Зоогигиена мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon жануар және hygieinos сау деген мағынаны білдіреді


Мал шаруашылығында емдәмдік азықтарды қолдану гигиенасы



бет22/23
Дата11.06.2016
өлшемі3.72 Mb.
#128241
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

5.7 Мал шаруашылығында емдәмдік азықтарды қолдану гигиенасы



Жұмыстың мақсаты: Емдәмдік азықтандыру тәртібі мен принциптерін зерттеу; емдәмдік заттар топтарымен, емдәмдік құралдарды қолдану рецептері және әдістерімен танысу.

Малды азықтандыру ережелерінің бұзылуы кезінде, оларға сапасыз азықтарды бергенде немесе қандай да бір ауруға шалдыққанда ауру малды сапалы азықтармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар оның жылдам жазылуына тырысу керек. Бұл үшін көбінесе емдәмдік азықтандыруды қолданады – бұл арнайы ұйымдастырылған ауру малды емдік немесе әлсіз малды сақтандыру мақсатында қоректендіру. Емдәмдік азықтандырудың мақсаты – ауру малдың жылдам жазылуына жағдай жасау, оның қоңдылығын, жұмысқа қабілетін және өнімділігін қалпына келтіру.

Емдәмдік азықтандырудың жалпы принциптері келесі ережелерден тұрады: 1 – рационға тек қана сапалы толық құнды азықтарды қосады; 2 – ағзаның қандай да бір функциясы бұзылған кезде сіңетін азықтарды ғана береді; 3 – емдәмдік азықтандыру жануарлардың түрлік, жастық және физиологиялық ерекшеліктеріне сай болуы керек; 4 – ауру малды емдәмдік азықтандырудан әдеттегі рационға ауру белгілері қайтқанда 7-10 күннен кейін ауыстырады.

Емдәмдік азықтандырудың әртүрлі тәртіптерін ажыратады: аш, жартылай аш, босаң, тітіркендіргіш.



Аш тәртіп рационнан азықтардың толық шығарылуын ескереді, бірақ міндетті түрде су беріледі (мысалы – алдыңғы қарындар атониясында).

Жартылай аш тәртіпті аш тәртіптен азықтанудың әдеттегі тәртібіне көшкенде 2-3 тәулікке тағайындайды. Ол асқазан - ішек жолдарының, бауыр, бүйректердің жіті ағымды аурулары кезінде тағайындалады.

Босаң тәртіп ағзаның қандай функциясы бұзылуына байланысты арнайы емдәм үшін негіз қызметін атқарады.

Тітіркендіргіш, немесе ынталандырушы тәртіпбұл жабыққан мүшелердің қызметін ынталандыратын емдәм. Белоктық емдәм күшейтілген азықтану қажет малдарға, көмірсутекті – малдың ауыр аурулары кезінде (пневмония, кетоздар, улану), концентратсыз - асқазан және ішек атониясында, гастриттер және гастроэнтериттерде, нефроздарда, гепатиттерде тағайындалады.

Мал ауруларын сақтандыруда және емдеуде арнайы даярланған емдәмдік азықтарды берудің маңызы зор. Олардың биологиялық құндылығы көптеген дәрумендер және ағза функциясын белсендіруге жағдай жасаушы басқа да биологиялық белсенді заттардың болуында.

Емдәмдік құралдарды шартты түрде келесі топтарға бөлуге болады:

1) зақымдалған мүше функциясын жақсартатын құралдар.

2) берілген ауру кезінде ағзада қандай да болмасын бір заттардың жетіспеушілігін толықтырушы құралдар.

3) Бүкіл ағза үшін профилактикалық және емдік құралдар.

Заттардың бірінші тобына пішенді, қылқанды тұнбаларды; жидектердің, шөптердің, тамырсабақтардың, қабықтың қайнатпаларын; спирттен жасалған сығындылар – аллилчеп , аллилсат және т.б. жатқызуға болады.

Екінші топқа ауру түріне байланысты әртүрлі құралдар жатады, мысалы, асқазан сөлі, сүрлем шырыны және басқалары.



Үшінші топ – бұл ацидофилды айран, ПАБК, АБК, жасанды уыз, лизоцим, жұмыртқа - қант қоспасы, адсорбенттер және сол сияқты азықтар мен құралдар.

5.7.1 Емдәмдік құралдардың сипаттамасы

Ацидофильді сорпа культурасы (АБК) – қанды-сарысу сорпасындағы ацидофильді бактериялардың тірі культурасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу және емдеу үшін қолданылады.

Пропионды - ацидофилды сорпалық культура (ПАБК) құрамында В және басқа да топ дәрумендері бар. В тобы гиповитаминоздарынан және асқазан - ішек ауруларынан сақтандыру үшін тағайындайды.

Жасанды сүт (ИМ) 1 л жаңа сауылған сүттен, 15 мл дәруменді балық майынан, 10 г ас тұзынан және 3 жас емдәмдік тауық жұмыртқасынан тұрады.

Ацидофилды айран (АП) жаңа туған бұзауларға емдік және профилактикалық мақсатпен азықтануға дейін бір сағат бұрын тағайындалады. Лизоцимді 1 бөлік тауық жұмыртқаларының ақуызына 5 бөлік 0,5 % ас тұзы ерітіндісін және 1|20 бөлік 10 % лимон қышқылы ерітіндісін қосып әзірлейді. Араластырудан және сүзуден кейін ерітіндіні 2–3 күннен артық сақтамайды. Дәрі бактерицидты және ынталандырушы әсерге ие. Қылқанды тұнбаны қарағай немесе шыршаның ұсақ бұтақтарын ұсақтап, ыстық суды (70 – 80 оС) 1:9 арақатынаста құйып, 5–6 сағат тұндыру арқылы әзірлейді. Гипоавитаминоздардан сақтандыру және оларды емдеу үшін тағайындайды. Емен қабығы қайнатындысын асқазан және ішектің қабынуы кезінде тағайындайды. 100 г жұқалап ұсақталған қабыққа 3 л су құйып, қайнауға дейін жеткізеді. Пішен тұнбасы. Сапалы және әртүрлі құрамды шөпті 3 – 5 см дейін ұсақтайды да, қайнатылған ыстық суды (70 – 80 оС) 1:6. арақатынасында құяды. Бір тәулік бойы тұндырады. Содан соң тұнбаны сығып, сүзіп тазартады және 70 – 80 оС температурада су моншасында 30 минут пастерлейді. 1 литріне 5 г есебінен тұз қосуға болады. Пішен тұнбасының емдік әсері минералды тұздармен, фитонцидтермен, дәрумендермен, ББЗ шартталады. Сүрлем шырыны. Сапалы, жақсы сүрлемді ұсақтайды, оған қайнатылған (70 – 80 оС) ыстық су 4-2:1 пропорцияда (200 г кесіндіге 50-100 г су) құяды. Араластырады, су моншасында 30 минут тұндырады, содан соң суытып, 3 қабатты дәке арқылы сығады, пастерлеп шөлмектерге құйып, сургучпен тығындап тастайды. Оның 1 л сұйығында 20 мг каротин, 20 г шикі протеин, 1 % сүт қышқылы, С дәрумені, минералды тұздар болады. Сұлы киселі. Сұлы ұнына 100:250, арақатынасында су, құяды, араластырады да жарты сағат тұндырады, дәке арқылы сүзіп, тұз қосады (5 г тұз 1 л) және қоюлануға дейін араластыра отырып қайнатады. Сұлы киселінің қаптаушы және жұмсартатын әсері бар, қоректік құндылығы және сіңімділігі жоғары болады. Жасанды сүтті жазба бойынша даярлайды: беті алынған сүт –80 %, өсімдік майы –15 %, өсімдік майын тазарту қалдықтары –5 %, А дәрумені – 30 мың МЕ, Д дәрумені–10 мың МЕ, тұзқышқылды биомицин – 50 мг (дәрумендердің және биомициннің мөлшері 1 кг алмастырғышқа есептелген).

Бақылау сұрақтары

1 Малдарды азықтандырудағы қатаң азықтардың гигиеналық маңызы.

2 Қатаң азықтың сапасыздығына қандай себептер алып келеді?

3 Қатаң азықты бұзылудан және қоректік заттарының жойылуынан қалай сақтау керек?

4 Шөпке қойылатын МЕМСТ талаптары.

5 Қатаң азықтармен улану себептері және олардың алдын алу шаралары.

6 Малдарды азықтандырудағы шырынды азықтардың гигиеналық маңызы.

7 Шырынды азықтардың сапасыздығының белгілері және олардың себептері.

8 Жануарлардың картоппен, картоп сабағымен, картоп қойырптпағымен улану механизмі. Бұл уланулардан сақтандыру шаралары.

9 Шошқалардың пісірілген қызылшамен, қызылша сабағымен улану себептері. Сақтандыру шаралары.

10 Әлсіз дәрежеде зеңмен зақымдалған азықтарды қалай залалсыздандыру қажет?

11 Малдарды азықтандырудағы концентрлі азықтардың гигиеналық маңызы.

12 Концентрлі дәнді азықтарға қойылатын МЕМСТ талаптары.

13 Дәнді азықтардың сапасыздығына қандай себептер алып келеді?

14 Дәнді азықтарды зақымдайтын қамба зиянкестері.

15 Дәнді азықтардың басынан және сақтауда саңырауқұлақтармен зақымдалуы.

16 Малдарды азықтандырудағы ұнды азықтардың гигиеналық маңызы.

17 Ұнды азықтарға қойылатын МЕМСТ талаптары.

18 Ұнды азықтардың сапасыздығына қандай себептер алып келеді?

19 Ұнды азықтарды зақымдайтын қамба зиянкестері.

20 Ұнды азықтардың саңырауқұлақтармен зақымдалуы.

21 Жиналған азықтарда қандай саңырауқұлақтар тоғышарлық етеді?

22 Тірі өсімдіктерде қандай саңырауқұлақтар тоғышарлық етеді?

23 Қандай азықтар микробтық ластануға бейім?

24 Саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтардың улылығын анықтау әдістері.

25 Микоздар мен микотоксикоздар деген не? Мысал келтіріңіз.

26 Саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды залалсыздандыру.

27 Саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтардың жануар ағзасына әсері.

28 Саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтарды пайдалану.

29 Азықтарды жинауға, сақтауға, тасымалдауға қойылатын талаптар.

30 Азықты саңырауқұлақтармен және микробтармен ластанудан сақтандыру шаралары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет