Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


Қазақстан Ресей империясының құрамында



бет32/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

7. Қазақстан Ресей империясының құрамында
Ресей мемлекетiнiң ХҮII ғасырдың аяғы, ХҮIII ғасырдың басындағы өзiн жаңа кезеңге сай модернизациялауы оның шығысқа қарай жүргiзетiн саясатын отаршылдық бағытқа бұрды. I Петрдiң кең байтақ қазақ даласын Шығысқа жол ашатын үлкен қақпа деп есептеуi оған дәлел бола алады. XVIII ғасырдың басында Орталық Азия аймағына ену үшiн әртүрлi iс-әрекеттер жасалды. 1714 жылы Шығыс Қазақстанға, Ертiс бойында қамал тұрғызу мақсатымен полковник Бухгольцтiң әскери экспедициясы келдi. Осы кезде Бекович-Черкасскийдiң экспедициясы Каспийдiң шығыс жағалауын зерттедi. I Петрдiң ежелгi қазақ даласына етенелей енудi көксеуi және оған бiрнеше экспедициялар жiберуiнiң сыры да осы Шығыс мәселесiн шешуге байланысты болды. Ресей империясын қалыптастырған I Петрдiң ерте қайтыс болуы оның алға қойған мақсатын орындауға мүмкiндiк бермедi. Бiрақ, ХVIII ғасырдың 30-жылдарындағы Қазақ хандығының әлсiреуi мен сыртқы жағдай оның бiр бөлiгiнiң Ресей құрамына кiруiне ықпал еттi. 
1718 жылғы Тәуке ханның өлiмi, Қазақ-Жоңғар соғысының жиiлеп, бара-бара кең етек алуының өзi XVIII ғасырдың басындағы Қазақ қоғамындағы қарама-қайшылықтардың толассыз өрбiп-өсiп отырғанын байқатады. Сыртқы және iшкi саяси жағдайлардың күрделенуi батырлар мен сұлтандардың беделiн арттырып, олардың әлеуметтiк-қоғамдық статусын көтердi. Сонымен бiрге билердiң де қазақ қоғамындағы алатын орны ерекшелене түстi. ХVIII ғасырдың басындағы Жоңғар шапқыншылығына байланысты әскери және бiр орталыққа бағынған мемлекет негiзiн күшейту керектiгi қазақ тағдырында алға шықты. Сөйтiп, Тәуке ханның көзi тiрi кезiнде-ақ шекаралы аймақтарда сұлтандардың билiгi артып, кейiн келе-келе Ұлыс жүйесi қайта жандана бастағандай дәрежеде болды. Солтүстiк-Батыс аймақтарда жас сұлтан Әбiлқайырдың беделi артып, ол 1709-1710 жылдардағы Башқұрлардың Ресейге қарсы көтерiлiсi және Орал казактары мен Волга қалмақтарының бас көтерiлулерiне қатысып отырды. Ол кезде Орта және Кiшi жүз бiрлестiктерiнiң әскери-потестарлық бiр бөлшегi сұлтан Қайыпқа бағынатын. Ал Ташкентте Рүстем мен Қарабақ сұлтанның билiгi күшейедi. Соған қарамай олардың бәрi Тәуке ханға бағынды.
Тәуке ханның орнын иеленген Болат ханның билiк жүргiзудегi әлсiздiгi Қазақ хандығын бiрнеше өз егемендiктерiне ие хандықтарға бөлiп тастады. Сөйтiп, бiртұтас Қазақ хандығы Ұлы жүз, Орта жүз, Кiшi жүзге бөлiнiп, бытыраңқы мемлекет негiзiнде дами бастады. 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы кезеңiнде халық “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” атты қасiретке ұрынды. 1726 жылы үш жүздiң өкiлдерiнiң бас қосуымен өткен Ордабасы кездесуiнен кейiн қазақ халқының басы бiрiгiп, Жоңғарларға қарсы көтерiлдi. Нәтижесiнде, қазақтар “Қалмақ қырылған”, “Аңырақай” шайқастарында жоңғарларды жеңдi. Сөйтiп, Жоңғар шапқыншылығына кең байтақ қазақ даласында тосқауыл қойылды. Соған қарамай қазақ қоғамындағы саяси дағдарыс бiрден тыйылған жоқ едi. Қазақтар өздерiнiң Жоңғар шапқыншылығындағы жеңiсiн тиiмдi пайдалана алмады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет