Зоогигиена мал денсаулығын сақтауға бағытталған ғылым. Себебі оның атауы грек сөздерінен алынған: zoon жануар және hygieinos сау деген мағынаны білдіреді


Дәнді азықтарды зоогигиеналық бағалау



бет18/23
Дата11.06.2016
өлшемі3.72 Mb.
#128241
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

5.3 Дәнді азықтарды зоогигиеналық бағалау



Жұмыстың мақсаты: Әртүрлі дәнді азықтардың сапасын зертханалық талдау және органолептикалық бағалауды жүргізу.

5.3.1 Дәнді азықтардың орта сынамасын алу

Дәндерді қоймаларда үйіндімен сақтау кезінде одан суырма алу үшін вагондық қуыс бұрғыны қолданады. Бір жолғы сынама алар алдында қоймадағы дәндердің бүкіл бетін әрбіреуі 100 м² ауданды секцияларға бөледі. Дәндерді суырып алуды әрбір секцияның 5 нүктесінде (ортада және бұрыштағы 4 нүктеден) келесі секцияның шекарасынан 1 м қалдырып алады. Әрбір 5 нүктеде бір жолғы сынаманы жоғарғы (10 – 15 см тереңдікте), ортаңғы және төменгі қабаттардан алады. Әрбір секциядан алынған дәннің жалпы салмағы 2 кг құрауы тиісті.

Автокөліктерден дән сынамаларын қуыс бұрғымен кузовтың төрт нүктесінде (беттен және төменгі қабаттардан немесе бүкіл үйінді тереңдігінде) алады. Суырмалардың жалпы салмағы 1 кг кем болмауы тиісті.

Қаптарға салынған дән суырмаларын қуыс бұрғымен үш жерден алады: үстінен, ортасынан және төменнен. Сынама алынатын қаптардың саны партияның мөлшерден тәуелді болады: 10 қапқа дейін – әрбірдің екіншіден; 10 нан 100 қапқа дейін – 5 қап + партиядағы қаптардың санының 5 %; 100 қаптан жоғары – 10 қап +партиядағы қаптардың санының 5 % алады.

Әрбір партиядан алынған дәндердің сынамасын қарайды және салыстырады. Егер дән біркелкі болса, онда барлық суырмалардан оны таза ыдысқа себеді. Бұл бастапқы үлгіні құрайды. Бастапқы үлгінің үлкен салмағында бүкіл дәнді тегіс бетті үстелге шашады, оны шаршы түрінде орналастырады және үш қайтара арластырады. Араластырудан кейін бастапқы үлгіні тегіс қабат етіп шаршы түрінде қайтадан орналастырады және қиғаш сызық бойымен төрт үшбұрышқа бөледі. Екі қарама-қарсы тұрған үшбұрыштан дәнді лақтырып тастайды, ал екі қалған үшбұрышты қайтадан араластырады және тағы үшбұрыштарға бөледі. Осылайша шамамен 2 кг дән қалғанша істейді де орта сынаманы құрастырады.

5.3.2 Дәнді органолептикалық бағалау

Дәннің түсін күңгірт қағазда шашыраңқы жарықта жарық күн сәулесінен алыста күндіз анықтайды.

Қалыпты сапалы дәннің түсі түрі мен сортына байланысты ашық - сары, сары немесе күңгірт - сарыға боялады және өзіне тән жарқылы болады. Суланған дән күңгірт бетті сұрлау немесе қоңыр түске ие болады. Сұлы қабыршақтарының жасыл түсі оның піспегенін көрсетеді.

Иісін дәндердің аздаған мөлшерін алақанға салып, деммен жылыта отырып анықтайды. Иісті дәнді 600 температуралы суы бар стаканға салып, шыны астында 2-3 минут ұстап, содан соң суды төгіп тастап анықтауға болады. Сапалы дәннің өзіне тән иісі болады. Дәнде ұзақ сақтау кезінде шіру бактериялары дамиды да, оған қамбалық иіс береді. Егер дән аз зақымдалса, оны сапалылығы төмендемейді, ал иісі желдетумен жойылады, егер дән терең зақымдалса, дән кетпейтін борсыған және шіріген иіске ие болады. Дәнде қаракүйе споралары болса, тұздалған балық иісі байқалады (триметиламин), дәндерді тышқан араласа– тышқан иісі пайда болады. Дәндерді қамба кенелері зақымдаса, ол «балды» иіске ие болады. Дән кез келген иістерді жеңіл қабылдау қасиетіне ие, сондықтан оны бөлек, өткір иісті заттардан (химреактивтер, жанар жағар материалдардан, дәрі-дәрмектерден) алыста сақтау керек.

Дәннің балғындығы. Балғын дәнде әрбір түрге тән қабыршақтардың жарқылы болады. Күңгірттігі, боялуының теңбілдігі, ұш жақтарының қарауытуы нашар жинауды, сақтауды және көгеру дамуын көрсетеді. Қабығының күңгірттенуі дәннің зиянды жәндіктермен зақымдалуында байқалады.

Дәннің дәмін әбден шайнап анықтайды. Балғын дәннің сүтті - тәттілеу дәмі болады және ауызда жабысады. Ұзақ сақталынған, сақтау кезінде бүлінген және бізтұмсықпен зақымдалған дән ащылау дәмге ие болады. Өткір, улы және шіріген дәмді дән малдарға беруге жарамсыз.

Ылғалдылық. Дәннің бүлінуі көбінесе оның жоғары ылғалдылығынан болады. Дымқыл дәнде органикалық заттардың ыдырау үрдістері жылдам жүреді, әртүрлі микроағзалар мен зең саңырауқұлақары жеңіл әрі қарқынды дамиды.

Дәннің шамалы ылғалдылығын дәнді қақ ортасынан кесу арқылы анықтайды. Құрғақ дәндердің жартылары ыршып түседі, ал қысқанда– жарылады (ылғалдылық 15 %). Дымқыл дән (20 %) пышақпен еркін кесіледі. 20 % жоғары ылғалдылықты дән кесу кезінде мыжылады.



5.3.3 Дәнді зертханалық талдау

Дәннің қабыршақтығы дәнінің толықтығын сипаттайды. Орта сынамадан 100 дәнді алады да суы бар стаканға орналастырады. Толық салмақты дәндер стакан түбіне шөгеді, пісіп жетілмеген, әлжуаз дәндер және олардың қабықтары (қабыршақтары) су бетінде қалады. Дәндердің қоректік құндылығы оның қабыршақтануының дәрежесіне тәуелді болады.



Абсолютті салмақ. Дәннің шағын сынамасын шыныға жіңішке қабатпен шаршы түрінде салып, қиғаш сызықпен төрт үшбұрышқа бөледі. Әрбір үшбұрыштан 250 дәнді санап алады (250 х 4=1000), өлшейді. Ең жақсы сапалы сұлының абсолютті салмағы –33 г , орташада –28-32 г , ең төменгі –25-23 г. Арпаныкі сәйкесінше –44 г, 38 г, 23-26 г болады.

Дәндердің натурасы дәннің 1- ші литрінің салмағымен анықталады. Ол дәндердің сапасын сипаттайды, натураның жоғарылауымен дәннің құндылығы артады. Алдын ала өлшенген өлшеу стаканына белгіге дейін 1000 мл дән салып, өлшейді.

Дәндердің қоқымдылығы. Дәнді азықтарға олардың қоректік құндылығын төмендететін, денсаулық үшін қауіпті болатын және сақтау кезінде бұзылуға ұшырататыын қоспалар жиі түседі. Арамшөпті (1-3 %), зиянды (2 %) дәнді (2-3 %) қоспаларды ажыратады. Арамшөпті қоспаға: сабан, ұнтақ, минералды қоспалар жатады. Зиянды қоспаға – улы өсімдіктердің: қастауыштың, қара күйенің тұқымдары, көгерген дәндер жатады. Дәнді қоспаларға басқа өсімдіктердің бүтін дәндері және негізгі өсімдіктің зақымдалған дәндері жатады.

Дәннің қоқымдылығы үлеске қатынасындағы пайызбен беріледі. Бұл үшін 100 г дәнді елеуіштер жинағы арқылы елейді, содан соң фракцияларды айырып, өлшейді. Қоспаның әрбір түрінің салмағы оның мөлшерінің пайызы болады.



Металл қоспалар дәнге жинау, сақтау, тасымалдау кезінде түседі және азықтармен жегенде малдарды ауруларға шалдықтырады. Темір қоспаларын бөліп алу үшін 1 кг дәнді 0,5 см көп емес қалыңдықтағы қабатпен тегіс үстелге жаяды. Таға тәрізді магнитпен дәннің үстінде ұзына бойымен, көлденең және қиғаш жүргізеді. Магнитке жабысқан темір бөлшектерін қағазға сыпырып түсіріп, өлшейді және пайызды мөлшерін анықтайды.

Дәндердің қышқылдығы. Дәндердің бүлінуі бос қышқылдардың бөлінуімен жүретіндігі анықталған. Дән неғұрылым көбірек бүлінсе, соғұрылым онда бос қышқылдардың үлкен мөлшері болады. Дәндердің қышқылдығы титрлеумен анықталады және градуспен беріледі. Қышқылдығы бойынша ыдырау дәрежесін, демек сапалылығын да бағалайды.

Қышқылдығы 3,5 - 4,5о болатын –бұзылу үрдісі басталды; 6,5о – дәнді сақтауға қауіпті; 7,5о – сақтауға шыдамайтын дән; 9,5о– дән мүлде бүлінген, азықтандыруға болмайды.

Қышқылдылықты анықтау үшін 5 г үгітілген дәнді сыйымдылығы 200 мл болатын колбаға салады. Содан кейін оған 40 мл дистиллденген су құйып, 2-3 минут бойы түзілген кесектерді шыны таяқшамен араластырып шайқайды. Алынған қоспаға 5 тамшы 1 %-ды фенолфталеин ертіндісін қосып, 0,1-н КОН немесе NaOH ертіндісімен 2 минут бойы жойылмайтын ашық қызғылт түс пайда болғанша титрлейді.

Сілтінің шығындалған мөлшерін (мл) 20-ға көбейтіп, 10-ға бөледі де, қышқылдық градусын алады.



Дәннің қамба зиянкестерімен зақымдалу дәрежесін анықтау.

Қамба бізтұмсығы. Бізтұмсықпен зақымдалған дәннің қоректік құндылығы төмен және мал ауруларын туғызады. Бізтұмсықты табу үшін 1 кг дәнді саңылау диаметрі 2,5 мм болатын електен өткізеді. Електен өткен бөлігін 10-15 минут қыздырады да қолмен тірі бізтұмсықтарды тереді. 1 кг дәнде 1-5 бізтұмсық табылса 1 дәрежелі, 6-10 бізтұмсық – 2 дәрежелі, 10 бізтұмсық – 3 дәрежелі зақымдалу деп есептейді.



Кенемен зақымдалуды алдын ала өлшенген сынамада (1 кг) анықтайды, оны диаметрі 1,5 мм болатын дөңгелек саңылаулы елек арқылы елейді. Елеуді үш қайтара жүргізеді. Електен өткен қалдықтарды 15 минут 20-300 температурада қыздырады, жұқа қабатпен шыныға немесе қара қағазға жаяды оны лупа астында 5-10 есе ұлғайтып қарайды. Кенелерді есептегенде зақымдалу дәрежесін анықтайды: 1 кг 20 кене– 1 дәреже, 20 кенеден астам – 2 дәреже, тұтас кене қабаты – зақымдалудың 3 дәрежесі.
42-кесте – Зерттеу нәтижелерін жазу

Көрсеткіштер

Дән түрлері













1

2

3

4

5

Түсі













Иісі













Балғындығы













Дәмі













Ылғалдылығы













Қабыршақтығы













Абсолютті салмағы













Натурасы













Қышқылдылығы













Қоқымдануы:













Дән қоспасы













42 кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

Топырақ қоспасы













Металл қоспасы













Қамба зиянкестерімен зақымдалуы
















Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет