Заң ғылымының жүйесі
Заң ғылымы – мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеп, олардың қоғамдық өмірмен байланыстарын, арақатысын айқындайтын арнайы білім жұйесі. Заң ғылымы өзі зерттейтін объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты түрлі салаларға бөлінеді. Келесі беттегі кестеден байқалатыны, Қазақстан Республикасында заң ғылымдары, біріншіден, мемлекет пен құқыкгың теориясына негізделеді. Теорияда мемлекет пен құқыққа тəн жалпы заңдылықтар, олардың жалпы белгілері, түрлері оқытылады. МҚТ-мен тығыз байланыста мемлекет жəне құқықтық жалпы тарихы заң ғылымы болады. Бұл пəннен əр елдің мемлекеті мен құқығының тарихын тану арқылы, олардың қандай кезеңдерден өткені, қандай ұлттық ерекшеліктері болғаны анықталады. Мемлекет пен құқықтың қалыптасуына, дамуына, өзгеруіне саяси жəне құқықтық ілімдер зор əсер етеді. Сондықтан осы ілімдердің де тарихы окытылады. Сонымен қатар əр елдің өз мемлекеті мен құқығының шығу, қалыптасу, даму, өзгеру тарихы бар. Бұл тарихты зерттеу жөне оқыту тек білу үшін ғана керек емес. Мемлекеттің тарихы оның қазіргі жағдайына, болашағына да əсер етеді, коғамды ұтымды жолмен дамытуға, қажетті саясатты жасауға жол сілтейді. Сондай-ақ ұлттық саяси жəне құқықтық сананы қалыптастыруға да əсерін тигізеді. Əр мемлекеттің өзіндік ұлттық құқық жүйесі қалыптасады. Ол жүйе мемлекеттің, қоғамның ерекшеліктеріне сəйкес, қоғам өмірінің салаларына бейімделіп қалыптасады. Сөйтіп, сол салалардағы маңызды қоғамдық катынастарды реттейді. Мемлекетпен қоғам өмірінің салаларындағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты құқық салаларының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондықтан құқық салаларының аталуы да, мазмұны да ерекше, айрықша болып келеді. Əр мемлекет басқа мемлекеттермен қарым-қатынаста болады жəне дұниежүзілік қауымдастық шешетін мəселелерге қатысуға атсалысады. Соған байланысты баска мемлекеттердің ұлттык құқық жүйесінің негізгі саласы –конституциялық құқықты білу өте қажет. Халықаралық қауымдастық қабылдаған құқықтық құжаттар бар, олар негізінен адамдардың құқықтары мен бостандықтарына арналған. Демократиялық даму жолына түскен мемлекет мұндай халықаралық құқықтық құжаттарды мойындауға, мемлекет ішінде қолдануға міндетті. Сол себепті халыкаралык қүқыкты да білу өте кажет. Заңдарды жүзеге асыруда, қолданбалы қосалқы ілімдердің (криминалистика, сот психиатриясы, т.б.) аткаратын рөлі ерекше.
Достарыңызбен бөлісу: |