Жұмыстың мақсаты: Шырынды азықтардың сапалылығын бағалау әдістерімен танысу; Сүрлем мен тамыржемістердің сапасын органолептикалық және зертханалық бағалауын жүргізу.
5.2.1 Сүрлем мен пішендеменің орта сынамасын алу
Сүрлем мен пішендеме сынамасын біртекті шикізатпен толтырылған сақтау орынынан (траншеялар, шұңқырлар, мұнаралар) алады. Егер сүрлем немесе пішендеме біртекті емес өсімдіктерден дайындалса, онда орта сынамасын траншеяның ¼ көлемін алып жатқан шикізаттың әрбір түрі үшін құрастырады.
Талдау үшін сынаманы траншеядан жануарларды азықтандыруға 10 күн, мұнарадан – 5 күннен кешіктірмей, бірақ сүрлем (пішендеме) сақтауға қойылуынан және консервілену үрдісінің аяқталуынан 4 аптадан ерте емес алады.
Траншея мен мұнаралардан сынама алу үшін әртүрлі конструкциялы қол сынама алғыштарын қолданады.
Траншеялардан сынаманы 2 м кем емес тереңдікте сүрлем немесе пішендеменің қабаты 2 ден кем болған жағдайда сынаманы қабаттың бүкіл тереңдігінен алады. Мұнарадан сынаманы алдымен жоғарғы 2-метрлік қабатынан, ал ойып алғаннан кейін– пішендеменің қалған бөлігінен 2 м кем емес тереңдікте алады.
Траншеялардан үш нүктелі сынама алады, біріншісін құрылыстың беткі қабырғаларынан 5 м ара қашықтықта еңкейген бөлімінің біреуінен ортасынан алады; екіншісін– тік қабырғалы траншеялардан 0,5 м қашықтықта, ал еңкейген қабырғалы траншеяларда қабырғаларының бірінен 1 м қашықтықта ортаңғы бөлігінде траншеяның ұзындығымен; үшіншіні траншея ортасынан алады. Сүрлемнің (сенаждың) әрбір нүктелі сынамасын полиэтилендық пленкадан жасалған бөлек пакеттерге орналастырады.
Траншеялардан алынған сүрлем мен пішендеме сынамаларын араластырады да квадратты бөлу әдісімен азықтың бір бөлігін талдауға алады (1 кг шамасында).
Тығыз полиэтилендық пленкалы пакетке немесе герметикалық жабылатын қақпақты банкілерге орналастырылған сүрлем (сенаж) сынамасына 1:1. арақатынаста 5 мл хлороформ мен толуол қоспасын қосады. Консервантты сынаманың үстіңгі жағынан, ортасына және түбіне енгізеді. Сынамасы бар пакетті ауасын алдын ала ығыстырып байлайды, банкілер азықпен толық толтырылған болуға тиісті.
Сүрлем (сенаж) сынамасы зерттеуге алынған сәтінен кейін 24 сағат ішінде түсуге тиісті. Талдау басына дейін сынамаларды мұздатқышта сақтайды.
5.2.2 Тамыржемістердің орта сынамасын алу
Тамыржемістердің құрамы және сапасы тамырдың мөлшеріне тәуелді болады. Сондықтан талдауға арналған орта сынамаға партиядан ірі, орташа және ұсақ тамырларды пропорционалды алады, мұнда алдымен тамыр жемістердің әрбір партиясынан бастапқы үлгі алады.
Қызылшаны үйінді асытнда сақтағанда үлгі ретінде әртүрлі қабаттардан (жоғарғы, ортаңғы, төменгі) тамырлардың шамамен келесі өлшемін: 200 кг – 10 кг, 201 ден 500 кг – 20 кг, 501 ден 1000 кг – 30 кг және партиядан 1001 ден 5000 кг – 60 кг алу керек. Орта сынаманың салмағы бастапқы үлгі салмағынан 10% кем болмауы тиіс.
Көлемі әртүрлі тамырлардың сапасын зерттеу үшін ашылған бурттардың әр түрлі жерлерінен қатарынан 100–150 тамыр алады. Оларды топырақтан тазалайды және ірі, орта және ұсақтарға сорттайды. Әрбір топтың тамырларын өлшеп, олардың арақатынасын анықтайды. Бастапқы үлгіні 10–12 есеге, бірақ орта сынамадағы ірі, ұсақ және орта тамырлардың арақатынасы бұрынғыдай қалатындай етіп азайту қажет. Зерттеуге 6 – 8 кг тамыр алады.
Зерттеуге дейін тамыр жемістердің дымқылдығын төмендетпеу үшін, оларды полиэтилен пакеттерге салады, немесе жәшікке орау кезінде олардың айналасын дымқыл мүкпен немесе ағаш үгіндісімен қымтайды.
Картоптың орта сынамасын алу кезінде суырмалар саны оның жалпы санына тәуелді болады. Картоп партиясының кез келген көлікпен түсуі кезінде орта сынаманы әрбір транспорттық бірліктен алады. Бөлек суырмаларды үйіндінің ені, ұзындығы және биіктігі бойына әр түрлі жерінен және қабатынан (жоғарғы, ортаңғы, төменгі) әр түрлі аралықта алады.
Картоп ақтара тиеп сақтау кезінде, сонымен қатар қамбаларда, бурттарда, траншеяларда жеке суырманы ағаш немесе дөңгелекті күректермен алады. Әрбір суырма – 3 кг кем емес, ал салмағы 60 кг және жоғарырақ картоп партиясынан –10 кг кем емес.
Партияның әр түрлі жерінен алынған картоптың жеке суырмаларын арластырады да, орта сынаманы алады. Егер соңғысы өте үлкен болса, онда мұқият араластырудан кейін зерттеу үшін 4–5 кг салмақты үлгі алады.
5,2,3 Сүрлем сапасын органолептикалық бағалау
Сапалы сүрлемнің түсі сарғыш - жасыл немесе ашық - қоңыр түсті. Салқын тәсілмен даярланған жеткілікті дымқыл сүрлемнің түсі жасылдау болады. Ыстық сүрлегенде азық қоңыр түске ие болады. Бүлінген сүрлемге күңгірт - қоңыр түс тән.
Сапалы сүрлемнің иісі жағымды, сәл қышқыл, хош иісті суланған алманың иісін, нәрсудың (компот), квастың, тұздалған қияр иісін еске түсіреді. Сірке қышқылы көп жиналғанда иісі өткір, қышқыл. Жағымсыз көң иісі май қышқылының жоғары мөлшерін білдіреді. Сонымен қатар оны егер сүрлем сынамасын саусақ арасында ұнтақтаса, (жағымсыз иіс ұзақ сақталады) сезуге болады. Сүрлемде май қышқылының анықталуын төмен сапаның көрсеткіші деп қарайды. Зең саңырауқұлақтары борсыған иісті береді. Мұндай сүрлеммен малды азықтандыруға болмайды.
Сапалы сүрлемнің консистенциясы мен құрылымы бастапқы шикізаттағы сияқты сақталуы керек. Сүрлем шырышты, мыжылған болмауы керек. Жапырақтары, сабағы серпімді, бір бірінен жеңіл бөлінеді. Жапырақтардың, сабақтардың шамадан тыс жұмсаруы, оларда шырышты, езілген қабаттың болуы – ашу үрдістерінің дұрыс өтпеуінің белгісі.
5.4.4 Сүрлемді зертханалық талдау
Шіруге сынау. Сүрлемнің шіруін онда аммиактың болуы көрсетеді. Бос аммиакты анықтау үшін кең шыны түтікке бір бөлік тұз қышқылдың (үлес салмағы 1,19), үш бөлік 960 спирт және бір бөлік эфирден тұратын 1-2 мл реактив құяды. Бұл реактивті көп рет қолдануға болады. Шыны түтікті төменгі жағы иілген сым жүргізілген тығынмен жабады. Бұл соңына кішкентай кесек сүрлем азығын бекітеді де шыны түтікке құйылған реактив бетінен 2 см ара қашықтықта болатындай етіп түсіреді. Бос аммиак болса, кесек жанында хлорлы аммонийдың шағын бұлты немесе одан ақшыл тұман түзіледі.
Сүрлемнің ластануын анықтау. Егер сүрлем мал экскременттерімен ластануға даярлау кезінде, дәл осылай сүрлем құрылысында да душар болса, онда бос аммиактан басқа хлоридтер және күкірт қышқылының тұздары табылады. Хлоридтерді анықтау үшін 10 мл фильтратты (даярлауды төменнен қараңыз) бірнеше тамшы азоттық қышқылымен қышқылдандырып, азотқышқылды күміс ерітіндісінің 10 тамшысын қосады. Хлоридтердің болуын ақ ірімшікті тұнба көрінуінен біледі. Күкірт қышқылының тұздары мөлшеріне зерттеу кезінде 10 мл фильтратты 5 тамшы 1:3 сұйылтылған тұз қышқылымен қышқылдандырып, 10 тамшы 10% хлорлы барий ерітіндісін қосады. Ақ лайдың пайда болуы сульфаттардың болуын көрсетеді.
Фильтрат даярлау: 100 г ұсақтап туралған сүрлемді өлшемді литрлік колбаға орналастырады, 3/4 көлемге дистиллденген су қосып, мұқият шайқайды, белгіге дейін суды үстеп құяды. Колбаны 4 сағатқа 20-250 температурада қалдырады да, оқтын-оқтын сілкіп отырады.
Жалпы қышқылдықты анықтау. 100 мл фильтратты (даярлануын жоғарыдан қараңыз) колбаға орналастырады да оған 5 тамшы 1%- фенолфталеиннің спирттік ерітіндісін қосады. 1 н күйдіргіш натрий немесе калий ерітіндісімен титрлейді. Сүрлемнің қышқылдығын градуспен көрсетеді, градус деп 100 г сүрленген азықтың су экстрактісін бейтараптауға қолданылған 1 мл сілтінің қалыпты ертіндісін есептейді.
5.4.5 Тамыржемістер сапасын бағалау
Органолептикалық бағалау. Тамыржемістерді органолептикалық бағалауда оның түсіне, сорттылығына, ірілігіне, тазалығына, жиырылуына, механикалық зақымдар және бұзылу белгілерінің (өніп кету, үсу, көгеру, шіру және т. б.) болуына назар аударады.
Зертханалық талдау. Зертханалық бағалауда картопта соланинді және піскен қызылшада нитриттерді анықтау маңызды болады.
Соланин – картоптың өнген және жарыққа көгерген түйнектерінде жиналатын улы зат. Оны анықтау үшін түйнектен қалыңдығы төбесінен түйнек жартысына дейін, көлденең және көзшелерінің жанынан 1 мм болатын бірнеше пластинка кесіп алады. Картоп пластинкаларын Петри табақшасының қақпағына қояды да, алдымен 80-90 %- ды сірке қышқылын содан соң, концентрлі күкірт қышқылын, бірнеше тамшы 5 %- ды сутегі асқын тотығын тамшылатып қосады. Соланин болса, қызылға боялады, соланин мөлшерін оның қоюлығынан байқауға болады.
5.4.6 Қызылшадағы нитриттерді анықтау. Қызылшаның жас тілігінің бетіне бірнеше кристалл дифениламинді салып, оларды шыны таяқша арқылы бірнеше тамшы концентрлі күкірт қышқылымен ылғалдайды. Тілік бетінің қою көк түске боялуы нитриттердің көп мөлшерін, ал қызғылт түс – олардың аздаған мөлшерін, ал боялмауы –нитриттердің өте аздаған мөлшері барлығын көрсетеді.
41-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу
Көрсеткіштер
|
Азықтар
|
Сүрлем
|
Пішендеме
|
Қызылша
|
Картоп
|
Қойыртпақ
|
Қыспақ
|
Түсі
|
|
|
|
|
|
|
Иісі
|
|
|
|
|
|
|
Құрылымы
|
|
|
|
|
|
|
Ластануы
|
|
|
|
|
|
|
Шіруге сынама
|
|
|
Х
|
Х
|
Х
|
Х
|
Қышқылдылығы
|
|
|
Х
|
Х
|
|
|
Соланин мөлшері
|
Х
|
Х
|
Х
|
|
Х
|
Х
|
Нитриттер мөлшері
|
Х
|
Х
|
|
Х
|
Х
|
Х
|
Достарыңызбен бөлісу: |