Я. К. Аршамов пайдалы қазба кенорындарын


-сурет. Геохимиялық тосқауылдардың жіктемесі.  А. И. Перельман бойынша



Pdf көрінісі
бет32/66
Дата15.02.2024
өлшемі4.23 Mb.
#491827
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66
1. Пайдалы казба кенорындарын геохимиялык издеу адистери. Я.К. Аршамов. 2015

 
5.1-сурет. Геохимиялық тосқауылдардың жіктемесі. 
А. И. Перельман бойынша 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Табиғи
Техногенді
-
табиғи
Техногенді
Механикалық
 
Кешенді
Физика
-
химиялық
 
Биохимиялық
Механикалық
Кешенді
Физика
-
химиялық
Биохимиялық
Əлеуметтік
Геохимиялық
 
тосқауылдар
 


Я. К. Аршамов 
 
76 
6. ГЕОХИМИЯЛЫҚ АНОМАЛИЯЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ 
ТҮСІНІКТЕР 
6.1. Жалпы мағлұматтар
 
Геохимиялы
аномалия – бұл нақты таужыныстарға, 
өсімдіктерге, сулар типіне тəн, немесе геохимиялық ландшафтқа, 
жəне де нақты ауданға тəн геохимиялық нормадан ауытқу. Бұл 
фондық мөлшермен салыстырғанда элементтер мөлшерінің 
көтерілуі немесе төмендеуі. Геохимиялық аномалиялар өлшемі 
бойынша: жергілікті аномалиялар - өлшемі кенді денеге немесе 
кенорындарға сəйкес жəне айма ты аномалиялар - концентрация 
өрістеріне немесе шашырау өрістеріне сəйкес келетін аномалиялар 
деп бөлінеді.
Айма ты аномалиялар ұсақ масштабты геохимиялық 
зерттеулер кезінде, ал жергілікті аномалиялар орта жəне ірі 
масштабты геохимиялық зерттеулер кезінде анықталады.
Геохимиялық аномалияларды кен денелерге жəне пайдалы 
қазба кенорындарына қатысты перспективті, перспективті 
емес жəне жалған деп бөлуге болады.
Перспективті аномалиялар жаралуы бойынша пайдалы 
қазбалармен байланысты, сол үшін олар ең бірінші кен 
денелерді жəне пайдалы қазба кенорындарын іздеу кезінде 
зерттелу керек.  
Элементтер мөлшерінің таралуымен байланысты о. 
аномалиялар немесе теріс аномалиялар болуы мүмкін. 
Біріншілері жоғары концентрациясымен, екіншілері - индикатор-
элементтердің күрт төмендеуімен айрықшаланады.
Барлық жоғарыда қарастырылған геохимиялық аномалиялар 
табиғи аномалияларға жатады, яғни бұл аномалиялардың 
жаралуы адамзаттың əсерінсіз табиғи жолмен жүзеге асқан.
Ноосфераның жаралуы кезінде химиялық элементтердің 
гипергенді миграциясы көбінесе антропогендік іс-əрекетімен 
анықталатын болды. Нəтижесінде бірқатар геохимиялық 
тосқауылдарда осы іс-əрекеттің нəтижесінде геохимиялық 
аномалиялар туындайды. Бұндай аномалиялар техногенді 
аномалиялар деп аталды. Қазіргі кезде техногенді процестер 


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
77 
үлкен масштабтарға жетті, табиғи жəне техногенді тосқауылдарда 
олардың əсерімен өнеркəсіптік концентрациядағы нақты 
элементтердің шоғырлары болуы мүмкін.
В. А. Алесеенко (2000 ж.) техногендік тосқауылдарды 
«əлеуметтік геохимиялық тосқауылдар» деп атауды ұсынды.
Бұл терминмен өнеркəсіптік жəне тұрмыстық қалдықтардың 
қоймалану белдемдері біріктіріледі. Миграциялық ағымға 
түскен 
осы 
заттардың 
техногендік 
қайнар 
көздерін 
ластандырғыштар деп атайды. Бұларға жеке өнеркəсіптер, тау 
қазылымдары, нақты ауылшаруашылық ландшафтары жатады. 
Техногендік аномалиялардың өлшемдері кең ауқымда (бірнеше 
км-ден 100 км-ге дейін) таралады. Техногенді аномалияларда 
элементтер минералды, биогенді немесе изоморфты түрлерде, 
сонымен қатар ерітінділер жəне газды қоспалар түрінде 
кездеседі.
Аномалияларды табиғи жəне техногенді түрлерге бөлудің 
негізгі критерийлеріне – аномалиялардың морфологиясы
олардың 
нақты 
таужыныстарға 
жəне 
геологиялық 
құрылымдарға туралануы, сонымен қатар осы аномалияларды 
туғызатын химиялық элементтердің ассоциациялары жатады.
В. И. Вернадскийдің ережесіне сəйкес, “кез келген табиғи 
нысанда барлық химиялық элементтер кездеседі”, көп жағдайда 
жер 
қыртысының 
кейбір 
бөлікшелеріндегі 
түбірлік 
таужыныстарда, топырақтарда, суларда, атмосферада бірқатар 
элементтер бірге жинақталады. Осы бірге жинақталуды 
«элементтер ассоциациясы» деп атайды. Мұндай бірге 
жинақталуларды ішкі жəне сыртқы факторлармен шартталған 
миграция жағдайларының ортақтығымен түсіндіруге болады. 
Егер нақты бір элементтердің концентрациясына ішкі факторлар 
шешуші əсер етсе, жоғары мөлшерде орналасқан элементтер 
ассоциациясы əртүрлі ландшафты-геологиялық жағдайлардың 
кең ауқымында сақталады. Мысалы: U, Pb, He, Th-Pb-He, K-Ar 
– жаралулары радиоактивті ыдыраумен байланысты тұрақты 
ассоциацияларға жатады.
Егер ассоциациялардың жаралуына негізгі əсерді ішкі 
факторлар тигізсе, онда элементтердің бірге жинақталуы нақты 
жағдайлардың кешенімен шектеледі. Мысалы: Au-Cu-As-Pb-Zn-


Я. К. Аршамов 
 
78 
Fe – ассоциациясы тек қана алтынсульфидті кендерге тəн, 
бұлардың морылуы кезінде жаңа ассоциациялар пайда болуы 
мүмкін: Au-As-Fe, Cu-As-Zn-Au-Fe жəне т.б.
Техногенді 
геохимиялық 
аномалияларға 
химиялық 
элементтердің өзіндік ассоциациялары тəн болады. Олар 
негізінен ластану кезіндегі ғылым жəне техниканың даму 
деңгейімен анықталады. Бұндай аномалиялар – қорғасынмен
мырышпен, мыспен, молибденмен, никельмен, ванадиймен, 
кобальтпен, бариймен, марганецпен, титанмен, хроммен, 
темірмен көрсетілген, оларды «ластағыш заттар» деп атайды. 
Техногенді аномалияларда жеке элементтермен жаралатын 
контурлар жиі сəйкес келмейді. Əрбір элементтің техногенді 
аномалияларының қарама-қарсылығы (контрасттылығы) əртүрлі 
болуы мүмкін.
Геохимиялық зерттеулерді жүргізген кезде əртүрлі 
таужыныстарды (шөгінді, магмалық, метаморфтық) жəне
минералдарды құрайтын элементтер ассоциациясымен жиі 
кездесуге тура келеді. Мысал ретінде пайдалы қазба 
кенорындарының 
түбірлік 
таужыныстарында 
жоғары 
концентрацияларда кездесетін элементтер ассоциациясы туралы 
мəліметтерді көрсетуге болады (6.1-кесте). 
Барлық типтегі кенорындардың жерасты суларында жоғары 
мөлшерлерде Cu, Zn, Mo кездеседі, олар өз кезегінде «өткінші» 
минералдар болып келеді. Олардың мөлшерлері кенденудің бар 
болуын дəлеледемейді, бірақ осы элементтердің едəуір 
концентрациялары іздеу жұмыстары кезінде өте маңызды болуы 
мүмкін. 
Осыған 
байланысты, 
кенорындарды 
іздеуде 
гидрохимиялық 
əдістерді 
қолдану 
əртүрлі 
типтегі 
кенорындардың суларында жоғары мөлшерде орналасақан 
элементтер ассоциациясын білуді жорамалдайды.


Пайдалы азба кенорындарын геохимиялы іздеу əдістері 
79 
6.1-кесте
Түбірлік таужыныстарда жоғары концентрацияда 
кездесетін элементтер ассоциациясы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет