Vі. Қазақ хандығының құрылуы және дамуы


-ші жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы



бет37/46
Дата20.09.2022
өлшемі154.27 Kb.
#461046
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46
МЕМЛЕКЕТ ҚҰҚЫҚ ТАРИХЫ

1824-ші жылғы Орынбор қырғыздары туралы жарғы. 1824 жылы Ресей Үкiметi Орта жүзден соң Кiшi жүзде хандық билiктi жоюға кiрiстi. Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссеннiң жетекшiлiгмен “Орынбор қырғыздары туралы Жарғы” қабылданды. Ол бойынша Кiшi жүзде хандық билiк жойылды. Сөйтiп, Кiшi жүз Шығыс, Орта және Батыс бөлiктерге бөлiндi. Әр бөлiктi билеушi сұлтандар басқарды. Кiшi жүздi басқару шекаралық комиссиялар арқылы жүргiзiлдi. Сұлтан билеушiлердi Орынбор губернаторы тағайындады. Одан кейiн әкiмшiлiк бөлшектер, династия, қамалдар арасындағы учаскелер болып бөлiндi. Династия арасы жергiлiктi немесе ауылдар болып бөлiнiп отырды. Шекаралық басқарма шептерде тұратын орыстар мен дала тұрғындары қазақтар қатынасын реттеп қадағалап отырды. Кейiн әкiмшiлiк органдар “жалпы” және “жеке” басқармалар деп бөлiнiп, ол 1868 жылға дейiн өмiр сүрдi. Шекаралық комиссия болса, атқарушы-өкiмшi және сот билiгiн жүзеге асырды. Оның полициялық бөлiмi тәртiптi қарап, одан кейiнгi екi бөлiмi азаматтық және қылмыстық iстерiн жүргiздi. Әскери соттар мемлекеттi сату туралы, адам өлiмi, барымта, Ресей азаматтарын тұтқынға алушыларды және үкiметке қарсы iстердi қарады. Ал, билер соты азаматтық iстердi ғана қарап, 50 сомға дейiнгi көлемде айыппұл салатын дәрежеде ғана болды.
Сөйтiп, Батыс Қазақстанда жүргiзiлген 20-50 жылдардағы құқықтық және әкiмшiлiк реформалар Ресей империясының қазақ даласындағы билiгiн нық жүргiзiп, отарлау саясатын қалыптастыра түсуге ерекше ықпал еттi.
Кенесары Қасымұлының мемлекеттілігі. Қазақ даласына бiртiндеп енген орыс әскерлерiнiң күшi мен олардың кең байтақ далаға сала бастаған бекiнiстерi халық наразылығын туғыза бастады. Отаршылдыққа қарсы қазақтардың iрiлi-ұсақты ұлт-азаттық көтерiлiстерi болды. Солардың iшiндегi ең iрiсi- Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылдар аралығындағы ұлт-азаттық көтерiлiс болды. 1822 және 1824 жылдардағы Патша Жарлықтары кең далаға күшпен енгiзiлiп, халықты өзiнiң туған даласында қатты қыспаққа алған жағдай болды. Кенесары Қасымұлы 1841 жылы қыркүйекте үш жүздiң басы қосылған мәслихатта хан сайланып, Қазақ хандығын қайта қалпына келтiредi. Көп ұзамай Кенесары Қоқан езгiсiндегi Созақ, Жаңақорған, Ақмешiт қалаларын азат етiп, орысқа қарсы күресiн күшейте түседi. Кенесары Қасымұлы Қазақ мемлекетiн 1841-1847 жылдар аралығындағы қайта қалпына келтiруi барысында бiрнеше әкiмшiлiк және құқықтық реформалар жүргiзiп, қазақтардың әскерiн сандық және сапалық жағынан да қайта құрды. Хандықты басқару жүйесiне келсек мемлекет басшысы болып Кенесары сайланды. Сөйтiп, ол ежелгi, дәстүрлi хан атақ-дәрежесiн қайта өмiрге келтiрдi. Оның жанында Хан Кеңесi жұмыс iстедi. Ол Кенесарының туысқандарымен қатар басқа да билер мен батырлардан тұратын. Сондай-ақ мемлекеттiк қызметтiң әртүрлi бағыттарына жауап беретiн бiрнеше ведомство құрылды. Баж және салық жинаумен айналысатын қаржылық ведомствоны Сейiлхан сұлтан басқарды. Ал дипломатиялық ведомствоны Есенгелдi Саржанұлы, Сейдахқожа Оспанұлы, Шоқпар Бақтыбайұлы және татар Әлiм Ягудин, Әскери ведомство жағын Сұлтан Наурызбай Қасымұлы мен Ағыбай батыр басқарды. Онда әскери кеңес те болды. Атқарушы билiк хан өкiлдерi жасауылдарға берiлдi. Олар салық жинаумен бiрге хан тапсырмаларын орындайтын, сондай-ақ, Қазақ ауылдарын Кенесары әскерiне қосылуға үгiттейтiн. Жасауылдарды хан тағайындады. Сол кезде құрылған қазақ хандығындағы соттық ерекше жүйелеулер өзгерiске ұшырады. Жоғарғы сот билiгi Кенесарының өзiнiң қолында болды. Ол ерекше iстерге шешiм қабылдайтын билердi өзi тағайындады. Сөйтiп, соттар мемлекеттiк шенеунiктер дәрежесiне жеттi. Ерекше еңбегi сiңген билерге орыстардан алған граф атағы берiлдi.
Кенесарының өзi және оның жасауылдары ерекше билiкке ие едi. Олар барымта және Кенесары қарамағындағыларды өлтiргендерге түскен арыздарды қарады. Сондай-ақ, Кенесарыға бағынатын бiрлестiктер мен орыс қарамағындағы және Кенесары қарамағындағы адамдар арасындағы талас-тартысқа құрылған арыздарды тексердi. Кенесары өзiнiң мемлекетiн нығайту үшiн салық жинау жүйесiн де реттедi. Қазақ хандығына бағыныштылар барлық салық түрлерiнен және Ресей, Қоқан, Хиуа хандықтарына өтем төлеуден босатылды. Оның орнына қазақтар зекет төледi. Маңызды тапсырмаларды орындау үшiн төлеңгiттер пайдаланылды. Сөйтiп, хандық iшiнде темiрдей тәртiп орнатылды. Кенесары отаршылдыққа қарсы соғыста 20 мыңға дейiн жiгiттерден тұратын әскер құрап, оларды жан-жақты қаруландыра бiлдi. Олардың арасында орыстар мен башқұрлар да бар едi. Олар қазақтарға ататын қару-жарақты қалай ататынын үйрететiн. Кенесары әскерi жүзбасы, мыңбасы және сардар болып бөлiндi. Сондай-ақ, олардың құрамында мергенбасы болды.
Қазақ хандығының мемлекеттiлiгi мен құқығы Кенесары хандық еткен тұста бiр орталыққа бағындырылатын билiк төңiрегiнде реформалар жүргiздi. Күшi басым патша әскерiмен он жылдан аса күрескен Кенесары хан басқарған ұлттық-азаттық күресi қазақ тарихынан ерекше орын алды. Жалпы, Кенесары көтерiлiсiнiң алдында екi ұлы мақсат тұрды. Оның бiрiншiсi — тәуелсiз де егемендi бiртұтас қазақ хандығын құру болсаекiншiсi — қазақ халқын ұлт ретiнде Ресейдiң патшалық езгiсi мен Орта Азия хандықтарының жаугершiлiк шапқыншылығынан құтқару болатын. Кенесары Қасымұлы көтерiлiсi жеңiлгеннен кейiнгi тарихи елеулi жайт, ол Қоқан және Бұқар хандықтарының орыс әскерi алдындағы әлсiреуi едi. Өйткенi, Кенесары бастаған қазақтардың ұлт-азаттық көтерiлiсi өзiн қысымға алған қай жақты болмасын бiршама әлсiреттi.
ХIХ ғасырдың 20-50 жылдарында Қазақ халқының аяусыз күресiне қарамай, Қазақстан территориясында Патшалық Россияның заңдық және әкiмшiлiк жүйесi өз күшiн арттырмаса жойған жоқ. ХIХ ғасырдың басындағы қабылданған “Жарғылар” Қазақстанды отарға айналдырудың бiрден-бiр көзi болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет