Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы



бет31/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

Сот билiгiн Қазақ хандығында хандар, сұлтандар және билер жүргiздi. Хандар мен сұлтандар ең маңызды деген қылмыстық және азаматтық iстердi тексерiп-тергедi. Оларға ру аралық және ауыл аралық талас-тартыс, сондай-ақ төрелер мен атақты ру басшылары арасындағы қарама-қайшылықтар жатады. Ең маңызды деген iстердi хан мен сұлтандар белгiлi билердiң және халықтың араласуымен жүргiздi. Өлiм жазасын тек хан немесе сұлтандар соты шеше алатын.
Би билiгi сот билiгiнiң негiзi болып саналатын. Кез келген ру басшысы би — төрешi бола алмайтын. Би билiк айту үшiн ол қазақтың әдет-ғұрпын жақсы меңгеруi және өзiн әдiл би ретiнде көрсетуi тиiс. Билердi ешкiм сайламаған және тағайындамаған. Би дәрежесi мұрагерлiкке қалдырылмайды. Билiк айту iс барысында, құқық бұзушының iс-әрекетiн талдау жағдайында жүзеге асырылды. Сондықтан да би ру басшысы, сот жергiлiктi жердегi әкiмшiлiк билiктiң рөлiн атқаратын. Сот процесi арызданушының немесе жапа шегушiнiң өтiнiшi бойынша өздерi таңдаған биге байланысты жүргiзiлдi. Жапа шегушi таңдаған би қылмысты iстi қараудан бас тартуға құқығы жоқ болды. Iстi қарауға биге сенiм бiлдiрген кезде айыпталушы да, жапа шегушi де бидiң алдына отырып, ақ орамал тастайды. Осы арқылы арызданушылар сот шешiмiне келiсiм беретiнiн көрсететiн. Куәгерлердiң сотқа қатынасуын бидiң күштеп жүргiзуiне де құқығы болды. Куә ретiнде әйелдер және арызданушы мен жауап берушiнiң ағайындары жүрмейдi. Азаматтық iстiң күрделiлiгiне байланысты екi-үш куәге дейiн тартылды. Куәгерлер iс барысында әртүрлi себептермен iстiң анық-қанығын ашуға көмектеспей жатса, би ант қабылдау институтын пайдаланған. Би шешiмдерi ауызша шығарылды.
Процессуальдық нормалар би шешiмiне қарсы болған жағдайда сұлтандар тарапынан iстi қайта қарауға болатын. Сот шешiмдерiн орындау арызданушының өзiне тапсырылды. Сондықтан да ежелгi уақытта барымта институты сот шешiмiн орындаудың негiзi болып табылды. Барымта қазақ әдет-ғұрып заңдарына ғана тән институт едi. Ол айыпкердiң ағайындарының және туған-туысқандарының малдарын айдап кетуменен орындалды. Негiзсiз жасалынған барымта, ұрлық немесе жазықсыз шабуыл деп саналып, құқықтық негiзде жазаға тартылды. Сондай-ақ , барымта би шешiмiн орындау ғана емес, құқықтық айып жолын орындаудағы бiрден-бiр iс-әрекет болды. Ол заң ғылымында әлi толық зерттелiп бiтпеген құбылыс. 
Қазақ құқығында қылмыстық ұғым қалыптаспаған едi. Қазақтар оны жаман iс немесе жаман қылық деп белгiлеп күнәлi немесе жазықты деген айыптар тағатын. Өлiм жазасы өте сирек қолданылды. Егер екi жақ келiскен жағдайда өлiм жазасы құнмен алмастырылуға болатын. Өлiм жазасы ерi бар әйелдi немесе бейкүнә қызды зорлаған кезде қолданылатын. Ал екiншi, дене және ел бетiне қарай алмайтын жаза, ол дiнге қарсы iс-әрекеттер жасағанда немесе антты бұзғанда қолданылды. Құн бiреудi өлтiрген кезде немесе денеге ауыр жарақат түсiргенде төлендi. Қарапайым адамды өлтiрсе, оған мың қой, 200 жылқы немесе 100 түйе құн төлендi. Ал егер сұлтанды, бидi не батырды өлтiрсе, онда айыпталушы оған екi есе құн төлейтiн. Беделдi сұлтанды өлтiрушi жетi есе құн төлейтiн. Айып болса жеке адамнан немесе мүлiктiк қылмыс жасағандардан алынатын. Олар тоғыз-тоғызбен төлендi. Бiрiншi, бас тоғыз; екiншi орта тоғыз: үшiншi, аяқ тоғыз, төртiншi тоқал тоғыз; бесiншi, ат-шапан айып төлендi. Бүлардың құрамында түйеден бастап, жылқы, өгiз, қой, жылқы және қымбат шапанға дейiн болды. Айыптыны айыптаушыға беру- егер айыпталушының ағайындары құн немесе айып төлеуден бас тартқан кезде болатын iс-әрекеттер болып саналды. Ал ортадан аластату - ол ешқандай да айып төлеуге мүмкiн болмай қалған жағдайда қолданылды. Бұл жағдайда айыпталушының киiмдерi жыртылып, қауымнан, ортадан қуылып, оның тұрмыс-тiршiлiгi заңсыз деп есептелдi. 
Жалпы, қазақтардың әдет-ғұрып құқығы көшпендiлердiң шаруашылығын реттеп, жөнге келтiруде ерекше рөл атқарды. Ол ХХ ғасырдың басына дейiн өмiр сүрдi. Әсiресе, қазақтың неке және отбасы құқығының сол кезден қалған элементтерi бүгiнгi күнге дейiн өзiнiң құндылығын жоғалтқан жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет