Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы



бет35/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

Бөкей ОрдасыХҮIII ғасырдың соңындағы Кiшi жүздегi шаруашылық-саяси дағдарыстың күшеюi және жайылым мәселелерiнiң күрделенiп кетуi қазақтардың үлкен бiр тобының Орал мен Жайық аралығының төменгi жағына көшiп барып, 1801 жылы Бөкей хандығын құруға итермеледi. Оған император Павел I келiсiм бердi.
Бөкей ордасы шығыстан батысқа қарай 300 шақырым және солтүстiктен оңтүстiкке қарай 200 шақырым аумақты алып жатты. 
Патша әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен Орал мен Жайық өзендерiнiң аралығында Бөкей сұлтан бастаған шағын мемлекет құрылып, Бөкейге 1812 жылы хан атақ дәрежесi берiлдi. Ол патшалық Ресейдiң отарлау саясатына толық жауап беретiн. 1824 жылы Бөкей ордасын Бөкей ханның баласы Жәңгiр басқарды.
Бөкей ордасындағы билiк жалпы қадағалау, жергiлiктi бас басқарма және жергiлiктi қадағалау жүргiзу арқылы жүргiзiлдi. Жалпы қадағалау Ресей империясының Сыртқы iстер министрлiгi арқылы жүргiзiлсе, жергiлiктi қадағалау Орынбор әскери губернаторы мен Орынбор шекара комиссиясы арқылы жүргiзiлдi. Жергiлiктi бас басқармашылық ханға және оның әкiмшiлiгiне тапсырылды. Хан өз билiгiн мұрагерлiкке берудi орыс патшасының бекiтуiмен жүргiздi. Оның өкiлеттiлiгi ХIХ ғасырдың 30 жылдары бұрынғы қазақ хандарының дәстүрлi өкiлдiлiгiнен өзгеше болды. Ол хандықтағы барлық әкiмшiлiк, соттық және заң шығарушы билiктi тұтас ұстады.
Ханның жанында басшылықтан бейтарап билiк органы жұмыс iстедi. Оны ханның туысқандары болып саналатын ықпалды сұлтандар жүргiздi. Сұлтандар кеңесiн аға сұлтандар басқарды. Сонымен бiрге ханның жанында 12 биден тұратын билер кеңесi болды. Олар бiр жағынан хан кеңесшiсi де саналатын. Сондай-ақ, ханның жанында кеңсе болып, ол орыс және татар тiлдерi негiзiнде қалыптасты. Кеңсе негiзiнiң басты-басты жұмыстарын басқарма басқарды. Оның құрамына арнаулы тергеушiлер, iс жүргiзушiлер, аудармашылар және хатшылар кiрдi. Хандықта ахуна-қызметi бекiтiлдi. Арнаулы тапсырмаларды хан жасауылдары орындайтын. Оларды iрi бiрлестiктердiң старшындары бекiттi.
Жергiлiктi билiктi хан сайлаған сұлтандар жүргiздi. Олар ханның қаржылық және жер саясатын қалыптастырып, салықтар жинайтын. Хандықтың шекаралық учаскелерiнде қазақтардың шекараны бұзып кетпеуiн қадағалайтын айыпталушыны iздестiретiн және сот iстерiн талдап-талқылайтын депутаттар тағайындалды. Бөкей хандығының территориясы Ресей империясының меншiгiнде болып саналды. Алғашқы кездерде хандық әскери-потестарлық бөлшектерге бөлiнсе де, хан соған қарамай әкiмшiлiк тарапынан реформалар жүргiзiп “рулық” атты сақтап қалатын бөлшектерге бөлдi. ХIХ ғасырдың 30-жылдары оның саны 12-ге жеткен едi. Бөкей хандығындағы салық салу жүйесi бұрынғы салық салу жүйесiнен ерекше болды. Негiзгi салықтың түрi зекет едi. Ал, Бөкей ордасындағы құқықтық жүйе Ресей құқықтық жүйесiнiң ықпалында болды. 1845 жылы Жәңгiр хан өлгеннен кейiн Бөкей ордасын басқаратын уақытша кеңес құрылды. Бұл жағдай Бөкей ордасындағы Ресей отарлауының күшеюiне әкеп соқты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет