Пән: Мемлекет және құқық теориясының негіздері
пәнінен
2ТАҚЫРЫП Мемлекет пен құқықтың пайда болуы.
Түйінді сөздер: мемлекет,құқық, заң.
Негізгі сұрақтар: Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары.
Мемлекеттің жəне құқықтың пайда болуының жолдары. Мемлекеттің шығуы туралы теориялар. Ғылыми зерттеулердің мəліметтеріне қарағанда біздің ғаламшарымыз – жер осыдан 4-5 млрд. жыл бұрын пайда болған көрінеді. Адам яғни саналы адам – homo sapiens жер бетінде осыдан 40 мың жыл бұрын пайда болған дейді антрополог ғалымдар. Алғашқы мемлекеттік құрылымдар бізді дəуірімізден 4-5 мың жыл бұрын пайда болғанын ғылыми зерттеулер дəледдеді. Соған сəйкес ежелгі адамдар 35 мың жылдар бойы мемлекеттік құрылымдарсыз өмір сүрген деуге болады. Мемлекеттілікке дейінгі кезең ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе рулық қауым деген атаумен белгілі. Бұлай болатын өз себебі бар, өйткені адамдар ол кезде кауым, ру-ру болып тайпаларға бірігіп өмір сүрген. Бірлестіктерге бірігу қандас туыстық, бірге тұру жəне бірлесіп, ортақттасып еңбектенуге негізделінетін. Ру – адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан адамдардан тұратын қауымдастық. Оның мүшелері өзара некеге отырмайды. Барлық
халыктар рулық дəуірден өткен. Қазіргі халықтардың кейбіреуінде рулық дəуірден қалған əдетғұрыптары, дəстүрлері əлі де сақталған. Мысалы, қазақтың əдеті бойынша жеті атаға дейін қыз алысып-беріспейді. Рулық қоғамда қауымдық билік болған. Ру өміріне байланысты мəселелердің барлығын рудың жалпы жиналысы қарап, шешіп отырған. Оған жынысына қарамай, кəмелетке толған ру мұшелерінің барлығы қатысатын. Қандай мəселе болса да, жалпы қауымның келісімімен, əділдік жолымен шешілетін. Ру мүшелері жалпы жиналыста ру ағасын сайлайтын. Ру ағасына ақылы толған, ру əдет-ғұрыптарын, дəстүрлерін білетін, рудың қамын ойлайтын, қауымды басқара білетін адам сайланатын. Бірнеше рулар бірігіп, тайпа кұрайтын. Тайпаны басқару үшін ру ағаларынан кеңес күрылатын. Сол кеңесте рулардың тұрмысына, басқа тайпалармен қарым- қатынасына байланысты мəселелер қаралатын. Алғашқы қауымдық құрылыс, яғни рулық қауым жетілу деңгейі төмен, даму жағы тұралап қалған қоғам болатын. Мұнда бірлесіп еңбектенудің негізгі түрлері терімшілік, аң жəне балық аулау болатын. Еңбектенудің осындай түрлеріне сай еңбек құралдары да қарапайым, жетілдірілмеген болып келетін. Алғашқы қауымдық құрылыста (рулық қауымда) əлеуметтік билік орын алатын. Мүндай билік əдетте ең алдымен еңбектенуге негізделетін де, онда күштеп енбек етуге мəжбүрлеу болмайтын. Адамдар міндеттерін өз еркімен атқаратын, еңбек ету қауымдағы адамдардың барлығына Бірдей болатын, еңбектену нəтижесінде табылған қоректер рулық кауым адамдары арасын-да теңдей етіп бөлісілетін, кауымдастардын құқықтары да, міндеттері мен жауапкершіліктері де бəріне бірдей^тең болатын. Рулық қауым яғни алғашқы қауымдық құрылыстың негізгі басқару органдары көсем – ру басы яғни қауым бастығы, қариялар кеңесі жəне қауымдастардың жалпы жиналысынан тұратын. Рулық қауымның болмысына байланысты ең маңызды мəселелерді шешу күн тəртібіне қойылғанда ғана қауымдастардың жалпы жиналысы шақырылатын болған. Рулық қауымның əрбір ересек мүшесі қандай да болсын мəселелерді талқылауға оларды шешуге қатысуға хақылы болатын. Рулық қауымдағы күнделікті, əрі кезек күттірмейтін мəселелерді дер кезінде шешуді ұйымдастырып, басқарып отыру үшін қауымның ең беделді мүшелері арасынан қауым бастығы көсем (ру ағасы) сайланатын. Бұл лауазым сайланбалы əрі алмастырылып отыратын жəне де ол лауазым иесіне ешқандай пұрсаттар бермейтін. Ру ағасы (көсем) қауымның басқа мүшелерімен тең болатын жəне барлық қауымдастар тəрізді солардың үлесіндей мөлшерде үлес алатын болған. Оның биліктік беделі тек кана қауымдастардың оған деген құрметіне, сеніміне негізделетін. Соғыс туындағанда əскерге басшылық ету үшін əскери көсем сайланатын, қауым ішінде осылайша көсемдер (қариялар) кеңесі құрылатын. Уақыт өте келе рулар өзара бірігіп тайпаларды құрайды, өз кезегінде олар əлгі рулар өкілдерінен тұратын көсемдер (қариялар) кеңесі арқылы басқарылатын. Тайпаны басқаратын көсемдер (қариялар) кеңесі тайпа көсемін сайлайтын. Бұл лауазым да қоғам дамуының алғашқы кезендерің де алмастырылып отыратын жəне ол лауазым иесіне ешқандай жеңілдіктер бермейтін.
Қоғам дамуының əрі қарай жалғасуы барысында тайпалар да бірігуді бастады. Алғашында мұндай бірігу уақытша сипатта болатын, кейіннен тайпалардың бірігуі тұрақты сипат ала бастады. Сөйтіп тайпалар одағы қоғам дамуының қозғаушы күштерінің біріне айналды. Тайпалар одағы тайпа көсемдері кеңесі арқылы басқарылатын, олар болса одақ көсемін сайлайтын. Қоғам дамуы барысында кейінірек көсемдер өз қызмет бағыттарын өмір бойы атқаратын болды. Жоғарыда айтылғандарды түжырымдай келгенде алғашқы қауымдық қүрылыс (яғни рулық қауым) жөнінде оларға ғана тəн мынадай сипатгарды атап-атап көрсетуге болады.
1. Ру (алғашқы қауым) мүшелері ортак шаруашылықпен айналысуында қандас туыстастығына, барлығына ортақ аумақта бірге тұрып өмір сүруіне сүйенген.
2. Ортақ тілде сөйлеген жəне дəстүрлері, əдет-ғұрыптары жалпы барлығына бірдей болған.
3. Ру адамдары арасында некелік қатынастардың орын алуына тыйым салынған. Мысалы, қазақтар некелік қатынастарына тыйым салу "жеті атаға" жеткенге дейін сақталып келген яғни жақын туыстар түгілі жамағайындар арасындағы некелік қатынастарға да тыйым салынатын болған.
4. Ру (қауым) адамдарының өлгенін барлық қауымдастарға ортақ қабірстанға жерлейтін болған.
5. Əрбір рудың (кауымның) өзіне тəн атауы болатын.
6. Руды (қауымды) ең беделді қауым мүшесі көсем (ру ағасы) басқаратын, оның өзі қауымның жалпы жиналысында сайланатын.
Соныменен, мемлекеттілік қезеңге дейінгі əлеуметтік билік тікелей түрде қоғамдық болған, оның құрылуы алғашқы қауымдық демократияға, өзін өзі баскаруға негізделген-тін, оның ықпалы тек ру (қауым) тегіне ғана таралатын да сол рудың (қауымның) ырқын (ерік-жігерін) білдіретін, қандас туыстардың өзара қатыстылықтарына негізделетін, мұнда қауымның жиналысы биліктің органы ретінде іс атқаратын, ру ағалары алғашында еш- кандай жеңілдіктерге ие болмаған деп тұжырым жасауға болады. Ф.Энгельс алғашқы қауымдық құрылысты "алғашқы қауымдық коммунизм", "адамзаттың алтын ғасыры" деп атаған. Алғашқы қауымдық кезеңде қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу, рулар мен тайпалардың əлеуметтік-экономикалық бірлігін білдіріп жəне оны қамтамасыз етіп отырған адамдардың тіршілік ету əрекеттерінің өзінде болатын. Мұның өзі еңбек құралдарының жетілдірілмеген қарапайымдылығымен, еңбек өнімділігінің мардымсыздығына байланысты еді. Осыдан барып бірлесіп тұру еңбек кұралдарына қоғамдық меншіктің болуын жəне ендірілген қоректік өнімдерді теңдей етіп бөлу қажеттілігін туындатты. Ал мұның өзі алғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғи болмысына əжептəуір ықпалын тигізді. Нормалар алғашында "табу" – тыйымдар түрінде болды, бірте-бірте олар əдет-ғұрыптарға ұласты (сөйтіп басқаша, екінші түрге айналды). Кейініректе моральдық нормалар пайда бола бастады.
Əдет-ғұрып – қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға айналған географиялық, улттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Əдеттер ру тұрмысының дамуына байланысты, ру мүшелерінің арасындағы қатынасты жөнге салып, реттеу үшін, олардың өсіп-өніп, өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажетті құрал ретінде қолданылды. Олар ұрпақтан ұрпаққа ауысып, ру мүшелерінің сана-сезіміне ананың сүтімен, кауым өмірінің үлгісімен сіңіп, олардың мінез-құлықтарын, іс-əрекетін алға бағыттап отырды. Ру əдеттері барлық ру мүшелерінің еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын қағидалар деп танылып, оны мүлтіксіз орындау əрбір ру мүшелерінің дағдысына айналды. Ру əдет-ғұрыптарын сақтау, орындау – міндет пе əлде кұқық па деген сауал ру мүшелерінің ойына кіріп те шықпайтын. Олардың түсінігінше ру əдеттерін, дəстүрлерін бұлжытпай орындау табиғи, өзінен-өзі түсінікті жағдай болып саналды. Рулық əдеттер, дəстүрлер қандай болғанын қазақ халқының тарихынан да көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |