Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары Ру дəуірінде адамдар тек жаратылыстың даяр өнімдерін жинап қорек етіп, өмір сүрген. Келе-келе адамдар өндіріс кұралдарын жасап алып, өздері шаруашылыққа кіріседі. Сөйтіп, жинау-терімшілік шаруашылығынан өндіру шаруашылығына ауыса бастайды. Мал өнімдерімен күнелтуден
диқаншылыққа ауысады. Диқаншылықтың нəтижесінде отырықшылық қалыптасып, елді мекендер, қалалар салына бастайды. Қалаларда қол өнері пайда болып, ол мал шаруашылығы жəне диқаншылық сияқты табыс көзіне айналады. Экономиканың аталған салалары бірінен-бірі бөлініп шығып, дербес өмір сүре бастағаннан кейін, бірінің өндірген өніміне бірі мұқтаж екендігі байқалады. Диқандарға мал өнімі, малшыларға жер өнімі, қолөнершілерге тамақ қажет болады. Сөйтіп, соларға делдаддық жасайтын алыпсатарлар
қалыптаса бастады. Құрал-саймандардың жетілдірілуіне байланысты еңбек өнімділігі де
өседі. Соның нəтижесінде артық өнім пайда болды. Рулық қауымда барлық жиналған, табылған өнім ру мүшелерінің жалпы меншігі болған еді. Енді еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасыларының меншігіне айнала бастады. Сөйтіп, малға, жерге, қолөнер бұйымдарына жекелеген иелер пайда болды. Ақырында ру қауымының жалпы меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің айрықша түрі – жеке меншік қалыптасты. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты қоғам таптарға бөлінді. Бір жағынан, құрал-жабдықтар, өндірілген бұйымдар, мүлік-дəулет адамдардың бір тобының колында шоғырланады да, байлар пай-да болды. Екінші жағынан, кедейлер, жарлылар пайда болды. Сөйтіп, рулық қауым өзіне тəн белгілерінен айрылып, құлдырады. Оның орнына жеке меншікке негізделген, айрықша екі үлкен əлеуметтік топтан тұратын қоғам қалыптасты. Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерінің игілігін көздеп, еркін білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз міндетін, қызметін атқара алмады. Меншік иелерінің – байлардың айрықша мүдделері болғандықтан, басқа ру мүшелерімен, кедей-жарлылармен қатар отырып, мəселелерді тең негізде шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында кайшылықтар пайда бола бастады. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалық-əлеуметтік өзгерістердің нəтижесінде коғамды билеу, басқару жүйесі де өзгерді. Рулық биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтіп, қоғамның белгілі бір сатысында мемлекет жөне құқық пайда болды. Мемлекеттің жəне құқықтың пайда болуының жолдары Мемлекеттің пайда болуы жəне оның қалыптасуы ұзақ уақыт бойы
жүретін процесс. Ол əр халыкта əрқилы болып өткен. Мемлекеттің пайда болуының тарихи екі түрлі жолын атап айтуға болады;
1. Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығыс, Африка, Америка). Осы жолмен көшпелі мемлекеттер де пайда болған. Өздерінің дамуы барысында мемлекеттің пайда боларында бұл мемлекеттер шығыс жолымен жүріп өтті. Сонда бұл жолдың сипаты мына белгілерден көрінеді:
- рулық (алғашқы) қауымға тəн ерекше белгілер (атрибуттар): жерді қауым болып иелену мен оларға ұжымдык меншік ру-тайпа ақсүйектерінің (абыздар, əскери көсемдер жөне с.с.) қолына шоғырланған. Бұл шоғырлану ру-тайпалық құрылыстың (яғни қауымның) ыдырауы барысында да сақталған. Ал енді бұлардағы басқарудың қоғамдық құрылымдары мемлекеттік органдарға айналған, ал ру-тайпа ақсұйектері шенеуліктер аппаратына өзгерген, сонда жер қоғамдық болудан өзгеріп мемлекеттікк көшкен.
2. Мемлекет дамуының батыстық (еуропалык) жолы. Мемлекеттер дамуында бұл жолды Рим, Афины елдері жүріп өткен. Бұл жолға тəн сипаттарға келер болсақ, олар алғашқы қауымдық құрылыстың (ру- тайпалардың) ыдырауының белсенді түрде болғанын сөйтіп жеке меншік пен таптардың пайда болғанын атау керек. Мысалы, Римде мемлекеттің пайда болуына үлкен ықпалын тигізген плебстер мен патрицийлердің күресі болды. Соның нəтижесінде плебстер демократиялық жеңілдіктер алған. Мемлекеттердің пайда болуының əрқилы жолдарының болуына қарамастан, олардың бəріне өз ықпалын тигізген қозғаушы күш – ру-тайпалық құрылыстың (қауымның) ыдырауы мен ұйымдасқан түрдегі мемлекеттік биліктің қажеттілігінен туындаған болатын. Сондай-ак құқықтың пайда болуында біркелкілік сипат болмаған, əрбір мемлекетте оның даму барысына əрқилы қозғаушы күштер өз ықпалын тигізген. Құқық дамуында да екі жолдың бар екені мəлім:
1. Құқықтың пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығыс елдері): мұнда құқықтың қалыптасуы мен дамуына үрдістер зор ықпалын тигізген. Сондықтан, қазірдің өзінде де Ежелгі Шығыс елдерінің қайсы біреулерінде құқықтың басты кайнар көзі ретінде діни нормалар қолданылуда.
2. Құқықтың пайда болуының батыстық (еуропалық) жолы. Бүл елдерде əдет-ғүрыптық құқықтардан басқа заңдар мен прецеденттік (үлгі боларлық шешім) құқық та дамыған. Дегенмен, құқықтың пайда болуына ортақ түрткі фактор (себеп) – сан алуан күрделі қоғамдық қатынастар пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |