Зерттеудің көкейкестілігі


Үлгі – белгілі бір зерттелетін нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты үлгісі (бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы, т.б.). Үлгілеу



бет5/28
Дата19.05.2022
өлшемі333.29 Kb.
#457497
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Дип парасат

Үлгібелгілі бір зерттелетін нысанның ой түсінігі арқылы немесе материалдық түрде жасалған шартты үлгісі (бейнесі, сұлбасы, сипаттамасы, т.б.).
Үлгілеу – үлгіні құру үдерісі, түпнұсқаның құрылымы мен қасиеттерін үлгі арқылы зерттеу үдерісі.
Парадигма – ақиқаттың маңызды сипатын білдіретін түсініктер жүйесінде іске асырылған ғылыми теория; нәтижелі тұжырымдамалы схема, мәселені қою және шешу үлгісі.
Дидактика – оқыту мазмұны және білім беру мазмұнының теориялық қосындысы.
Гносеология – грек сөзі: - білім, ілім – таным теориясы – сын және таным теориясын зерттеумен шұғылданатын философиялық пән.
Аксиология – грек сөзі: құнды, ілім – құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және әлемнің құрылымы туралы философиялық ілім.
Инновация - өнімнің, ұйым көрсететін қызметтің, оның қазіргі имиджді қамтамасыз ететін және шыңдайтын технологиясы, формалары мен басқару әдістерінің, қызмет сапасы, басқа ұйымдармен бәсекелесу қабілетінің жаңашылдануы.
Синергетика – гр. сөзі: ынтымақтастық – күрделі жүйелердің бейне-берекет күйден реттелген күйге өту үдерісін зерттейтін және осы жүйе элементтерінің арасындағы белгілі бір байланыстарды сипаттайтын ғылым.
Гуманизм (адамшылық, азаматтық) – адам құндылығын қабылдайтын, ерік-жігер құқығымен дамытатын іскерлігін көрсете алатын, қоғамдық қарым-қатынастарда адам игілігін бағалаудың өлшемдік түсінігі.
Менталитет (діл) – этнос қабылдаған көзқарастар, пікірлер, стереотиптер, жүріс-түрыс формалары мен әдістері осы этностың қауымға тән өмір сүру стилі, мәдениеті.
Негізгі тұлға – осы этностық топтың жеке тұлғаларымен туыстастыратын әрбір жеке тұлғада бар қасиеттер ұғымы. Осы қоғамның негізін және оның мәдени базасын құрайтын әрбір нақты қоғамда басым келетін адамдардың «орташа» психологиялық типі.
Ұлттық лидер (көшбасшысы) – белгілі бағдарламамен белгілі ұлт мүддесін жүзеге асыруда практикалық әрекеттері үшін ұлтты ұйымдастыруда маңызды және жетекші рөлі бар беделді тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет