Кенорындар типі Элементтер ассоциациясы Скарндық: Мыс-кобальтты
Co, Ni, Cu, As, (Ag, Pb, Zn)
мысты
Mo, Cu
Молибден-вольфрамды
Mo, W, (Bi)
Грейзендік: сульфидті
Be, Mo, Bi
сирекметалды
Be, F, Zr, (Cu, Mo, Pb)
Гидротермалды: алтынкварцты
Zn, Au, (Pb, Cu)
алтынсульфидті
Au, Cu, As, (Ag, Pb, Mo)
қалайыкенді
Sn, Pb, Cu, Zn
мысты
Mo, Cu, Zn
молибденді
Mo
полиметалды
Zn, Pb, (Ti, Mn)
Колчедан-полиметалды Pb, Zn, Mo, Ag, (Sn, Cu)
Мыс-колчеданды Mo, Cu, Zn, Co, (Ag)
Стратиформды қорғасын- мырышты Pb, Zn, (Ag)
Никельді морылу қыртыстары Ni, (Co, Cu)
Кейбір
химиялық
элементтердің
қосылуымен
жəне
басқаларының шығарылуымен бірге жүзеге асатын эндогенді
немесе экзогенді геологиялық процестердің нəтижесінде, түбірлік
таужыныстарда, борпылдақ шөгінділерде жəне топырақтарда
геохимиялық фондық мөлшерімен салыстырғанда литогеохимия- лы аномалиялар деп аталатын жергілікті аномалды мөлшерлермен
сипатталатын жергілікті бөлікшелер пайда болуы мүмкін. Жерасты
жəне жерүсті суларында химиялық элементтердің аномалды
мөлшерлерімен
өзгешеленетін
жергілікті
бөлікшелерді
гидрогеохимиялы аномалиялар, ал жер қойнауынан бөлініп
шығатын газдардың аномалды мөлшерлерімен сипатталатын
бөлікшелерді атмогеохимиялы аномалиялар деп атайды.
Таужыныстарда, топырақтарда, суларда жəне газдарда химиялық
элементтердің аномалды жоғары мөлшерлерінің бар болуы, сол
алаңдарда
өсетін
өсімдіктерде
элементтердің
аномалды
Я. К. Аршамов 82
мөлшерлерінің туындауына алып келеді. Осының нəтижесінде
биогеохимиялы аномалиялар жаралады. Олардың контурларында
барлық өсімдіктер немесе олардың тек бір түрлері ғана кейбір
элементтердің жоғары мөлшерлерімен ерекшеленеді.