Зерттеудің көкейкестілігі



бет6/28
Дата19.05.2022
өлшемі333.29 Kb.
#457497
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Дип парасат

Ұлттық мінез-құлық - өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс-тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым-қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.
Ұлттық-психологиялық ерекшеліктер – этнопсихологиялық ғылымның ұлттық психиканың негізгі мағынасын ұлттық сипатын, сондай-ақ оның құраушы элементерді білдіретін негізін қалаушы категория.
Ұлттық сана сезімадамдардың өз этностық қауымға, оның мүдделері мен құндылықтарына деген ұлттық қарым-қатынасы, олар жағымды да жағымсыз реңде болуы мүмкін.
Ұлттық соқыр сенім – этностық қауымға олардың сипаттамасына қатысты жасайтын ақиқатты дәл жеткізбейтін, бұрмаланған нұсқаулар болып табылатын қоғамдық психологиялық құбылыс.
Халықтық педагогика - әртүрлі буын өкілдерінің өзара қарым-қатысы мен әрекеттестігінің ұлтқа тән тиянақты формасы, сақталған этностық мәдениеттік салт-дәстүрінде, халықтық және көркем шығармашылықта сақталған білім мен тәрбие дағдысының жинағы.
Этика (грек. ethos – дағды, әдет-ғұрып) – зерттеу нысаны мораль, адамның мінез-құлқы болып табылатын ежелгі теориялық пәндердің бірі.


КІРІСПЕ


Зерттеудің көкейкестілігі. ХХІ ғасырда жоғары оқу орнында болашақ мамандар даярлау үдерісінде қоғамымыз жаңа міндеттер қойып отыр. Жаһандану кеңістігінде инновациялық технологияның алар орны ерекше. Осыған орай, бүгінгі студенттердің парасатты ойлау өнерін заманауи мүддесіне сәйкестендіру, унификациялау көкейкесті мәселенің өткірлігін көрсетеді. Біздер «технология» ұғымын «ойлау өнері» мағынасында ұсынып, оны парасатты іс-әрекет негізінде зерделеудің тиімді екенін байқадық.
Аталған проблеманы шешу үшін бүгінгі таңда жоғары оқу орны білімденудің жаңа технологияларын нәтижеге бағдарлау жүйесін әр мамандыққа бағыттап құруы көзделеді. Оқытудың жаңа технологиясын саралау білім мазмұнының ерекшелігін, мәнін, мазмұнын, ықтимал жауаптарын студенттердің ойлау өнеріне түрткі болар жағдайда қарастырылады. Соңғы жылдары оқытудың білім беру технологиясына қатысты педагогика ғылымына қарқынды түрде жаңа ұғымдар енгізілуде. Білім беру технологиясының даму тарихы, оның кезеңдері отандық және жаһандық ғылым жетістіктерінің ішінде әлемдік көрнекті ғалым-зерттеушілерінің еңбектерімен тығыз байланысты болып отырғанын зерттеу барысында аңғардық.
Қазақ халқы ойшылдарының парасатты іс-әрекетке, ойлау өнерін шарықтау шегіне жеткізу тұрғысында қарастырған еңбектері айтарлықтай: Әбу Насыр әл-Фараби [1], Ж. Баласағұни [2], Қ. Ясауи [3], А. Құнанбайұлы [4], Ы. Алтынсарин [5], А. Байтұрсынов [6], Ж. Аймауытов [7], М. Жұмабаев [8], Мәшһүр-Жүсіп Көпеев [9], Ш. Құдайбердиев [10] т.б.
Ж. Аймауытов «Психология» деген оқулығының екінші бөлімінде оқыту, білім мазмұны сияқты нысандарға ғылыми тұрғыда тұжырымдар жасаған. Анықтап айтсақ, парасатты іс-әрекетті «жұлма жад» сыңайында зерделеп: ілтипат, мүдде, перцептив, апперсепсе, феноменін табу, ассоциативті бағамдау, пайымдау, түйіндеу деген ұғымдармен анықтаған.
Интеллектуалды ұлт құрау мәселесін шешуде біздер Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың [11] «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық проектісіндегі мақсатын, жан-жақты дамыған білімді, мәдениетті, отаншыл, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру секілді іс-әрекеттерге басымдық берудің қажеттілігін түсінеміз. Соның ішінде, «интеллектуалды ұлт» проектісінің екінші аспектісі – ғылым саласын дамыту мен еліміздің ғылыми потенциалын арттыру дегенде парасатты ойлау өнерінің атқарар рөлін бағамдаймыз.
Интеллектуалды ұлт құрау үдерісінде студенттердің ойлау өнерінің басымдықта келуін қадағалау деген тұжырым жасаймыз. Өйткені студенттер – біздің болашақ ұлт құраушы тұлғалар. Парасатты ойлау өнері аталған проектінің аспектілеріндегі: 1) терең білімді игеруге; 2) кәсіби алғырлыққа; 3) жоғары біліктілікке; 4) ұлттық мүддеге қызмет етуге; 5) ел алдындағы парыз ұғымына сүйенуге; 6) обал мен сауапты ескеруге; 7) рухани құндылықтарды кәсіби құзыретіне сәйкес сұрыптауға; 8) жасампаздыққа; 9) заманның озық технологияларын пайдалануға; 10) индустриялдық өркендеудің ақпараттық өрлеуіне; 11) жаңа философиялық пайымдамаға; 12) ділі және рухы биік кемелді болуға мүмкіндік жасайды. Жолдан таймай бүкіләлемдік елдердің қатарынан орын тебуге аталған тұғырлы 12 сапалық көрсеткіштердің индикаторы функционалды сауаттылық дер едік.
Біздер функционалдық сауаттылықты орфографиялық, фонологтық, сөйлесім, айтылым, жазылым тұрғысындағы сипатын айтып отырғанымыз жоқ. Функционалдық сауаттылық – кәсіби құзыреттілікті ілгерілету дегенмен түсіндіріледі.
Жоғарыда келтіріліп өткен интеллектуалды ұлт құраудың тірегі студенттің парасатты ойлау өнерін меңгеруге тиісті кәсіби құзыретін ұдайы арттыруына қозғаушы күш болуын жүзеге асырмақ.
Ресей ғалымдарының ішінде ойлау мәселесін алға ілгерілетушілер: С. Л. Рубинштейн [12], Л. С. Выготский [13], П. Я. Гальперин [14], А. Н. Леонтьев [15], Б. П. Есипов [16] т. б. Аталған зерттеушілердің еңбектерінде ойлау өнеріне қатысты таным теориясын терең зерттеп, дүниетанымның сыртқы сезім мүшелеріне байланыстылығын айқындаған. Өйткені, түйсікте болмаған нәрсе ойда болу мүмкін емес; ғылымның ақиқаттылығы мен анықтылығы тек сезім арқылы дәлелденеді; түйсік дегеніміз адал жетекші және зейін; сезім мүшелерімен қабылдаған нәрсе көпке дейін берік есте сақталады.
Еске сақталатын нысандар, былайша айтсақ, білім мазмұнының рухани құндылығы бүгінгі мемлекеттік сұранымға, тапсырысқа тірек боларлық сапада келуіне біздер басымдық береміз. Оның себеп-салдары сананы өте тиімді ұстанымда бағдарлау тек қана парасатты ойлау өнеріне бағынышты екені ескеріледі. Талданып өткен көрсетілген зерттеушілердің еңбектерін негізге алудағы мақсатымыз да осы.
Жоғары оқу орнына қатысты білім беру мен оқыту туралы ғылыми еңбектер жазған зерттеуші-ғалымдар: С. А. Архангельский [17], А. Д. Бондаренко [18], Қ. М. Нағымжанова [19], В. И. Загвязинский [20], Н. Д. Никандров [21], Б. А. Оспанова [22], Т. С. Садықов [23], А. Е. Әбілқасымова [24], И. А. Құдайқұлов [25], Н. Д. Хмель [26], Ғ. М. Кертаева [27], Н. Э. Пфейфер [28], Е. И. Бурдина [29], А. Л. Сейтешов [30], Е.Жұматаева [31] т.б.
Ойлау іс-әрекетінің танымдық қызметін жүзеге асыруға ерекше назар аударғандар: В. В. Трифонов [32], Г. А. Уманов [33], Қ. Б. Жарықбаев [34], Қ. Қ. Жампеисова [35], Н. Н. Хан [36], Р. М. Қоянбаев [37], И. Нугуманов [38], Е. Ө. Медеуов [39], Б. А. Әлмұхамбетов [40], О. Сәлімбаев [41] және т.б.
Мектепте білім беруді ізгіліндіру теориясы мен практикасын зерделеп, гумандық білім тағылымын жан-жақты зерттеген ғалым – А. А. Бейсенбаева [42].
Н. Д. Хмель [26,с. 53] кәсіби білім берудің теориялық негізін айқындап берді.
Болашақ кәсіби педагог-мамандарды жоғары оқу орнына даярлау мәселелерін қарастырған ғалым – Г. К. Ахметова [43].
Көпмәдени жеке тұлғаны қалыптастырудың психологиялық мәселелері, 12 жылдық білім беру тиімділігінің психологиялық мәселелерін; психология және психотерапия; ұстаздық кәсіби-жеке тұлғалық дамуы мәселелерін қарастырған ғалымдар – Б. А. Тургунбаева [44], Ә. С. Әмірова [45], Б. Қ. Әбдіғұлова [46], Ж. И. Намазбаева [47], С. М. Джакупов [48], Ф. Ш. Оразбаева [49], Ш. Б. Байнеш [50], А. К. Рысбаева [51], Б. С. Сарсекеев [52], Ш. Нургожина [53], О. С. Жубаева [54], А. Т. Чакликова [55].
Демек, талдау негізінде жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға жасалған талдау жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін өркендетудің қажеттілігі мен оның педагогика ғылыми тұрғысынан жүйелі зерттелмеуінің арасында қарама-қайшылықтар анықталды. Бұл қайшылықтардың шешімін іздестіру барысында зерттеу проблемасын анықтап тақырыпты «Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға себеп болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет