамуы сауда — егiншiлiкпен айналысатын Повольжьеден мал-жер шаруашылығымен айналысатын Қазақстанға көшедi. Сөйтiп, жаңа мемлекеттiң қалыптасу кезеңi басталды.
Қазақ хандығының қалыптасуына ерекше ықпал еткен жағдай, ол этникалық процестiң жан-жақты жүруi болды. ХIҮ-ХҮ ғасырларда Қыпшақ этносы дағдарыс кезеңiн бастан өткiзедi және оның этникалық құрылымы күйреп, жаңа белсендi субэтникалық топтардың құрылуына әкеп соғады. ХlҮ ғасырдың 50-60 жылдары Сырдария бойында жаңа ноғайлы субэтносы қалыптасады. Олар Ислам өркениетi мен қалалық мәдениетке қарсы көшпелi дәстүрдi сақтап қалады. Келе-келе ноғай терминi ежелгi Қыпшақ этнонимiмен алмастырылады. Сөйтiп, алаш субэтносы пайда болады. Ол Ұлы ұлыстың сол қанатын жайлаған, Ислам әлi толық сiңiсе қоймаған алаш жұрты едi. Этникалық дағдарыстың жалғасуына себеп болған қозғалмалы көшпелiлердiң жиынтығынан казак немесе қазақ атымен аталатын субэтнос пайда болды. Сондай-ақ, Ұлы ұлыстың бұрынғы көшпелi жұртшылығының атын жинақтаған өзбектер десол кезеңде өмiрге келдi.
Сөйтiп, ХIII-ХҮ ғасырлардағы қыпшақ, ХIҮ-ХҮ ғасырлардағы ноғай және ХIҮ-ХҮ ғасырлардағы өзбектiң тұтас этносы ХҮI ғасырларда да өмiр сүрiп, олар жалпы қазақ этнонимiн бекiтедi де, оның аты Қазақ елi атанады. Сөйтiп, қазақ хандығының құрылуына байланысты төмендегiнi айтуға болады:
1. Керей, Жәнiбек сұлтандардың Шу өзенi аймағына көшiп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын жариялауы болса, немесе сол Керей, Жәнiбек сұлтандардың 1469-1470 жылдары Сарыарқа және Сырдария аймақтарындағы территорияларда өздерiн екiншi рет хан сайлаулары. Тарихи жазбаларға қарағанда мұның екiншiсi Қазақ хандығының құрылғанына бiрден-бiр себепкер болған секiлдi.
2. Қазақ хандығы ХҮ-ХҮI ғасырларда Ұлы ұлыстың бiр ұлысының негiзiнде пайда болып, оның көшпендi ұрпақтарынан өрген және оның мұрагерi ретiнде дамығандығы едi. Ұлыстың территориясы ХҮI-ХҮII ғасырдың басында Қазақ хандығы мен Ресей патшалығы арасында бөлiнiп алынды.
3. ХҮ-ХҮI ғасырлардағы Қазақ хандығы ХIII-ХIҮ ғасырлардағы Ұлы ұлыс қыпшақтарының тiкелей мұрагерлерi ретiнде өздерiнiң этникалық, мәдени, антропологиялық жағынан еш өзгермеген едi.
4. ХҮ-ХҮIII ғасырдың басындағы Қазақстанның саяси ұйымдасуы Моңғол империясы мен Ұлы ұлыстың мемлекеттiлiктерiнiң моделi ретiнде дамуына негiзгi база болып саналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет