Ұзақ мерзімді активтерге түсінік және олардың амортизациясын есептеудің мәні


Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы



бет7/16
Дата03.01.2022
өлшемі0.98 Mb.
#450085
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Ұзақ мерзімді активтер 04.03.2020

Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы. Дипломдық жұмыстың негізгі ғылыми қорытындылары мен оның ұсыныстары және алынған нәтижелері ұзақ мерзіміндегі активтерінің амортизациясының, құнсыздануының есебі саласының барлық жүйесіне енгізілудегі стратегиялық мақсатты зерттеуге маңызы бар деп танылды.

Дипломдық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, 12 кестеден, 3 суреттен, 3 бет қосымшадан тұрады.
1 Ұзақ мерзімді активтерге түсінік және олардың амортизациясын есептеудің мәні
1.1 Ұзақ мерзімді активтерге түсінік және оларды жіктеу мен бағалау әдістері
Ұйымның ұзақ мерзіміндегі активтері – дегеніміз ұйымның ресурстары, оларды қолдануға байланысты экономикалық табысты, ұзақ мерзімі ішіндегі алу көзделіп, оны сатуға емес, ұйымның қызметтерінде қолдануға алынылады. Ұйцмның қысқа мерзіміндегі активтерінен ұзақ мерзіміндегі активтері өмірлік кезеңін ұстанады, бірақ қысқа мерзіміндегі активтерінің бөлігі ретінде танылмайды.

Ұйымныі ұзақ ұзақ мерзіміндегі активтеріне соныменен бірге инвестициялар, капитал салымдары мен ұзақ мерзіміндегі дебеторлық берешектері жатқызылынады. Ұйымның шаруашылығын ұйымдастыру үрдісінде қолданылынылмайтын активтері ұзақ мерзіміндегі активтер санатына жатқызылынады. Егер жерді қолданылудың басты мақсаты спекуляция болса, онда оны инвестиция ретінде қарастырғанымыз дұрыс. Егер жерді қайтадан сатудың мақсаттарында қолданылса, онда ол қор ретінде қарастырылады.

Қазіргі кезеңде ғимарат қолданылынбаса, онда ол инвестиция ретінде көрініс табады. Комбайн көлікқұру зауытында қор негізінде көрініс табады, ал есепті кезеңінің ішінде оны ұйымның негізгі құралы негізінде қарастырамыз. Қолданылынбаған жер мен ғимарат, соныменен бірге материалдық емес актив гудвилл амортизацияға емес, құнсыздануға жатқызылады.

Жалпы ұйымның негізгі құралдары - бұл материалдық өндіріс аясында және өндірілмейтін аяда ұзақ мерзім кезеңінде жүзеге аысырылатын, жалға беруге пайдаланылынатын материалдық активтер болып табылады [2].

Ұйымның негізгі құралдарының есебінде төрт негізгі сұрақтар бар:

- активтері табылғандағы бастапқы енгізілетін сомасы;

- активтерінің құндары болашақ мерзіміне байланысты бөлінетін тозу мөлшерлемесі;

- қолданылынғаннан кейін құндарының өзгеріске ұшырауы және олардың шоттарындағы көрініс табуы;

- активтерінің шығарылуын енгізу.

16 ХҚЕС сай ұйымның активтері тек келесідей жағдайларда актив болып мойындалынады:

- осы обектіге сайкес ұйым болашақ экономикалық табысты алу мүмкіндігінің бар болуы;

- ұйым обектілерінің құндары сенімді түрде өлшенуі мүмкін.

Көбіне, негізгі құралдар ұйымның активтерінің заттық белгілерін құрайды, сондықтан да олар қаржылық жағдайында мағынасы зор. Шығындарын актив негізінде анықталуы ұйымның жағдайын көрсетеді.

16 ХҚЕС «Негізгі құралдар» сай активтер сыртқы ортаны қорғау және қауіпсіздік мақсаттарында пайдаланылады [3]. Осындай жағдайларда мұндай активтерін қолданылынатын болашақ экономикалық пайда болуы мүмкін емес. Ал, егерде оны өзге активтері ретінде қолданылынса, болашақ экономикалық табыс алып келуі мүмкін.

Мойындаудың екінші шарты жеңіл жетілдіріледі, өйткені айырбас операцияларында активтерін сатып алған уақытында олардың құндары көрініс табады. 16 ХҚЕС «Негізгі құралдар» анықталуына байланысты негізгі құралдар обектілері, бастапқы құндарына сай бағаланылып активтері ретінде мойындалуы қажет. Ұйымның ұзақ мерзіміндегі активтерінің келесі бір негізгі түрі - материалдық емес активтері болып табылады.

Материалдық емес активтері деп табиғи нысандары болмайтын өндіріске немесе тауарларын сатып өткізудің операциясына, әкімшілік мақсаттарына ұзақ уақытта қолданылатын және өзге субектілерге жалға беруге


арналғандығын анықтауға болатын, ұйым бақылауын жүргізе алатын,
сондай-ақ қолданған ұйым болашақта пайда күтетін ақшалай емес
активтерін айтады.

ХҚЕС №38-ші «материалдық емес активтер есебі» сай МЕА аталынған анықтамаға және төмендегі талаптарына сайкес келгенде ғана активтері ретінде танылады, яғни есепке алынылады:



  1. егер кәсіпорынның болашақта тікелей осы обектісіне сайкес экономикалық табысты табуының ықтималдылығы жоғары болса;

2 егер активтерінің құндары дұрыс анықталынса.

Материалдық емес активтер шаруашылық субектілерінің баланстарында бастапқы құндарына сайкес кіріске алынылады. Осы материалдық емес активтерін бастапқы құндарына сай анықталынады:



  • құрылтайшылар мен үлес қосушыларының шаруашылық субектілері жарғылық қорларына қосқан үлестері есептерінен келіп кіріске алынылатын материалдық емес активтерінің бағасы екі жақты нақтылы келісімге сайкес бағаланады;

  • заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардан тегін, сый ретінде алынған материалдық емес активтері сол уақыттағы нарықтық бағасына сайкес бағаланылады;

  • өзге шаруашылық субектісінде, заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан сатылып алынылған материалдық емес активтер, ол обектілерін сатып алуға және оларды қолдануға дайындауға жұмсалынған шығындар бағалары сомаларының қосындыларына сайкес бағаланылады.

Осы материалдық емес активтерінің баланстық бағаларын анықтаудың жалпы әдістері болып табылады [4].

Шаруашылық субектісінде материалдық емес активтерін қолдану барысында олардың құндарының бір бөлігі ай сайын,яғни оның қолданылу мерзімдерінде өндіріс шығындарына қосылып отырылады. Яғни, материалдық емес активтерінің құндарына амортизациялық аударымдар есепке алынып отырылады [5]. Амортизациялық аударымдар мөлшерлері материалдық емес активтерінің бастапқы құндарымен олардың қолданулу мерзімдеріне қарай анықталынылады. Материалдық емес активтерін қолдану мерзімдері субектілердің қызмет атқаратын уақыттарынан аспаулары қажет.

Материалдық емес активтеріне өнімдерін өндіру, тауарларын тасымалдау немесе қызметтерін көрсетуге, өзге ұйымдарға жалға беруге немесе әкімшілік мақсаттарына қолданылатын табиғи нысаны жоқ бірегейлендірілген монетарлық емес активтер жатқызылады. Материалдық емес активтер есебі 38-ші ХҚЕС- на сай есепке алынылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет