\\Ъ 5 И. Нугыманүлы, Ж. Ә. Шоқыбаев


Химияның ауыл шаруашылыгында қолданылуымен таныстыру



бет140/162
Дата19.12.2023
өлшемі2.23 Mb.
#486989
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   162
Нұғманұлы учебник

Химияның ауыл шаруашылыгында қолданылуымен таныстыру. Химия ѳнімдерін молынан тұтынатын саланың тағы бірі



  1. ауыл шаруашылығы. Орта мектептің химия курсында қарастырылатын ауыл шаруашылығын химияландырудың негізгі бағыттары: минералды тыңайтқыштар қолдану; топырақтың химиялық мелиорациясы, ѳсімдіктерді зиянқестеріден химиялық қорғау; ѳсу стимуляторларын қолдану; ѳсімдіқ жэне жануар ѳнімдерін химиялық ѳңдеу.

Аталып ѳтқен бағыттардың ішіндегі ең негізгісі - минералды


тыңайтқыштар қолдану. Орта меқтепте минералды тыңайтқыштардың түрлері, құрамы, қасиеттері, алыну жолдары жэне маңызы арнайы тақырыпта қарастырылады. Оқушылар аммоний сульфатымен, аммоний нитраты, аммоний фосфаты, натрий нитраты, қалий нитраты, калий хлориді, фосфорит ұны, жай жэне қос суперфосфатпен, преципитат тыңайтқыштарымен танысады. Олардың құрамындағы кенеулі элементтердің массалық үлесін есептеп табады, тыңайтқыштарды ажыратып, тануға эксперимент есептерін шығарады.




Ең алдымен оқушылар тыңайтқыштардың ролімен танысады. Минералды тыңайтқыштардың жэне ѳсімдіктерді қоргау заттарының маңызын корсету үшін се.чекция стансаларында, дамыган жэне дамып келе жатқан елдердегі егіс ѳнімдерін салыстыруга болады:




Бидай

Күріш

Жүгері

1. Тэжірибе

(ц\га)

(ц\га)

(ц\га)







220

стансалары

140

140

2. Ѳнеркэсібі

23

59

58

дамыған елдерде

3. Даму

14

21




үстіндегі елдерде

13



318

Ғалымдардың ссептеулеріне қарағанда откен ғасырдың аяғында ауыл шаруашылығы ѳндірісінің деңгейін ѳнеркэсібі ѳркендеген елдердің дәрежесіне дейін жеткізу үшін минералды тыңайтқыштар ѳндіруді бес есе арттыру қажет болған. Кейбір есептеулерге қарағанда бір тонна тыңайтқыш астықтың эр геқтарынан 20 ц, қант қызылшасынан 75-100 ц, мақтадан 8-10 ц қосымша түсім алуға мүмкіндік береді. Мүндай сандық мэліметтерді пайдаланғанда мүғалімнің олардың үздіксіз ѳзгеріп отыратынын ескергені жѳн.

Минералды тыңайтқыштарды ѳндіру мәселесін қарастырғанда даму қарқынына, елкелік және жергілікті материалдарға назар аударылады. Минералды тыңайтқыштарды қарастырғанда, оларды ѳндірудің біздің елімізде ѳсу қарқынын ѳнеркәсібі күшті дамыған елдермен салыстырып кѳрсету оқушыларда үмытылмас эсер қалдырады. 1980 жылға дейін минералды тыңайтқыштарды ѳндіру дүние жүзінде 7,7 есе, ал Одақта 18 есе ѳсіп, тыңайтқыштар ѳндірудің жалпы кѳлемі жағынан дүние жүзінде бірінші орынға шыққан. Бүл саладағы Қазақстанның қосқан үлесін корсету үшін «Қазақстанда минералды тыңайтқыштар ѳндірісінің дамуы» деген сабақ немесе химиялық кеш откізген дүрыс.


Оқушылар минералды тыңайтқыштар алудың колемін арттырумен бірге сапасын жақсарту жоніндегі міндеттермен таныстырылады. Оларға жататындар: 1) тыңайтқыштағы ѳсімдіктерге қажетті қоректік заттардың мѳлшерін арттыру; 2) тыңайтқыштардың түрлерін молайту, жай тыңайтқыштар орнына аралас тыңайтқыштар ондіру. Олардың қүрамына кіретін қоректік элементтердің санын кѳбейту, микроэлементтермен және осу стимуляторларымен толықтыру; 3) тыңайтқыштардың қасиеттерін, тасымалдану түрлерін жақсарту.


Минералды тыңайтқыштар қолдану топырақтың химиялық қүрамын аиықтаумен қатар жүзеге асады. Минералды тыңайтқыштарды себу алдында топырақтағы азот, фосфор, калий жэне басқа қоректік элементтердің молшері, топырақтың қышқылдық, сілтілік немесе бейтарап қасиеттері анықталады. Топырақтың химиялық қүрамын жақсарту шаралары белгіленеді.





319

Ауыл шаруашылығын химияландыруда қолданылатын кең таралған химиялық енімдер - пестицидтер. Мұнда мынадай мәселеге назар аударылады. Эр түрлі аурулардың және зиянкестердің эсерінен ауыл шаруашылығы ѳсімдіқтерінің ѳнімі елеулі, дэліреқ айтқанда, үштен бірі азаяды. Қазір екпе ѳсімдіктердің 30 мыңнан астам ауру тудырушылары белгілі. Олардың 25 мыңы саңырауқүлақтар, 600-і қүрттар, 200-бақтериялар, 300-ге жуығы вирустар. Бидай мен күріштің эрқайсысының 100-ден, жүгерінің 50-ден астам ауру тудырушылары бар. Ѳсімдіктерді жинағанға дейін турлі ауру салдарынан 10-15% шығынға үшырайды. Ауру, зиянкес жэне арамшѳп үшеуінің бірлесе эсер етуінен 25-40% мѳлшеріне дейін ѳнім жоғалады. Бүған тасымалдау жэне сақтау кезіндегі шығындарды қосқанда 40-50 пайызға жетеді. Бұл айтылғандардан пестицидтерді, яғни ауру тудыратын зиянкестерді құртатын, арамшѳптердің ѳсуін тежейтін химиялық заттар қолдану қажеттігіне оқушылардың кѳздері жетеді.

Ѳсімдіктерді химиялық қорғау заттарының ішінде орта мектеп қурсында оқылатындары; тотияйын, гексахлоран, ДДТ, париж жасылы, бордосс сұйығы.


Тағы бір кѳңіл аударатын мәселе химия мал шаруашылығы ѳнімдерін арттыруға зор ықпалын тигізуде. Қосымша азықтандыру үшін азықтық ашытқылар, дэрумендер, антибиотиктер, мочевина жэне микроэлементтер кѳптеп ѳндіріледі. Мұнай комірсутектерінен алынатын ақуызды құрама жемнің эр тоннасы 3,5-5 т дэн үнемдейді.


Химия зауыттарында алынатын заттардың бірі - малға семірту үшін берілетін мочевина немесе карбамид, химиялық формуласы - (>Щ2)гС0. Оны аммиактың туындысы ретінде қарастыруға болады. Күйіс қайыратын жануарлардың қарнында карбамид пен кѳмірсулардан ақуыз жасап шығаратын бактериялар болады. Кѳмірсулар сүрленген шѳптерден немесе сабаннан, ѳсімдіктердің қалдықтарынан сіңіріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет