Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


Қазақтардың саяси-потестарлық жүйесi бiрнеше деңгейде болды



бет29/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

Қазақтардың саяси-потестарлық жүйесi бiрнеше деңгейде болды. Бүкiл билiк қауымдастық басқарушысының қолында болып, ол қауымдастық iшiндегi қарым-қатынасты реттеп отырды. Келесi деңгей өте күрделi қауымдастық иерархиясынан тұрды. Ол ассоциация түрiнде бiрiктi. Бiрнеше ассоциация бiр территорияны иеленiп, әскери-потестарлық топ руға бiрiктi. Бiрнеше ру әскери-потестарлық бiрлестiктi құрап, ел немесе аймақ болып бөлiндi. Оларды орыс жазбаларында тайпалар дейдi. Соған қарамай қазақтардың ең жоғарғы саяси жүйесi мемлекет саналды. Олардың әрқайсысының өз таңбалары және әскери ұрандары бар едi. Кәсiпқой әскер басшыларын жасаған ерлiктерiне сәйкес батырлар деп атады.
ХVII ғасырдың басында қазақ қоғамындағы саяси жүйелердiң бiр ерекшелiгi жүзге бөлiнедi. Әр жүз өзiнше iрi әкiмшiлiк-саяси және территориялық шаруашылық бiрлiкке ие автономия құрды. Халық дәстүрiне қарағанда жүздердiң құралуын Хақназардан бастайды. Қазақстанда ерте орта ғасырлардың өзiнде-ақ үш негiзгi аудандар бiр-бiрiнен айырмашылықта тұрды. Бiрiншi Жетiсу, екiншi Батыс Қазақстан және Арал өңiрi болса, үшiншi Солтүстiк-Шығыс, Орталық Қазақстан және Сырдарияның орта ағаш едi. Мiне, осы шекара бойында қазақ жүздерi-ұлы немесе аға (Ұлы жүз), орта (Орта жүз) және кiшi (Кiшi жүз) тұрды. Мұның бәрi шежiреде егжей-тегжейлi көрсетiлдi.
Сонымен дәстүрлi Қазақ мемлекетi қос билiк құрылымына негiзделген болатын. Онда бiр-бiрiмен параллель екi авторитеттiк (беделдiк) және ақсүйектер билiгi болды. Оның бiрiншiсi дәстүр, әдет-ғұрып негiзiнде құралып, ашық түрде болды. Оларды билеушiлер тәжiрибе мен беделге сүйендi. Ол билiктi билер мен старшындар жүргiздi. Ал ақсүйектер билiгi жабық типтi құрамына жаңа мүшелердi қоспайтын түрде дамыды. Бұл билiк Шыңғыс тұқымдары- төрелердiң қолында болды. ХVII ғасыр мен ХҮIII ғасырдың басында беделдi билiк иелерi — жүз өкiлдерi, әскери-потестарлық билiктер мен жеке қауымдастық өкiлдерi болды.
Қазақ хандығындағы Сырдария бойындағы қалалар және егiн шаруашылығымен айналысатын отырықшы округтер айрықша маңызға ие болды. Олар көшпелi бiрлестiктерге қарағанда хан билiгiне ерекше бағынды. Оларды билеуге хан сұлтандар мен әкiмдер тағайындады. Олар хан қазынасын толтыру үшiн әртүрлi салықтар жинады.
ХVIII ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы өзiнiң саяси-потестарлық жүйесiн дағдарысқа әкелiп ақыр аяғында өзiнiң егемендiгi мен тәуелсiздiгiн жоғалтты.
Қорытындылай келгенде Қазақ хандығы ХV ғасырдың екiншi жартысында саяси, экономикалық және этно мәдени себептердiң тұтастығы арқылы Ұлы ұлыстың сол қанатындағы негiзде құрылды. Күрделi кезеңнен өткен Қазақ хандығы ХVII ғасырдың басында тұрақты мемлекетке айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет