Мемлекеттің шығуы туралы теориялар Мемлекет пен құкықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Осы құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм ілімі мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа – қанаушы жəне қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нəтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым – мемлекет пайда болады. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жағдай туғызу үшін құрылған. Сондықтан кандай да мемлекет болсын тек қанауды максат тұтып, бай, яғни үстем таптың игілігін көздеп, соның мүддесін қорғайды. Ф. Энгельс "Отбасы, жеке меншік жəне мемлекеттің пайда болуы" деген ғылыми еңбегінде мемлекет пен құқықты үстем таптың құралы деп таниды. Социалистік мемлекет те таптык мемлекет. Бірақ ол сан жағынан қоғамның басым көпшілігін құрайтын еңбекші таптың мүддесін қорғайды. Теологиялық (діни) теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Əрбір ірі дінде кұдайдың əрекеті деген діни-құқықтық қағидалары бар. Қазіргі заманда да кейбір мемлекеттер осындай қағидааларға негізделіп құрылып, қызмет атқаруда. Бұл қағидаларға
сүйене отырып дін теоретиктері мемлекет пен құқык құбылыстарын діни рəсімдерге байланыстыра түсіндіреді. Патриархалдық теория мемлекет пен құқықтың шығуын отбасының дамуымен байланыстырады. Отбасының қожасы ер адам, ол отбасын өз еркімен билейді, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды реттейді. Сөйтіп, отбасы мүшелерінің белгілі бір тəртіпке бағынып, қалыптасуының жөн-жобаларын аныктайды. Адамдар осындай қағидаларды басшылыққа алып, мемлекет құруда отбасын басқару үлгілерін қолданған деп түсіндіреді бұл теория.
Келісім-шарттық теория мемлекет пен құқықтын шығуын, пайда болуын адамдар арасындағы келісім-шартпен байланыстырады. Тағылық дəуірде адамдар өмір сүру үшін бірімен-бірі жауласып, соғысып, əбден береке-касиеті кетеді. Сондай кауіпті, келіссіз өмірден құтылу үшін адамдар өзара ымыраға келісіп, шартқа отырады. Соның нəтижесінде мемлекет құрып, оған қоғам мүшелерінің барлығын қорғауды, лайықты өмір сүруге жағдай туғызуды міндеттейді. Қоғам мүшелері де заң талаптарына бағынатыны туралы міндеттеме алады, деп түсіндіреді бұл теорияны жақтайтындар.
Күштеу (зорлау) теориясы мемлекет пен құқықтың шығуын зорлық- зомбылықпен байланыстырады. Күшті тайпалар əлсіз тайпаларды жаулап алып бағындырып, олардың қарсылығын басып тұру үшін мемлекет жəне оған тəн басқару, күш қолданатын органдарды құрады дейді. Мемлекет пен құқықтың шығуын түсіндіруге тырысатын бұл аталғаннан басқа да теориялар бар. Осы теориялардың бəріне тəн бір белгі бар – ол мемлекет пен құқықтың адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болуы. Шынында да тарихи деректерге жүгінсек, мемлекет пен құқықтың қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде шыға бастағанын байқаймыз.
1. Мемлекет (таптық тəсіл бойынша) – бір таптың (азшылықтың) бір тапқа (көпшілікке) үстемдік етуін қолдайтын саяси ұйым.
2. Мемлекет (жалпы əлеуметтік тəсіл бойынша) – саяси ұйым (ассоциация). Бұл саяси ұйымға оның мүшелері бұқаралық биліктің қатынастар арқылы біріктіріледі. Мұнда мемлекет адамдардың өзара ымыраға келуінің құралы болып табылады.
3. Мемлекет – құқықтық заңдарға тəуелді адамдардың бірлестігі (И.Кант бойынша).
Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары:
1. Теологиялық 9 Tf[<05150теория. Бұл теорияны жақтаушылар құқықты құдайдың жаратқаны, құдайдың адамдарға берекелікке, əрі сонымен бірге жер бетінде төртіпті сақтау мақсатындағы берген құрылымы деп түсіндіреді.
2. Құқықтың табиғи жаратылыстық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауы бойынша мемлекеттің белгілеуі арқылы анықталған құқықтармен қатар адамнын жаратылыстық табиғатынан туындайтын да құқықтардың бар екендігі алға тартылады.
3. Құқықтың тарихи теориясы. Бұл теория құқықты тарихи түрде туындайтын, сөйтіп əрі қарай дамитын кұбылыс деп таниды. Теорияның бір ерекшелігі мұнда құқықтың ұлттық өзгешеліктері болады да, олар мемлекетте құқық дамуы барысында ескеріліп отырады. Бұл теория құқық дамуы барысындағы ұлттық ерекшеліктерді ескеріп отыратынын мойындағанымен заң шығарушылардың рөлін жеткілікті дəрежеде тани қоймайды, яғни мойындамайды.
4. Құқықтың психологиялық теориясы. Бұл теория құқықтың түзілуін (пайда болуын) адамдардың психикасына (жүйке жүйесіне) байланыстыра қарастырады. Сонда, осы теорияның түсіндіруі бойынша – құқық деп адамдар қоғамда қабыл алынып мақұлдаған мінез-құлық ережелерін баянды ету мақсатын білдіретін психологиялық тілек-ықыласын бірінші орынға қояды. Мұның өзі адамның жаратылыстық табиғатында (жүйкесінде) көрініс тапқан, өйткені белгісіздік пен екі ұштылыққа адам төзбеген ғой деп дəлелдейді.
5. Құқықтың маркстік теориясы. Осы теорияны жақтаушылар құқықтық терең тамыры экономикада деп бұлтартпайтын дəлелдер келтіріп, құқық экономикалық базиске тəуелді деп сендірген. Құқықтың экономикадан жоғары тұруы мүмкін емес, өйткені мемлекет экономикасының белгілі бір мерзіміне қандай құқықтық нормалардың қажет болатынын тек экономика ғана айта алады. Дегенмен құқықты таптар күресімен байланыстыра қарау, сөйтіп құқықтан тек үстем таптың көзкарастарын іздестіру артық кеткендік болады. Олай болатын себебі əлгілердің барлығы, дұрысын айтқанда қоғам мен мемлекеттің типіне (түріне) байланысты болып келеді. Өйткені, құқықтық қоғам, құқық қаналушы таптарды езіп-жаншуға бағытталмаған, қайта ол қоғамдағы қатынастарды дамытып, бəріне тең құқықтылық жағдай жасауға бағытталған болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |