Зерттеудің мақсаты. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың педагогикалық негіздерін анықтаудың мазмұны мен әдістерін жасау.
Зерттеу нысаны. Жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні. Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру айқындалса, оның ұғымдық жүйесі ғылыми тұрғыда сұрыпталса, өрлеу заңдылықтары есепке алынса, қоғамның сұранымына сай педагогикалық негіздері құрылса, соның негізінде студенттерді жаңаша оқытудың технологиясы жасалса, бұл жағдайда болашақ мамандар өздерінің парасатты ойлау өнерінің субъектісі бола алады.
Зерттеудің міндеттері
Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерінің педагогикалық негізін айқындау.
Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың заңдылықтары мен қағидаларын жасау.
Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастырудың деңгейліктерін ашу.
Жоғары оқу орнында студенттердің парасатты ойлау өнерін қалыптастыру үдерісінде қолданылатын технологияларды ұсыну.
Зерттеудің жетекші идеясы: студенттердің парасатты ойлау өнерінің ғылыми негізінің саралануымен, оның қалыптасу үдерісін қамтамасыз етуімен, ғылыми тұрғыдағы жүйесін құруымен, мазмұны мен мәнін айқындауымен анықталды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: зерттеудің әдіснамалық ұстанымдарын, философиялық тұрғыда адамның танымдық қызметінің мәні туралы қағидаларымен, білім беру үдерістері мен жүйелерін құру теориясы туралы ережелерімен, ойлау өнерінің парасатқа бағдарлану Әбу Насыр әл-Фараби тұжырымдарымен, сондай-ақ, білім беру саласындағы тұжырымдамаларымен айқындалды.
Зерттеудің деректі көздері: парасатты ойлау, педагогика және психология, тұлғаның парасаттау іскерлігін өркендету, әдеби шығармаларды интерпретациялау, көлемді шығармаларды трансформациялау (Ж. Баласағұнның «Құтты білігі»). Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы», Қазақстан Республикасының 2005–2010 жылға арналған білім беруде дамытудың Мемлекеттік Бағдарламасы, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, автордың педагогикалық зерттеушілік іс-тәжірибесі.
Достарыңызбен бөлісу: |