Зертханалық жұмыс №1 Тақырыбы: Ақпаратты көрсету. Ақпаратты есептеу



бет15/21
Дата11.03.2022
өлшемі0.88 Mb.
#456152
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21
Зертханалық жұмыс

8.3. Бақылау сұрақтары
1. Алгоритмді сипаттау тәсілдерін атаңдар.
2. Блок-схеманың негізгі элементтерін атаңдар.
8.4. Тапсырмалар
Алгоритмдерді сөзбен және графикалық тәсілмен сипаттаңдар. Алгоритмді қадаммен орындау кестесін келтіріңдер.

  1. Үш санды сұрыптау.

  2. Тура және кері санауыш бойынша сандардың қосындысын есептеу.

  3. Берілгендердің ішіндегі ең үлкен санды табу.

  4. Сызықтық кесте 30 элементтен тұрады. Кестені оның элементтерінің реттік номерлерін екі еселеген сандық мәндерімен толтырыңдар.

  5. Массив элементінің бірінші жұп мәні мен соңғы тақ элементінің мәнін орын ауыстыратын бағдарлама құрыңдар.

8.5. Жеке тапсырмалар
Алгоритмдерді сөзбен және графикалық тәсілмен сипаттаңдар. Алгоритмді қадаммен орындау кестесін келтіріңдер.

  1. х-тің мәні -1-ден 1-ге дейін 0,2 қадаммен өзгергендегі y(x)=1/x функциясының мәнін есептеңдер.

  2. Әрбір қабатта 4 пәтерден бар, ал пәтер номері бірінші подъезден басталады деп есептеп, тоғыз қабатты үйдің пәтер номері бойынша подъезд номері және қабатын анықтау керек.

  3. Бөтелке су 45 теңге тұрады. Бос бөтелкені 20 теңгеден өткізуге болады, және алынған ақшаға қайта су сатып алынады. Егер S теңге ақша болса, ең көп дегенде қанша бөтелке су сатып алуға болады.

  4. t1 температуралы v1 литр су t2температуралы v2 литр сумен араластырылған. Алынған қоспаның көлемі мен температурасын табу керек.

  5. Үш нақты сан берілген. Солардың ішіндегі (1,3) интервалына жататындарын таңдаңдар.

  6. Бақытты билет пе әлде емес пе соны анықтау керек. Билет номері алты таңбалы. Билтті бақытты деп санау керек, егер алғашқы төрт цифрдың қосындысы соңғы төрт цифрдың қосындысына тең болса.

  7. Кейбір спорт жарыстарының түрлерінде жарыс нәтижесін бірнеше төреші бағалайды., одан кейін бағалар жиынтығынан ең жоғарғы және төменгісі жойылады да, қалған бағалардың арифметикалық ортасы есептеледі. Спортсмен сыналған бағаны анықтаңдар.

  8. Дүкенде nсатып алушыдан тұратын кезек пайда болды. Сатушы i-ші сатып алушыны ti (i=1,…,n) уақытта жібереді. n натурал саны және ір түрлі нақты t1,…, tn сандары берілсін. c1,…,cn алу керек, мұндағы сi – i-ші сатып алушының кезектегі уақыты.

  9. Массив элементтерінің мәндерін k позицияға солға циклдық жылжытатын бағдарлама құрыңдар (мұнда индексі i-k болатын элемент мәні индексі i болатын элемент мәнімен алмастырылады, ал ал алғашқы k элементінің мәндері соңғы k элементінің мәндеріне тең болады).

  10. Массив элементінің алғашқы жұп мәнін соңғы тақ элементінің мәнімен орнын ауыстыратын бағдарлама құрыңдар.

  11. Барлық нольдік элементтерін жою арқылы массив элементтерін сығатын бағдарлама құрыңдар. Есепті қосымша массив қолдану арқылы және қолданбай құрыңдар.

  12. А массивінің элементтерінің тақ мәндерін есептейтін бағдарлама құрыңдар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет