Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


 Геологиялық іздеу сілтемелері жəне іздеу белгілері



Pdf көрінісі
бет15/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

3.4. Геологиялық іздеу сілтемелері жəне іздеу белгілері 
 
Пайдалы қазба кенорындары жəне негізінен өнеркəсіптік 
кенорындар жер қыртысында өте сирек кездеседі. Алайда 
кенорындардың айрықша ерекшеліктеріне қарамастан олардың 
жаралуы кездейсоқ жағдай емес. Кенорындардың жаралуы – бұл 
жеке, кейбір жағдайларда масштабы бойынша тым үлкен емес 
жер қыртысының эволюциясындағы күрделі процестердің 
жалпы кешеніндегі оқиғалары. Бірақ олар заңдылықтарға қатаң 
бағынады. 
Кенорындардың 
орналасу 
жəне 
жаралу 
заңдылықтарын анықтау мен зерттеу – іздеу жəне барлау 
жұмыстарының негізі болып саналады.
Кенорындарды табудың мүмкіндіктерін анықтайтын 
геологиялық деректердің кешенін ескеру арқылы ғылыми 
негізделген іздеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болады. Іздеу 
критерийлерінің негізінде зерттеліп жатқан аудандардың 
перспективтілігі бағаланады жəне іздеу жұмыстары жүргізіледі. 
Іздеу критерийлері геологиялы іздеу сілтемелері жəне 
геологиялы іздеу белгілері деп бөлінеді.
Іздеу сілтемелері – бұл кез келген пайдалы қазбаның бар 
болуын көрсете алатын геологиялық деректер жинағы. Осындай 
деректерді геологиялық түсіру жəне іздеу жұмыстары кезінде 
анықтау жəне тіркеу арқылы белгілі геологиялық жағдайдағы 
кенорын шоғырлануын байқауға мүмкіндік болады. Жеке 
сілтемелер өз кезегінде аймақтық жəне жергілікті іздеу 
сілтемелері деп екіге бөлінеді. Аймақтық іздеу сілтемелері ірі 
жəне біртұтас геологиялық алқаптарды қамтиды – олар 
қозғалмалы белдеулер, платформалар жəне т.б., ал жергілікті 
іздеу сілтемелері шектеулі алаңдарда, жеке кенді аудандарда, 
өрістер мен бөлікшелерде орын алады. 
Кенорындардың оқшаулануын анықтайтын көптеген 
факторларды əдетте алты негізгі топқа біріктіреді: магмалық, 
құрылымдық, 
стратиграфиялық, 
литология-фациалдық, 
геоморфологиялық жəне геохимиялық. Ауданның геологиялық 
құрылысының ерекшеліктеріне жəне кенорнының болжамды 
типіне байланысты сілтемелердің біресе бір тобы, кейде басқа 
да топтары өте маңызды болып келеді. 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
31 
Магмалық жəне құрылымдық факторлар эндогендік 
кенорындарға, стратиграфиялық жəне литологиялық-фациялдық 
шөгінді кенорындарға, ал геоморфологиялық қайта түзілген 
(туынды) кенорындарға тəн болады. 
Қазіргі жағдайда, анықталған кенорынның минералды 
шикізат базасының келешектегі дамуы жəне оның игерілуі 
дəлелденген болса, пайдалы қазбаны болжау процесі барлық 
геологиялық барлау жұмыстар сатысында басты дəрежеге ие 
болады, əсіресе іздеу жұмыстары сатысында теңдесі жоқ 
процесс болып табылады. Пайдалы қазбаны болжауда – барлық 
жиналған геологиялық мəліметтерді жан-жақты пайдаланып, 
оның ұқсастығы жəне айырмашылығы мен қарама-қарсылығын 
кеңінен қолдануы тиіс. 
Алғашқы кезеңдерде тек қана геологиялық мəліметтер 
(тектоникалық, стратиграфиялық, литологиялық т.б.) пайдаланатын 
болса, кейінірек бұларға геохимиялық, геофизикалық жəне 
геоморфологиялық мəліметтерді қолданатын болды.
Осы барлық мəліметтер карталарға, қималарға, бағаналарға, 
сызбаларға енгізіліп, барлық фактілі материалдардың таралу 
ерекшелігі сипатталынады. Бұл мəліметтер геологиялық, 
минералогиялық, геохимиялық, геофизикалық өрістер мен 
аномалияларды интерпретация жасауға жəне бажайлауға 
мүмкіндік береді. Нəтижесінде геологиялық түзілімдердің типі 
анықталынады, аномалды көрсеткіштердің орташа мəні 
есептелінеді, жəне бақылау нүктелері арасындағы контурлар 
шектеріне интерполяция жасалынады. 
Іздеу сілтемелері өз кезегінде барлық жерде байқалатын, 
бірақ дəлдігі төмен - əмбебап сілтемелер, белгілі аумаққа тəн, 
жəне де, əдетте, сенімділігі жоғары – жергілікті сілтемелер деп 
бөлінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет