Қ азақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «talap» коммерциялық емес акционерлік қОҒамы


Академиялық дербестік кезінде ТжКБ ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру (125 Бұйрық)



бет33/131
Дата10.10.2022
өлшемі7.11 Mb.
#462285
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   131
ОӘК Кәсіптік білім беру педагогы

Академиялық дербестік кезінде ТжКБ ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру (125 Бұйрық)
Академиялық дербестік кезінде ТжКБ ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру үшін мынадай анықтамалар пайдаланылады:
- біліктілік емтиханы - теориялық және практикалық дайындықтың, тәжірибе мен құзыреттіліктің жеткіліктілігін объективті анықтауға, олардың талаптарға сәйкестігін бағалауға және біліктілік деңгейін тағайындауға мүмкіндік беретін рәсім;

  • біліктілік комиссиясы - техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді игеру қорытындылары бойынша жұмыс біліктілігін беру рәсімін жүргізу үшін құрылатын алқалы орган;

  • білім алушыларды аралық аттестаттау-білім алушылардың бір оқу пәнінің, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеу біліктілік емтиханы – теориялық және практикалық дайындықтың, тәжірибе мен құзыреттіліктің жеткілікті екендігін объективті айқындауға, олардың талаптарға сәйкестігін бағалауға және біліктілік деңгейін беруге мүмкіндік беретін рәсім;

  • біліктілік комиссиясы – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушыларына бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульді игеру қорытындылары бойынша жұмысшы біліктілігін беру рәсімін өткізу үшін құрылатын алқалы орган;

  • білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу сабағының, бір оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;

  • білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу сабақтарының, оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

  • білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау –оқытушының пәнді және (немесе) модульді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін жүйелі тексеруі;

  • дипломдық жұмыс (жоба) –білікті жұмысшыларды, орта буын, қолданбалы бакалавр мамандарын даярлайтын бағдарламалар бойынша білім алатын студенттердің өзіндік шығармашылық жұмысы;

  • қорытынды аттестаттау комиссиясы – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілеріне қорытынды аттестаттау өткізу үшін құрылатын алқалы орган;

  • оқу жетістіктерін бағалаудың балдық–рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған сандық эквивалентті әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтингін белгілеуге мүмкіндік беретін оқу жетістіктерінің деңгейін балмен бағалау жүйесі.

Білім алушылардың білімін бағалау сандық бес балдық жүйе бойынша жүргізіледі: (5-"өте жақсы", 4-"Жақсы", 3-"қанағаттанарлық", 2-"қанағаттанарлықсыз").
Балдық-рейтингтік әріптік жүйені қолдану кезінде білім алушылардың оқу жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары және құзыреттері) халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін 100 балдық шкала бойынша балмен бағаланады (оң бағалар, кему шамасына қарай, "А"-дан "D" - ге дейін, "қанағаттанарлықсыз" - "F") осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес 4 балдық шкала бойынша тиісті сандық эквиваленті бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет