Xviii ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ғы соңындағы Батыс Еуропа философиясы


«Капитал», «1844 жылғы экономикалық-философиялық қолжазбалар», «Неміс идеологиясы», «Саяси экономияға сын»



бет7/23
Дата13.04.2023
өлшемі96.84 Kb.
#472201
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
annotation11178

«Капитал», «1844 жылғы экономикалық-философиялық қолжазбалар», «Неміс идеологиясы», «Саяси экономияға сын» деп аталатын еңбектерінде қоғамның дамуының объективтік заңдары болатындығы және оның дамуы табиғи жолмен – бір формациядан екіншіге (сатыға) өтуі арқылы жүзеге асып отыратыны айтылады. Мұндай дамуға материалдық игіліктерді өндіру әдістерінің қалыптасуы, дамуы және ауысып отыруы негіз болады. Осылайша, Маркс дерексіздікке, терең пайымдауларға негізделген осыған дейінгі философиялық зерттеулердің бағытын ендігі жерде адамдардың материалдық-практикалық қызметіне қарай бұрды. Сөйтіп, адамзат қоғамы мен тарихындағы практиканың рөлі және оның маңызы анықталды.
Маркс ертеректе жазылған еңбектерінің өзінде теориялық ойдың, соның ішінде философияның тек түсіндірушілік қана емес, өзгерте алатын қызметі туралы да жазған болатын. Ендігі жерде ол бұл қызметті теорияның практикаға қызмет етуі, ал практиканың теорияны анықтайтын қызметімен байланыстырды. «Философтар өмірді түрлі жолдармен түсіндіріп келді, бірақ мәселе оны түсіндіруде емес – өзгертуде» деді. Теория мен практиканың бірлік тұжырымдамасы жеке меншіктің үстемдігіне, қалың бұқараны өз еркіне бағындыруға және оларға зорлық-зомбылық көрсетуге құрылған капиталистік қоғамды коммунистік қоғамға өзгерту туралы маркстік ілімге негіз болып қаланды.
Марксизмнің классиктері практиканы әр қырынан түсіндіреді: практика – заттарға бағытталған әрекет; практика – табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған адамдардың әрекеті; практика – адамдардың қоғамдық-тарихи қызметі; практика – адамзаттың тіршілік ету әрекетін бейнелейді.
Өзінің еңбектерінде олар диалектиканың жолын ұстанатындықтарын, алайда ол диалектика Гегельдің (идеалистік) түсіндіруінен өзгеше екенін әлденеше рет айтқан болатын. Олардың диалектикасы, Энгельстің бейнелі тілімен жеткізер болсақ, «баста орналасқан». Марксизмнің негізін салушылар диалектиканың тарихи жаңа формасын – материалистік диалектиканы ұсынады. Олардың ойынша, барлық нәрсенің негізінде материалдық болмыс жатыр: «Сананы болмыс анықтайды». Маркс өзінің «Капиталында» диалектиканың мәні адамзат тарихы мен капиталистік қоғам заңдарын танудың теориясы мен әдістемесі бола алуында деп көрсетеді. Бұл заңдарды ол абстрактылықтан нақтылыққа өту, тарихилық пен логикалықтың бірлігі әдістеріне сүйене отырып зерттейді. Маркстің ойынша, материалдық игіліктерді өндірудің әдістері қоғамдық өмірдің негізін құрайды. Ол оны өндірістік күштер мен өндірістік қатынастарға бөледі. Өндірістік қатынастар (яғни материалдық игіліктерді өндіру барысында қалыптасатын адамдардың арасындағы қатынас) қоғамның материалдық базисін құрайды, ал ғылым, мәдениет, өнер, саясат, құқық, мораль, философия, дін сияқты қоғамдық сананың түрлері осыған «қондырылады».
Маркс адамзат қоғамының тарихы – бірін-бірі алмастырып отыратын қоғамдық-экономикалық формациялардың тізбегі және онда материалдық игіліктерді өндірудің әдістері ең басты рөлді атқарады деген тұжырымды ұстанды. Ол екеуден беске дейін жалғасатын формацияның түрлерін анықтады: алғашқы қауымдық құрылыс; құл иеленушілік құрылыс; феодалдық құрылыс; капиталистік құрылыс; коммунистік (социалистік) құрылыс.
Ф. Энгельстің «Анти-Дюринг», «Табиғат диалектикасы» атты еңбектерінде диалектиканың басты заңдары беріледі: 1) қарама-қайшылықтардың күресі мен бірлігі заңы (диалектикалық қайшылықтардың заңы); санның сапаға және сапаның санға айналу заңы (сандық өзгерістердің сапаға айналу заңы); 3) терісті теріске шығару заңы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет