Xviii ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ғы соңындағы Батыс Еуропа философиясы



бет3/23
Дата13.04.2023
өлшемі96.84 Kb.
#472201
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
annotation11178

Шеллингтің (1775-1854 жж.) трансцендентальды (ойша құрылған) философиялық ілімі – бұл Еуропа философиясы тарихындағы (Лейбниц, Спиноза т.б. кейін) жаңа «шынайы философияны» жасауға талпынған тағы бір қадамдардың бірі еді. Ол оны «тепе-теңдік философиясы» деп атап, «Табиғат философиясына қатысты ойлар», «Трансцендентальды идеализм жүйесі», «Менің философиялық жүйемнің жалғасы» атты еңбектерінде кезең-кезеңімен баяндап берді.
Өзінің жаңа философиясын негіздеуді табиғаттың шынайы мәнін негіздеуден бастап, табиғаттың «әрекет күштері» бар, ол материалдық болмыстың – қарапайым формалардан бастап ойлайтын тіршілік иелеріне дейін – жаңа түрлерін іске асырады деген тезисті алға тартты. Ол ХІХ ғасырдың жаратылыстану ғылымында үстем болып, бір органикалық әлемнің екіншіге айналуы табиғи түрде жүреді деген материалистік эволюционизмді жоққа шығарды. Ол оны идеалистік ойлармен, шын мәнісінде теологиялық түсініктермен алмастырды. Шеллингтің ұсынған тұжырымдамасының «өзегі» – идеясы бар. Ол идея бойынша табиғаттағы даму қарама-қайшылықтар күресінің нәтижесінде болады. Демек, бұл диалектикалық процесс болып табылады. Басқалай айтқанда, ол адам санасы қызметін (Фихтеше айтқанда), жалпы әлемдегі процестерді, табиғатты диалектикалық тұрғыдан қарастыруды ұсынды.
Шеллинг «Идеализм философиясының трансцендентальды жүйесі» деп аталатын ең басты еңбегінде «тепе-теңдік философиясын», яғни дүниедегі барлық нәрсенің алғашқы негізі ретінде объективтілік пен субъективтіліктің абсолютті тепе-теңдігін растайтын көзқарасын негіздеді. Теориялық бөлімді («теориялық философияны») ол «практикалық» философиямен, табиғи мақсаттылық философиясымен, өнер философиясымен толықтырды. Шеллинг «практикалық» философиясында «адам еркіндігінің белгілері мен іске асу жолдарын» қарастырады. Адам еркіндігіне әлеуметтік-тарихи сипат тән, ол о бастан диалектикалық мәнге ие және ол еркіндік пен қажеттіліктердің толық бірлігін бейнелейді дейді. Қайшылықтардың мұндай бірлігі, Шеллингтің ойынша, «тарихқа тән» нәрсе ретінде қаралуы тиіс. Бірақ, «тарихта «белгісіз, мәнсіз қажеттіліктер» (соқыр сеніммен белгіленген) көп, өзіндік субъективтік мақсаттары мен ойлары бар индивидтер олардың алдында әлсіз» деп ойын жалғастырады. Басқаша айтқанда, тарихтың, тағдырдың «құпия қолы» адамдардың әрекетін басқарады. Ал адамдар «тарихтан тым қашықтап, жат болып кеткен» дегенді айтады. Тарихтан алшақтамас үшін, адам Құдаймен (Абсолюттілікпен) қайта бірігуге тырысуы керек, сол кезде барлық қайшылықтарды шешу мүмкін болады. Тарихтың қасиеттілігі де осында деп көрсетеді Шеллинг. Тарих Шеллингше, «үздіксіз әрі ол Абсолюттіліктің сырының біртіндеп ашылуын» бейнелейді.
Шеллинг өзінің ілімінде объективтілік пен субъективтіліктің, теориялық пен практикалықтың арасындағы қайшылықты иррационалдылық жолымен шешуге тырысады. Ол шығармашылықтың биік шыңы ретінде – өнерді ерекше бағалайды. Себебі Шеллинг үшін өнер – «өзіндік мақсаты», бұл абсолютті тепе-теңдікке жетудің ең жоғары формасы. Өнер – іштегі сырдың сыртқа шығуы (откровение). Тек өнер ғана «сырды сыртқа шығарудың ғасырлар бойы жасап келе жатқан жалғыз» түрі ретінде адамдарға абсолютті тепе-теңдікті ұғуға мүмкіндік береді. Өнер ғана «мәңгілік болмыстың», яғни Құдайдың ақиқаттылығын ұғындырады. Ал суреткер бұл жағдайда «туындыны ессіздікпен жасайтын мистикалық тіршілік иесі». Өнер моральдан да, практикалық пайдадан да, философиядан да жоғары, себебі саналылық (ақыл-парасат) пен санасыздықтың (рух) арасындағы қайшылықтарды шешуге тек өнердің ғана күші жетеді. Осы тұжырымға сүйене отырып, Шеллинг «жаңа мифологияның», жаңа діни сананың дәуірі келгенін айтады. Бұл дәуірде барлық ғылымдар мен философия қайтадан өнер мұхитында тоғысып (поэзияда), адамзат мәдениеті жаңа өрістеген кезде ол мұхиттан шығады.
Шеллингтің ілімі – қайшылықты, себебі объективтік себептерге байланысты оның ілімінің логикалық негізі аяғына дейін толық жеткізілмеген. Сондықтан да ол замандастарының қолдауына ие бола алмады. Алайда ол айтқан тепе-теңдік философиясының мәселелері әлі күнге дейін өте өзекті. Бұл мәселемен орыс діни философиясының да өкілдері (Вл.Соловьев және т.б.), сондай-ақ қазіргі заманның зерттеушілері де (Г. Брайан. «Кербез әлем». М., 2004; Л. Стеклитова, Л. Стрельникова «Абсолюттілік философиясы». М., 2004; М. Толбот. «Голографиялық әлем». М. 2005; Г. Югай. «Әлемнің голографиясы және жаңа әмбебап философия». М., 2007) айналысқан болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет