Шешу жолдары: -қабылдауы төмен балаларға көп көңіл бөлініп, қатарға қосу.
Бастауыш білім
ББ. ОТҮС. Оқу-тәрбие үрдісінің сараптамасы
Бастауыш сынып кафедрасының 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарының мақсаты: сабақ тиімділігімен, сапасын көтеруге бағытталған мұғалімдердің ізденістік-әдістемелік жұмыстарын жүйелеу және мұғалімді ынталандыру, білімін жетілдіруге жағдай жасау.
1-4-сыныптарда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсын міндетті меңгеру қамтамасыз етіледі. Оқу курсының мазмұнын 1-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу пәнінің шеңберінде: жылдық оқу жүктемесі1-3-сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдері іске асырды;
«Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұнын 1-4-сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен сынып жетекшілері жылдық жұмыс жоспарында тақырыптарымен мерзімін көрсете отырып іске асырды.
2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Әліппе» пәні енгізіледі. «Әліппе» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығыІ жартыжылдықта 96 сағатты құрайды. Екі кезеңге бөлінеді (әліппеге дөйінгі кезең - 12 сағат, әліппе кезеңі -
84 сағат).
1-ші сыныпта II жартыжылдықта оқу «Сауат ашу» үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 6 сағатты, барлығы 102 сағатты құрайды.
2021/2022 оқу жылы «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 1-сыныпта 2022 жылдың 1 қаңтарынан енгізіледі, 3-сыныпта «Цифрлық сауаттылық»оқу пәні «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрініңкейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» КР БFМ 2020.27.11 № 496 бұйрығына сәйкес 2021 жылдың 1 қыркүйегінен оқытылады (03.04.2013 ж. № 115 (188-2к қосымша) және 26.07.2019 ж.
№ 334 (4-қосымша) бұйрықтарға өзгертулер енгізілді.
Оқу жылының басында 23 мұғалім. 1-сыныптар- 5, 2- сыныптар- 5, 3-сыныптар -7, 4-сыныптар - 6.
Әдістемелік отырыстар өткізіліп әр түрлі сұрақтар, мәселелер талқыланып тұрады. Әр ұстаздың жүктеме сағаттары бөлінеді. Курс жәрмеңкесі өтіп, әр сыныпта қандай вариативті курстардың өтілетінін талқыланып, жыл бойы курстар өз мәнәнде өтті. Жаңа оқу жылында еліміздегі пандемияға байланысты оқу барысы санитарлық нормаларымен мектепалды даярлық және бастауыш сынып мұғалімдері таныстырылып, сынып бөлмелерін, қоңырау кестесі және сабақ кестесі, сынып оқушыларының екі ауысымға бөлінуі жайлы таныстырылды.
Аттестациядан өтетін мұғалімдердің дайындық жұмыстары жайлы қарастырылды. Қазақ тілінде оқитын бастауыш сынып және мектепалды даярлық сынып мұғалімдері жұмысының жағдайын айтар болсақ, барлық қазақ тілінде оқитын бастауыш сыныптарда бағдарламаға сай тақырыптар қамтылған, қыркүйек айында 2-4 сыныптар бойынша бақылау жұмыстары алынды, қазан айында барлық 2-4 сыныптардан оқу жылдамдықтары тексерілді, үлгерімі төмен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізілуде.
Қаңтар айының бастауыш сынып кафедрасының отырысында Торгаева А.Қ. және Искакова О.Т. көмекші құралдары, Жуманова С.К. және Торгаева А.К. пәндік курс бағдарламасы қарастырылды.
1-4 сыныптар мұғалімдерінің ата-анамен жұмыс жоспары, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары құрылды. 4-сыныптар «Clever» олимпиадасына қатысты. Олимпиада санитарлы нормаға сай өткізілді. Алдымен аудандық кезең, содан кейін облыстық кезеңге әр пәннен 1оқушыдан қатысып,орын алған оқушылар марапатталды.
2-4 сынып оқушыларынң арасында негізгі пәндерден мектепшілік олимпиада өтті. Олимпиадада орын алған оқушылар «Мадақтамалармен» марапатталды.
Қазан айында 2, 3, 4-сыныптардың әдебиеттік оқу пәнінен оқу жылдамдықтары алынды.
Бақылаудың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын және оқу барысында орфографиялық нормаларды сақтауын, мәнерлеп, түсініп оқу, білім-білік дағдыларын тексеру.
Оқушылардың зерттеушілік, шығармашылық, ғылыми ойлау қабілеттерін қалыптастыру мақсатында бастауыш сынып секциясында 9-сәуірде ғылыми конференция өтті. Оқушылардың жобаларын тындалды, сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды, кемшіліктері ескертілді. Жобаға қатысқан оқушылардың бойынан таңдаған тақырыбына қызығушылықтарының бар екендігі байқалды. Жүлделі орынға ие болған оқушылар конференцияның мектепішілік және аудандық кезеңдеріне өтіп, облысқа жолдама алды.
Биылғы оқу жылында бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушыларының жетістіктері де аз емес.
Достарыңызбен бөлісу: |